Қолданыстағы ред. 22.12.2003

Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы от 22.12.2003 г. № 504 (Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы)

0

Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №N 442 II Жер Кодексінің 43 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес Бәйдібек аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрылсын.

2

2. Аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы және комиссия туралы ереже 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаевқа тапсырылсын.
КЕЛІСЕМІН:
Мұратбеков Қуандық Елемесұлы
Аудандық жер ресурстарын
басқару жөніндегі комитетінің
төрағасы 22 желтоқсан 2003 ж.
Арысбеков Тілес Ыбырайұлы
Аудандық тексеру комиссиясының
төрағасы 22 желтоқсан 2003 ж.
Сұлтанбек Жапбар
Аудандық экология инспекциясының
инспекторы 22 желтоқсан 2003 ж.

4. Жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы

Бәйдібек ауданы әкімиятының
"22" желтоқсан 2003 жылғы N 504
"Жер қатынастары жөніндегі комиссия
құру туралы" қаулысына N№1 қосымша
Жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы
Кенжебаев Садық Оңғарұлы аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Мұратбеков Қуандық Елемесұлы аудандық жер ресурстарын басқару
жөніндегі комитетінің төрағасы,
комиссия төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Арынбеков Тілес Ыбырайұлы аудандық мәслихат депутаты
Балтабек Қайранбекұлы аудандық тексеру комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша)
Сұлтанбеков Жапбар аудандық экология инспекциясының
инспекторы (келісім бойынша)
Тілеқабылов Әбілқасым аудандық құрылыс және сәулет
бөлімінің бас маманы

5. Жер қатынастары жөніндегі комиссия туралы ереже

Бәйдібек ауданы әкімиятының
"22" желтоқсан 2003 жылғы N 504
"Жер қатынастары жөніндегі комиссия
құру туралы" қаулысына N№2 қосымша
Жер қатынастары жөніндегі комиссия туралы ереже

1

1. Жер қатынастары жөніндегі комиссия Түлкібас аудандық әкімиятының қаулысымен құрылады.

2

2. Комиссия жұмысының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Жер Кодексі және басқа да жер қатынастарына байланысты Заңдары мен осы ереже болып табылады.

3

3. Комиссия аудандық өкілді органның депутаттарынан, жер ресурстарын басқару, сәулет және құрылыс жөніндегі атқарушы органдардың өкілдерінен және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссия құрамына енгізілетін басқа да адамдардан тұрады.

4

4. Комиссия жер мәселесі бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарап, жер учаскелерін жеке меншік және (немесе) пайдалану құқығын беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту жөніндегі қорытынды береді.

5

5. Жер учаскесіне құқық табыстау туралы өтініш түскен кезден бастап үш ай мерзім ішінде қаралып, аудан әкімиятының бекітуіне ұсынылады.

6

6. Комиссия қорытындысына комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.