Об утверждении Положения об Агентстве по атомной энергии Министерства науки-Академии наук Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.08.1999 № 1197 қаулысымен. Ескерту. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.18. N 1197 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 18 ақпандағы N 125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 4, 52-құжат); "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi туралы Ережеге толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 қаңтардағы N 92 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж. N 5, 47-құжат); "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1395 қаулысымен бекiтiлген Объектiлер мен кешендердi салу, кеңейту, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделi жөндеуге арналған сәулет қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 46, 517-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-құжат).
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi (Ғылымминi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi) туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 шiлдедегi N 1182 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi (Ғылымминi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi) туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасында ядролық қарудың таралмауы режимiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады және атом энергиясының қауiпсiз пайдаланылуын реттеу саласындағы орталық мемлекеттiк орган функциясын орындайды.
Тармақ 2
2. Агенттiк өз құзыретiнiң шегiнде атом энергиясын пайдалану кезiнде қауiпсiздiктi реттеу жолымен иондаушы техногендiк және табиғи сәулелердiң халыққа және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсерiн болдырмау немесе төмендету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қарауындағы ядролық және арнайы аядролық емес материалдарға, қос пайдаланыстағы материалдар мен ядролық технологияларды мемлекеттiк бақылауды және оларды есепке алуды қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Агенттiк атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтi республика аумағында мемлекеттiк қадағалау мен реттеудi тiкелей және қадағалауындағы объектiлерде өзi тағайындайтын резидент инспекторлар арқылы, аумақтық органдар және қадағалау бағыттары бойынша мемлекеттiк инспекторларды бiрiктiретiн аймақтық инспекторлар арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде атом энергиясын пайдалану саласында қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық органдарының, ұйымдарының, лауазымды адамдарының және азаматтарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 5
5. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы туралы ереженi, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 6
6. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, банк мекемелерiнде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
Тармақ 7
7. Агенттiктiң құрылымын Агенттiк Директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал штат санын Ғылым министрi - Ғылым академиясының Президентi белгiлейдi.
Тармақ 8
8. Агенттiк аппаратын ұстауға кететiн шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясын ұстауға көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Тарау ii. II. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
II. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 9
9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары мыналар болып табылады: атом энергиясын пайдалану жөнiндегi барлық қызмет түрлерiн осындай қызметтi өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялау мен оны жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiктi қадағалау арқылы реттеу; ядролық қарудың тарауын болдырмау мақсатында ядролық материалдарды мемлекеттiк есепке алу мен бақылауды жүргiзу, ядролық материалдар мен технологиялардың, арнаулы ядролық емес материалдар мен қос пайдаланыстағы материалдардың экспорты мен импортына бақылау жасау; аварияға қарсы жоспарлауды бақылау және ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғауын ұйымдастыру.
Тармақ 10
10. Аталған мiндеттердi орындау үшiн Агенттiк: атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады және лицензияның қолданылу шарттарының заңдарға сәйкес орындалуын тексередi; ережелер мен нұсқауларды әзiрлейдi; атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызметте пайдаланылуы мiндеттi құжаттар тiзбесiн бекiтедi; басқа мемлекеттiк органдар әзiрлеген атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызметке қатысты құжаттарды келiседi; ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың құжаттар нормаларын, ережелерi мен қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады; ядролық объектiлер мен қондырғылардың олардың өмiрлiк циклының барлық кезеңдерiндегi қауiпсiздiгiн негiздеу үшiн материалдарды қарайды және келiседi; ядролық қызметтi жүзеге асыратын адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларды жұмысқа жiберу тәртiбiн белгiлейдi, және осы талаптардың орындалуына бақылау жасайды; ядролық материалдарға мемлекеттiк есеп жүргiзедi және оларды сақтау мен пайдалану кезiндегi физикалық қорғаныстың ұйымдастырылуына бақылау жасайды, осы саладағы халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл тәртiбiн белгiлейдi; ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету мен ядролық энергияны қауiпсiз пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асырады, МАГАТЭ-мен және атом энергиясын бейбiтшiлiк мақсатта пайдалану саласындағы басқа да халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады және үйлестiредi; ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар мен технологиялардың, қос пайдаланыстағы материалдар мен технологиялардың экспорты мен импортына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; авариялық байланысты ұйымдастырады, аварияға қарсы жоспарлауға бақылау жасайды, ядролық және радиациялық авариялар мен авариялық жағдайлар туралы мамандандырылған халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң қадағалау ұйымдарымен жедел ақпарат алмасады; реттеу және қадағалау қызметiне қажеттi зерттеу және ғылыми жұмысты жүзеге асырады, осы саладағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады; атом энергиясын қауiпсiз пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимiнiң шарттарын орындау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру бойынша нормативтiк құжаттар мен ұсыныстарды әзiрлейдi.
Тармақ 11
11. Агенттiк әкiмшілiк және қаржылық жағынан қызметi атом энергиясын дамыту мен пайдалануға байланысты өзге атқарушы органдарға, ұйымдарға тәуелсiз.
Тармақ 12
12. Жыл сайын Агенттiк Қазақстан Республикасының Үкiметiне атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң қауiпсiздiгiнiң жай-күйi мен өз қызметiн жүзеге асыруы туралы есеп бередi.
Тармақ 13
13. Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналарға: кез келген ядролық қызметтi инспекциялауға және бақылауға және осы мақсатта мұндай қызмет жүргiзiлiп отырған кез келген орынға кiруге, сондай-ақ қадағалау үшiн қажеттi өлшемдердi алуға, сынама жасауға және алуға, қадағалау жүргiзуге қажеттi аспаптар мен жабдықтарды орнатуға; ядролық қызметтi жүзеге асыратын кез келген заңды тұлғаны белгiленген нысандағы есептердi, сондай-ақ басқа да қажеттi ақпарат пен хабарламаларды беруге, қондырғыны пайдалану мен ядролық материалдарды бақылау жөнiндегi есепке алу және жедел құжаттамаларын жүргiзуге мiндеттеуге; келiсiм-шарттарды, жоспарларды, алаңды таңдап алу, ядролық қондырғы мен оның ғимараттарын, жабдықтарын жобалауға, жасап шығаруға және жаңартуға, оның сапасын қамтамасыз етуге немесе ядролық материалдарды, радиоактивтердi қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты олардың негiздемелерiн қоса алғанда, қажеттi ақпаратты алуға; ядролық және арнаулы ядролық емес материалдардың, ядролық технологиялардың, қос пайдаланыстағы материалдар мен технологиялардың экспорты мен импорты жөнiндегi қажеттi ақпаратты алуға; ядролық қондырғының бiр бөлiгi ретiнде жоспарланып отырған ядролық отынның немесе құрылғылар мен жабдықтардың Агенттiкпен келiсе отырып жасалуын талап етуге, лицензиясы бар тұлғаны Агенттiктiң отынның, осындай құрылғылар мен жабдықтардың жасалуына жеткiлiктi бақылау жасауына мүмкiндiк беруге мiндеттеуге; лицензия алуға өтiнiм берген тұлғаны Агенттiктiң қызметкерлерiне (инспекторларына) өтiнiмге сәйкес өтiнiм берiлген қызмет жүзеге асырылатын орынға кiруiн ұйымдастыруға мiндеттеуге; персоналға, халыққа немесе қоршаған ортаға тiкелей қауiп төндiретiн жағдайлар анықталғанда немесе егер қызмет осындай қауiп төндiредi деп күмәндануға негiздi себеп бар болса, осы әрекеттердi туғызған себеп жойылғанға дейiн қызметтi уақытша тоқтатуға немесе оны шектеуге; атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтiк актiлер немесе лицензия шарттары бұзылған кезде заңдарда көзделген басқа санкцияларды қолдануға; атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
Тармақ 14
14. Агенттiктiң бақылауындағы ұйымдар Агенттiктiң қызметкерлерiн (инспекторларын) объектiлердi тексеру кезеңiне уақытша қызметтiк үй-жайлармен, телефон байланысымен, арнайы киiммен және қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ оларды жұмыс орнына апару үшiн көлiкпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тарау iii. III. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
III. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Агенттiктi Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Директордың Агенттiк Директорының ұсынуы бойынша Ғылым министрi - ғылым академиясының президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 16
16. Агенттiк Директоры Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
Тармақ 17
17. Осы мақсаттарда Директор: орынбасары мен агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасында мiндеттердi бөледi; Агенттiк қызметкерлерiн қызмет тағайындайды және қызметтен босатады; Агенттiк қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза қолдану туралы шешiмдер қабылдайды; өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады; Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi.
Тармақ 18
18. Агенттiктi тарату мен қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.