О приписке граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды тіркеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы Заңының 29-бабына
сэйкес "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 12, 28, 35
баптарын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы қаңтар-наурызда шақыру учаскелерінде 1987 жылы
туылған азаматтарды, сонымен қатар әртүрлі себептермен бұрын тіркелмей
қалған ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері тіркеу жүргізу
үшін "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 12, 35 баптарында қарастырылған тиісті
шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" (Н. М. Шомбалов), "Облыстық білім басқармасы" (Н. К. Мухлисов), "Облыстық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемелері (М. О. Нүкенов) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. "Облыстық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж. Е. Аманбаев)
азаматтарды тіркеу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландырудың
шараларын қабылдасын.
Тармақ 5
5. Ақтөбе облыстық әскери комиссары (Т. Б. Еренчиев) 2004 жылғы 15
сәуірге дейін осы шешімнің орындалу қорытындысы туралы ақпаратты облыс
Әкіміне ұсынсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.