Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, ауданда туберкулезбен ауыратындардың өсуiне байланысты және аудандық атқарушы органдардың туберкулезбен күрестi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiріп отыру мақсатында аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi төмендегiдей құрамда құрылсын. Жакиев Қуандық Мешiтқалиұлы - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы; Ниязов Мәлiк Төресұлы - аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушiсi, Кеңес төрағасының орынбасары; Молданиязов Әлiбек Елеусiнұлы - аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегі бас маманы, хатшы. Кеңес мүшелерi: Аңшыбай Абай Кенжетайұлы - Бұлдырты ауылдық округінің әкімi; Бақтығалиев Сағидоқас Бисенғалиұлы - Сарой ауылдық округінің әкімi; Ғабдуллин Тұрар Хамзаұлы - Елтай ауылдық округінің әкімi; Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы - Жосалы ауылдық округінің әкімi; Дүйсенғалиев Асхат - аумақтық медициналық Ғабдылғазезұлы бiрлестiктiң директоры (келiсiм бойынша); Искалиева Өрiк Құсманқызы - аудандық өкпе аурулары ауруханасының бас дәрiгерi (келiсiм бойынша); Көлбаев Мақсот Зайдоллаұлы - Бұлан ауылдық округінің әкімi; Құтқожаев Жалғасқали Сарыұлы - Жымпиты ауылдық округінің әкімi; Қадыров Бақытжан Зиненұлы - Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімi; Қожиев Яхот Жақыпұлы - Қособа ауылдық округінің әкімi; Құрматов Хайролла Қайырбайұлы - аудандық iшкi iстер бөлімінің бастығы (келiсiм бойынша); Құбайысов Беркiн Айтқұлұлы - аудандық ауыл шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы (келiсiм бойынша); Қажиахметов Махмет Мүтиұлы - аудандық "Қайнар" газетінің редакторы (келiсiм бойынша); Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы - аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушiсi; Нысанғалиев Ерлан Беркiнұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушiсi (келiсiм бойынша); Нұрпейiсов Болат Ғұбайдоллаұлы - Аралтөбе ауылдық округінің әкімi; Оразов Сабыр - Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімi; Сәрсенбаев Аманжол - Алғабас ауылдық округінің әкімi; Хамза Рақымжан Орынбайұлы - аудандық бiлiм бөлімінің меңгерушiсi; Чукуров Нұрлан Дилмухамбетұлы - Жетiкөл ауылдық округінің әкімi; Шқанов Бекет Мағзомұлы - аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бекетінің бас дәрiгерi (келiсiм бойынша).
Тармақ 2
2. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесінің дербес құрамы мәслихат сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
Басқа 4. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімиятының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 21-7 қаулысына N 1 қосымша Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi аудан әкімияты жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады (бұдан әрi - Кеңес). Оның дербес құрамын аудандық мәслихаттың сессиясы бекiтедi.
Тармақ 2
2. Кеңестiң құрамына денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бекетінің, аудандық қаржы бөлімінің, аудандық iшкi iстер бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің, мал дәрiгерлiк, бiлiм беру, ақпарат қызметінің мамандары, ауыл әкімдерi кiредi.
Тармақ 3
3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:
Тармақша а
а) туберкулезбен күрестi ұйымдастырады;
Тармақша б
б) ауылдарда алдын ала тексеру жүргiзiп, жергiлiктi жердегi жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күрестiң жай-күйi туралы қатысты сала мамандары мен басшыларын тыңдайды.
Тармақ 4
4. Кеңес мәжiлiсi тоқсан сайын өткiзiлiп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжiлiсi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды аудандық денсаулық сақтау бөлімi жүргiзедi.