Об учреждении грантов акима области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің гранттарын тағайындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабын басшылықққа ала отырып, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен салттарының дамуына ықпал ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлттық-мәдени бірлестіктердің басшыларына берілетін облыс әкімінің гранттары тағайындалсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы» ММ (Ж. Аманбаев) облыс әкімінің гранттарын (жүлде) тағайындау бойынша іс-шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстың ұлттық-мәдени бірлестіктерінің басшыларына берілетін облыс әкімінің гранттарын тағайындау бойынша қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 327 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Облыс әкімінің улттык-мәдени бірлестіктердің басшыларына берілетін гранттары туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің гранттары Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының мүшелеріне - облыста өткізілетін қоғамдық-саяси және мәдени шараларға белсенді катысатын, ұлтаралық келісімді нығайтуға, қоғамды біріктіруге және мәдениетті дамытуға, ұлттық дәстүрлерді, халықтардың салттарын насихаттауға, тілдерді дамытуға қомақты үлес қосатын ұлттық-мәдени бірлестіктердің басшыларына беріледі.
Тармақ 2
2. Гранттар жылына бір рет беріледі, олардың саны мен ақшалай мөлшерін Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы атқарушы хатшылығының жолдаухаты негізінде Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының Төрағасы - облыс әкімі жеке белгілейді.
Тармақ 3
3. Талапкерлер үшін мынадай құжаттар тапсырылады: мінездеме-ұсыным; талапкерді ұсынушы бірлестіктің басқарушы органының шешімі; талапкер толтырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-парағы; талапкерді ұсынушы қоғамдық бірлестікке облыстық әділет басқармасы берген мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.
Тармақ 4
4. Талапкерлерді ұсыну құқығына облыс аумағында соңғы үш жылда тұрақты жұмыс жасайтын ұлттық-мәдени орталықтар ие болады.
Тармақ 5
5. Гранттардың иегерлеріне белгіленген үлгіде куәліктер тапсырылады.