Об утверждении Правил обеспечения государственных организаций здравоохранения медицинским оборудованием, изделиями медицинского и санитарно-гигиенического назначения и лекарственными средствами, закупаемыми централизованно за счет средств республиканского бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етудiң ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 21 қаңтардағы
N 63 қаулысымен
бекiтілген
Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етудiң ережесi
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен (бұдан әрi - тауарлар) қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгілейдi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын (бұдан әрi - ұйымдар) жарақтандыруға арналған тауарлар халықтың ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу мақсатында сатып алынады.
Тарау 2. 2-тарау. Ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету тәртiбi
2-тарау. Ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету тәртiбi
Тармақ 4
4. Ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету халықтың аурушаңдығының үрдiсi мен серпiнi, ауруларды диагностикалау мен емдеудiң озық әдiстерi, орын алған эпидемиологиялық ахуал ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жыл сайын, 1 мамырға дейiн ұйымдар тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органына (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi) есептi жылдан кейiнгi жылға арналған тауарларға қажеттiлiктi ұсынады.
Тармақ 6
6. Бұйымдардың тауарларға жалпы қажеттілiгiн қалыптастыру:
Тармақша 1
1) ұсынылған қажеттілiк деректерi;
Тармақша 2
2) тауарлардың өткен мерзiм ішінде нақты пайдаланылу мониторингi;
Тармақша 3
3) клиникалық сынақтар хаттамалары;
Тармақша 4
4) қолдану қауiпсiздiгi, пайдалану тиiмділігі және тауарлардың сапасы туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ұйымдарды қамтамасыз ету үшiн сатып алынатын тауарлардың номенклатурасы мен көлемiн тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген қаражат шеңберiнде бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсі бекiтедi.
Тармақ 8
8. Ұйымдарды қамтамасыз ету үшiн тауарларды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi жүзеге асырады. Бұл ретте тиiстi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар үшiн бiр тектес тауарларды мемлекеттік сатып алу жөнiндегi конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы болуға құқылы.
Тармақ 9
9. Ұйымдарды орталықтандырылып сатып алынған тауарлармен қамтамасыз eту ұсынылған өтінімдерге сәйкес бюджеттiк бағдарлама әкімшісiнің басшысы бұйрығының негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Конкурстардың жеңiмпаздары сақтау, тасымалдау, сақтандыру шарттарын және мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көздеген өзге де нормаларды сақтай отырып, тауарларды ұйымдарға жеткiзудi жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған тауарлар бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсi айқындайтын тәртіппен және нысанда есепке алуға жатады.
Тармақ 12
12. Тауарларды есепке алу, сақтау мен мақсатты пайдаланудың белгіленген шарттарын қамтамасыз ету жауапкершiлiгі ұйым басшысына жүктеледi.