Об утверждении Правил прохождения обучения по программе подготовки медиаторов Қолданыста
Басқа 0
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 244-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 87) тармақшасына сәйкес әзірленді және медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар медиаторлар ұйымдарының кәсіби медиаторлар мен медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуі және бекітуі үшін негіз болады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) андрогогика – бұл ересектерді оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы;
Тармақша 2
2) жанжалдың медиацияға бейімділігі – бұл белгілі бір жанжалдың медиация арқылы шешуге қолайлы немесе қолайсыз болуын сипаттайтын қасиеті;
Тармақша 3
3) медиатор – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;
Тармақша 4
4) медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі;
Тармақша 5
5) медиаторлар ұйымдары – медиаторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін олардың ерікті негізде бірігуі үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымдар;
Тармақша 6
6) медиаторларды даярлау бағдарламасы – медиатор болуға үміткер тұлғаларды арнайы оқытатын, олардың кәсіби құзіреттерін қалыптастыратын оқу курстарының мазмұны мен құрылымын сипаттайтын оқу жоспары;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс – қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – медиаторлар ұйымдары ұсынған медиаторларды даярлау бағдарламаларын қарастыратын консультативтік-кеңесші орган.
Тарау 2. 2 тарау. Медиаторларды даярлау бағдарламасын бекіту тәртібі
2 тарау. Медиаторларды даярлау бағдарламасын бекіту тәртібі
Тармақ 4
4. Медиаторларды даярлау бағдарламасы келесі бағдарламалардан тұрады:
Тармақша 1
1) «Медиацияның жалпы курсы» - Заңның 9-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда кәсіби медиатор болуға ниет білдірген тұлғаларды даярлауға арналған;
Тармақша 2
2) «Медиацияның мамандандырылған курсы» - медиацияның нақты саласы бойынша даярлауға және кәсіби медиаторлардың біліктілігін арттыруға арналған;
Тармақша 3
3) «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» - медиация бойынша оқыту жүргізуге ниет білдірген медиаторлар жаттықтырушысын даярлауға арналған.
Тармақ 5
5. Медиаторларды даярлау бағдарламалары медиаторлар ұйымдарымен осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленеді және Үйлестіру кеңесінің қарауына енгізіледі.
Тармақ 6
6. Үйлестіру кеңесі медиаторларды даярлау бағдарламалары қарауға түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде бекіту туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3-тарау. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы
бойынша оқытудан өткізу тәртібі
3-тарау. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы
бойынша оқытудан өткізу тәртібі
Тармақ 7
7. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты кәсіби негіздегі медиатор ретінде қызметті жүргізу үшін қажетті дағдыларды игеру болып табылады.
Тармақ 8
8. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқытуды медиаторлар ұйымдары жүргізеді. Бағдарламаның көлемі кемінде 72 (жетпіс екі) академиялық сағатты құрайды және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес теориялық бөлімді (дәрістерді), практикалық сабақтар өткізуді қамтиды.
Тармақ 9
9. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқыту қашықтан және/немесе күндізгі нысанда жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Оқу тобы 10 (он) адамнан аспайтын құрамда қалыптастырылады.
Тармақ 11
11. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқытуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
Тармақша 3
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
Тармақ 12
12. Оқыту басталғанға дейін тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жоғары білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен берілетін электрондық құжат (салыстыру үшін қажет);
Тармақша 2
2) жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға цифрлік құжаттар сервисі арқылы берілетін құжат;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар өздерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынады.
Оқытуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда медиаторлар ұйымы бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы
бойынша оқытудан өткізу тәртібі
4-тарау. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы
бойынша оқытудан өткізу тәртібі
Тармақ 13
13. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты құқықтың әртүрлі салаларындағы дауларды шешу ерекшеліктері мен жанжал түрлерін ескере отырып, нақты мамандану бойынша кәсіби медиаторларды даярлау болып табылады.
«Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша оқытудан «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар өтеді.
Тармақ 14
14. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша оқыту осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес теориялық бөлімді (дәрістерді), практикалық сабақтарды өткізуді қамтиды.
Тармақ 15
15. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша оқыту қашықтан және/немесе күндізгі нысанда жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Оқу тобының саны 15 (он бес) адамнан аспайтын етіп қалыптастырылады.
Тармақ 17
17. Оқытуды медиаторлар ұйымдары жүргізеді, курстың көлемі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарының әрбір бағыты бойынша кемінде 32 (отыз екі) академиялық сағатты құрайды.
Тармақ 18
18. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша оқытуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
Тармақша 3
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
Тармақ 19
19. Оқыту басталғанға дейін тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат (салыстыру үшін сертификаттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
Тармақша 2
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе жеке және заңды тұлғаларға цифрлік құжаттар сервисі арқылы берілетін құжат;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар өздерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынады.
Оқытуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда медиаторлар ұйымы бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
Тарау 5. 5-тарау. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы
бойынша оқытудан өткізу тәртібі
5-тарау. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы
бойынша оқытудан өткізу тәртібі
Тармақ 20
20. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты медиацияны оқытуды жүзеге асыратын медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау болып табылады.
«Медиаторлардың жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқытуды «Медиацияның жалпы курсы» және «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламалары бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар өтеді.
Тармақ 21
21. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқыту андрогогика негіздерін, педагогикалық шеберлікті, медиацияны оқыту әдістемесін, арнайы әдістерді көздейді.
Тармақ 22
22. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқыту күндізгі нысанда жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Оқытуды медиаторлар ұйымдары жүргізеді, курстың көлемі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарының әрбір тақырыбы бойынша кемінде 32 (отыз екі) академиялық сағатты құрайды.
Тармақ 24
24. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқытуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген тәртіппен сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған;
Тармақша 3
3) оларға қатысты қылмыстық қуғындау жүзеге асырылып жатса;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
Тармақ 25
25. Оқыту басталғанға дейін тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) медиатор ретінде кемінде 5 (бес) жыл үздіксіз кәсіби қызметін растайтын құжаттар;
кәсіби қызметін растайтын құжат;
еңбек шартының көшірмелері;
жұмыс орнынан анықтама;
Тармақша 2
2) «Медиацияның жалпы курсы» және «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламалары бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификаттар (салыстырып тексеру үшін сертификаттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған көшірмелері);
Тармақша 3
3) біліктілікті арттыру бойынша семинарларға және (немесе) курстарға қатысу туралы кемінде 5 (бес) сертификаттың болуы. Ұсынылған сертификаттардың бірі «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқытуға дейін 1 (бір) жылдан кешіктірілмей беріледі;
Тармақша 4
4) жеке басын куәландыратын құжат, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін құжат;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар өздерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынады.
Оқытуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда медиаторлар ұйымы бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
Тарау 6. 6-тарау. Медиаторлардың біліктілігін қорытынды бағалау және сертификаттау
6-тарау. Медиаторлардың біліктілігін қорытынды бағалау және сертификаттау
Тармақ 26
26. «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы» және «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» әрбір бағдарламалары бойынша оқытуды аяқтағаннан кейін оқытуды жүргізген медиаторлар ұйымының мөрімен куәландырылған қорытынды бағалау жүргізіледі және осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.
Тармақ 27
27. Емтихан комиссиясының құрамын медиаторлар ұйымының басшысы бекітеді және мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) теориялық білімдерін тексеру (әңгімелесу және (немесе) тестілеу нысанындағы емтихан);
Тармақша 2
2) практикалық дағдыларды тексеру (нәтижелерді бағалау).
Тармақ 28
28. Қорытынды бағалау нәтижелері емтихан комиссиясының мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткен тұлғалардың назарына жеткізіледі және білім алушыларды есепке алудың арнайы журналына енгізіледі.
Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда білім алушы тұлға нәтижелерді алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда апелляцияға тапсыруға құқылы.
Апелляция 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаралады, қорытындысы бойынша апелляциялық комиссияның дәлелді шешімі шығарылады.
Тармақ 29
29. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар кәсіби негіздегі медиатор ретінде практикалық қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар практикалық қызметті кәсіби негіздегі медиатор ретінде, оның ішінде белгілі бір мамандығы бар медиатор ретінде жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алған тұлғалар практикалық қызметті кәсіби негіздегі медиатор ретінде, оның ішінде белгілі бір мамандығы бар медиатор ретінде және медиацияны оқытуды жүзеге асырады.
Басқа 1. «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына
1-қосымша
«Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Р/с №
Тақырыптардың атауы
Барлық сағаты
Оның ішінде
Дәріс
Практикалық сабақ
1.
Конфликтология негіздері, жанжалды шешу жолдары, оларды басқару стильдері. Медиация негіздері
8
8
0
2.
Медиация ұғымы және қағидаттары
2
2
0
3.
Қазақстан Республикасының медиация бойынша заңнамасы
1
1
0
4.
Шетелдік медиация тәжірибесі
2
2
0
5.
Медиация құралдары
6
2
4
6.
Медиациядағы қабылдау және коммуникация
8
2
6
7.
Жанжалдың медиацияға бейімділігі
4
1
3
8.
Медиатордың рөлі, құқықтары мен міндеттері
2
1
1
9.
Тараптардың мүдделерімен және қарсылықтарымен жұмыс
6
2
4
10.
Медиациядағы келіссөздер процесінің ерекшеліктері
4
1
3
11.
Вербалды емес қарым-қатынас, ымдау және іс-қимыл тілі
1
1
0
12.
Медиацияға үшінші тұлғалардың қатысуы
1
1
13.
Медиация рәсімінің нәтижесі
4
1
3
14.
Медиативтік келісімнің орындалуы, медиатордың принциптері, рөлі
2
1
1
15.
Медиацияны ілгерілету және медиациядағы этикалық нормалар
2
1
1
16.
Медиаторға арналған практикалық құралдар
6
0
6
17.
Медиатордың қызметіне салық салу
1
1
0
18.
Медиация рәсімін жүргізу кезінде құжаттаманы ресімдеу
2
1
1
19.
Білімді бекіту және практикалық дағдыларды игеру үшін практикалық сабақ
8
0
8
20.
Қорытынды бақылау
2
2
практикалық тапсырмамен жұмыс, тестілеу
Жиыны
72
29
43
Басқа 2. «Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына
2-қосымша
«Медиацияның мамандандырылған курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
№
т
Бағыт атауы
Барлығы сағат
Оның ішінде:
Дәрістер
Практикалық сабақтар
1.
Азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері
32
12
20
2.
Еңбек құқықтық қатынастардан туындайтын медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері
32
12
20
3.
Отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері
32
12
20
4.
Қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері
32
12
20
5.
Топтық дауларды (жанжалдарды) шешуде медиация рәсімін жүргізу. Әлеуметтік медиация (білім беру саласында, этносаралық, корпоративтік және тағы басқа даулар)
32
12
20
6
Қаржы-кредиттік қатынастар бойынша медиация рәсімін жүргізу ерекшеліктері
32
12
20
Басқа 3. «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына
3-қосымша
«Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
№
т
Тақырыптың атауы
Барлығы сағат
Оның ішінде:
Дәрістер
Практикалық сабақтар
1.
Медиацияны оқыту негіздері
7
3
4
2.
Медиацияны оқыту кезіндегі топпен жұмыс
7
3
4
3.
Медиацияны оқыту кезендегі ойын түріндегі өзара іс-қимыл
7
3
4
4.
Медиация жаттықтырушысының жеке жұмысы
8
3
5
5.
Қорытынды бақылау
3
3
практикалық тапсырмамен жұмыс, тестілеу
6.
ЖИЫНЫ
32
12
20
Басқа 4. Келісім
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Кімге ______________________
(медиаторлар ұйымы)
___________________________
кімнен _____________________
___________________________
(өтініш берушінің аты-жөні, тегі
(ол болған жағдайда), жеке куәлік
№ ____, берілді (қашан, кім))
Келісім
Мен, ______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________________________________________________________________
(заңды мекен жайы)
___________________________________________________________________
(байланыс деректері)
(пошта мекенжайы немесе электрондық пошта мекенжайы не телефон немесе
телефакс нөмірі)
___________________________________________________________________
(медиация саласындағы мамандандыру туралы мәліметтер)
___________________________________________________________________
(медиацияны жүзеге асыра алатын тіл туралы мәліметтер)
«Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» (қажетті нәрсені белгілеңіз) бағдарламалары бойынша оқу тобының құрамына енгізілу үшін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
«___» _________20___жыл. Өтініш берушінің қолы _______________
Басқа 5
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидаларына
5-қосымша
__________________________________________________________________
(медиаторлар ұйымының атауы)
СЕРТИФИКАТ
№ ______________________
(сертификат нөмірі)
Осы сертификат
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________
(бағдарламаның атауы)
медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды сәтті аяқтағанын
куәландырады
__________________________________________________________________
(Медиатор-жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(қолы)
__________________________________________________________________
(Медиаторлар ұйымы басшысының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда)
М.О.
_______________________
(сертификат берілген күн)