Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Балхаш Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:
Тармақша 1
1) интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 60 (алпыс) теңге;
Тармақша 2
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.