Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 480 · қабылданған 13.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182895/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 480 ·13.06.2023
27.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 480 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
480
Қабылданған күні
13.06.2023
Көрсетілген редакция
27.05.2024 182895_705819.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032774
ЭКБ идентификаторы
182895
Редакция идентификаторы
182895_705819
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:23

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының ұсынылып отырған тізбесі бекітілсін, оларға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізіледі.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери - тергеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі:

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 480 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі:

1

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10761 болып тіркелген):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністері және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу органдарын ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН»:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық».
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру бойынша осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі - ҚК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және ІІО тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдары қызметінің тәртібін нақтылайды.»
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының жүйесін мыналар қалыптастырады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратында Тергеу департаменті (бұдан әрі – ТД) және аумақтық ІІО, онда басқармалар (өңірлік басқармалар), бөлімдер, бөлімшелер, топтар құрылады.»
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құзырет шегінде тергеу, анықтау бөліністері және әскери-тергеу органдарының қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қылмыстылықтың жай-күйі туралы деректерді кешенді талдау және әскери-тергеу органдары қызметінің нәтижелері негізінде тоқсандық жоспарлар әзірленеді. Оларға сәйкес жұмыстың тиімділігін арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауды арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, кемшіліктерді жою бойынша қызметте нақты өзгерістерге қол жеткізіледі.»;
4-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), желілік ішкі істер бөлімдерінде тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. ІІО басқа қызметтерінің басшылары мен қызметкерлеріне әскери-тергеу органдарының қызметіне араласуға, нұсқаулар және қабылданған шешімдерге баға беруге тыйым салынады.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Әскери-тергеу органдарының тергеушілері мен жедел қызметкерлерін олардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес тапсырмаларды орындауға тартуға тыйым салынады.»;

2

2. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15699 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:
7-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі немесе оны алмастыратын адам – әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне;».

3

3. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - ҰҰ) әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және сақтау тәртібін айқындайды.»;
2-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі»;
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. ІІО-ның әрбір қызметкері және әскери қызметшісінің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері) сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату оқу жылының нәтижесі бойынша жүргізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. ІІО қызметкерлері және әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО полиция, қылмыстық-атқару жүйесі және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру туралы актіде (бұдан әрі - ІІО актісі) көрсетіледі.»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату өлшемшарттары»;
3-параграф тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау»;
21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ІІМ орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, (Астана қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлеріне және олардың орынбасарларына, қызметкерлеріне және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне;
2-қосымшада:
Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру туралы акті».

4

5

5. «Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларына:
4-тармақ алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«басқа қызметтік қажеттілік жағдайларында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қызметтің осы бағытына жетекшілік ететін орынбасарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының, өңірлік әскери-тергеу органдары бастықтарының шешімі бойынша.».

6

6. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 779 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21650 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарына:
7-қосымшада:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттері әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметі туралы есебінде,
«02. Әскери-дәрігерлік комиссия жүргізген медициналық куәландыру жөніндегі мәліметтер» тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«
бө­лі­ні­стің ата­уы
жол­дың №
қыз­мет­ке кан­ди­дат­тар, адам
оқу­ға үміт­кер­лер, адам
бар­лық тір­кел­ген қо­ры­тын­ды­лар
оның ішін­де
бар­лық тір­кел­ген қо­ры­тын­ды­лар
оның ішін­де
жа­рам­ды
жа­рам­сыз
қо­ры­тын­ды тек­се­ру аяқ­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты шы­ға­рыл­ма­ған
жа­рам­ды
жа­рам­сыз
қо­ры­тын­ды тек­се­ру аяқ­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты шы­ға­рыл­ма­ған
ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша оқу орын­да­ры­нан қай­та­рыл­ды
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
по­ли­ция, оның ішін­де әс­ке­ри-тер­геу ор­ган­да­ры­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі
01
қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі
02
Ұлт­тық ұлан бар­лы­ғы
03
оның ішін­де мер­зім­ді қыз­мет­те­гі әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер
03.1
Х
Х
Х
Х
аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­ры, оның ішін­де әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер
04
про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры
05
сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­ме­та
06
Эко­но­ми­ка­лық тер­геу қыз­ме­ті
07
Бар­лы­ғы (01, 02, 03, 04, 05, 06, 07 жол­да­ры­ның со­ма­сы)
08
Кестенің жалғасы
қыз­мет­кер­лер мен әс­ке­ри қыз­мет­кер­лер, адам
бө­лі­ніс бой­ын­ша тір­кел­ген қо­ры­тын­ды­лар­дың бар­лы­ғы, бір­лік
бар­лық тір­кел­ген қо­ры­тын­ды­лар
оның ішін­де
жа­рам­ды, оның ішін­де әс­ке­ри қыз­мет­ке жа­рам­ды
әс­ке­ри есеп­тен шы­ға­ру­мен жа­рам­сыз
бей­біт уа­қыт­та әс­ке­ри қыз­мет­ке жа­рам­сыз, со­ғыс уа­қы­тын­да жа­рам­ды шек­те­улі
әс­ке­ри қыз­мет­ке шек­те­улі жа­рам­ды
тек­се­ру­ге (ем­де­у­ге), кей­ін­нен ку­әлан­ды­ру­ға жа­та­ды
10
11
12
13
14
15
16
«03. Медициналық куәландыру жүргізілген қызметкерлер мен әскери қызметшілер бойынша мәліметтер» тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«
бө­лі­ні­стің ата­уы
жол­дың №
әс­ке­ри есеп­тен жа­рам­сыз деп та­ны­л­ған; бей­біт уа­қыт­та әс­ке­ри қыз­мет­ке жа­рам­сыз, со­ғыс уа­қы­тын­да жа­рам­ды деп шек­тел­ген; әс­ке­ри қыз­мет­ке шек­те­улі жа­рам­ды деп та­ны­л­ған адам
3 жыл­дан аз қыз­мет ет­кен­дер және есеп­ті жы­лы со­зыл­ма­лы ау­ру­лар бой­ын­ша есеп­ке алын­ған­дар, адам
қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ат­қа­ру ке­зін­де мер­тіккен (жа­ра­қат ал­ған, жа­ра­лан­ған, кон­ту­зия ал­ған), ауыр­ған адам­дар, адам
бар­лы­ғы
оның ішін­де
бар­лы­ғы
в том чис­ле вра­чом пси­хи­ат­ром
3 жыл­дан аз қыз­мет ет­кен, бел­гі­лен­ген ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры неме­се қыз­мет­те бо­лу­дың шек­ті жа­сы жоқ
бел­гі­лен­ген ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры неме­се қыз­мет­те бо­лу­дың шек­ті жа­сы жоқ
А
Б
1
2
3
4
5
6
по­ли­ция, оның ішін­де әс­ке­ри-тер­геу ор­ган­да­ры­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі
01
қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі
02
Мер­зім­ді қыз­мет­те­гі әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­ден бас­қа, Ұлт­тық ұлан
03
аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­ры, оның ішін­де әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер
04
про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры
05
сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­ме­та
06
Эко­но­ми­ка­лық тер­геу қыз­ме­ті
07
Бар­лы­ғы (01, 02, 03, 04, 05, 06, 07 жол­да­ры­ның со­ма­сы)
08
Нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде осы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттері әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметі туралы есеп" нысанына қосымшада келтірілген (ІІМ Ф№7ЖҚ):»
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4-бағандардың 01 және 04 - жолдары бойынша қызметке, оның ішінде әскери қызметшілер (әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау органдары) лауазымдарына ресімделетін кандидаттар, 10-15-бағандар-қызметкерлер мен әскери қызметшілер ескеріледі.

7

7. «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 780 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21665 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу мерзімділігі туралы қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігі (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 11-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларының 2-тармағында көрсетілген адамдардың жекеленген санаттарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін медициналық қарап-тексеру тәртібін анықтайды.
Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері жатады.

8

8. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 781 бұйрығында(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21664 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне және құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне (бұдан әрі - контингент) ішкі істер органдарының әскери медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі - әскери қызметшілер) Ұлттық ұланның және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері жатады.

9

9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32048 болып тіркелген).
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларына:
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, әскери-тергеу бөлімшелерінің, әскери полицияның әскери қызметшілеріне, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтің ерекше жағдайы үшін үстемеақы мөлшері Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес белгіленеді.».

Қолданыстағы