О приписке граждан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды тіркеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы Заңының 29-бабына сэйкес "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 12, 28, 35 баптарын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы қаңтар-наурызда шақыру учаскелерінде 1987 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар әртүрлі себептермен бұрын тіркелмей қалған ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері тіркеу жүргізу үшін "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12, 35 баптарында қарастырылған тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" (Н. М. Шомбалов), "Облыстық білім басқармасы" (Н. К. Мухлисов), "Облыстық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемелері (М. О. Нүкенов) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. "Облыстық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж. Е. Аманбаев) азаматтарды тіркеу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландырудың шараларын қабылдасын.
Тармақ 5
5. Ақтөбе облыстық әскери комиссары (Т. Б. Еренчиев) 2004 жылғы 15 сәуірге дейін осы шешімнің орындалу қорытындысы туралы ақпаратты облыс Әкіміне ұсынсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.