Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес және 2003 жылғы 18 қыркүйектегi Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi Батыс Қазақстан облыстық Кеңесi отырысының N 1 хаттамалық тапсырмасының 4 пунктiн iске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес төмендегiдей құрамда құрылсын: Ғұмаров Баянбек Жұмаұлы - аудан әкімiнiң орынбасары, Кеңес төрағасы; Сармағамбет Гүлсiм Ғайнетденқызы - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмінің бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары; Молданиязов Әлiбек Елеусiнұлы - аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегi бас маманы, Кеңес хатшысы. Кеңес мүшелерi: Ахметжанов Рамазан Мұғзиенұлы - аудандық Мүгедектер қоғамының төрағасы (келiсiм бойынша); Құтқожаев Нұрболат Жалғасқалиұлы – «Сырым» ауылдық несие серiктестiгi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің басқарма төрағасы (келiсiм бойынша); Сарғозыұлы Отарбай - аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келiсiм бойынша); Санкибаева Бақтылы Санкибайқызы - Зағиптар қоғамының бастауыш ұйымының төрайымы (келiсiм бойынша); Сүйенғалиева Аққыз Тыныштыбайқызы - Қызыл Жарты ай қоғамының аудандық өкiлдiгінің төрайымы (келiсiм бойынша).
Тармақ 2
2. Кеңес туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңестiң дербес құрамы мәслихат сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Жакиевке жүктелсiн.
Басқа 5. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімиятының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 21-5 қаулысына N 1 қосымша Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Консультативтiк-кеңесшi орган - үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiн үйлестiрiп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметінің құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актілерi және осы Ереже құрайды.
Тармақ 3
3. Кеңестiң төрағасы - аудан әкімінің орынбасары болады. Аудандық Кеңестiң құрамына аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегi бөлiмінің, аудандық мемлекеттiк органдарының, үкіметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Кеңестiң дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
Тармақ 4
4. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық Кеңестің негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) үкіметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөніндегi кешендi аймақтық саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды анықтау және ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 2
2) үкіметтiк емес ұйымдарға консультативтiк, әдiстемелiк, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсетудің кешендi жүйесiн жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы органдарды үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастығы және өзара iс-әрекеттестiгi жүйесiн жетiлдiру;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретiне кiретiн өзектi мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, үкіметтiк емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, тиiстi ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 5
5) әлеуметтiк маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге және қарауға қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтiк емес сектордың өзектi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу, аудандағы үкіметтiк емес ұйымдардың ақпараттық мәлiметтер базасын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) үкіметтiк емес ұйымдар қызметінің төркiнiн жан-жақты көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу;
Тармақша 8
8) үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiне қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
Тармақша 9
9) үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiне арналған конференцияларға, мәжілiстерге, семинарларға қатысу.
Тарау 3. 3. Кеңестің өкiлеттiгi
3. Кеңестің өкiлеттiгi
Тармақ 5
5. Кеңес өзінің құзыретi шеңберiнде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өзінің мәжілiстерiнде ауданның атқарушы органдарының басшыларын, үкіметтiк емес ұйымдардың өкілдерiн тыңдайды;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарынан үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiне қатысты ақпараттар сұратады;
Тармақша 3
3) Кеңестің мәжілiстерiн әзiрлеуге, бағдарламалық құжаттарды даярлауға қатысу үшін беделдi және кәсіби даярлығы бар жұртшылықтық және үкіметтiк емес ұйымдардың өкілдерiн штаттан тыс сарапшы ретiнде тартады;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктерге үкіметтiк емес ұйымдардың қызметi туралы статистикалық, талдау, әдiстемелiк және басқа да ақпараттық материалдарды жолдайды;
Тармақша 5
5) Кеңес азаматтардан түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындысы жөніндегi материалдарды осы мәселелер бойынша шешiм алу үшін тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға немесе лауазым иелерiне жiбередi.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес төрағадан, оның екi орынбасарынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерiнен құралады.
Тармақ 7
7. Кеңестің төрағасы Кеңес мәжілiсiн жүргізедi, Кеңестің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды, мәжілiске енгiзiлетiн мәселелердi айқындайды, басқа да ұйымдастыру-басқарушылық мiндеттердi орындайды. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның мiндетiн орынбасарларының бiреуi атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңестің мәжілiсi тоқсан сайын өткiзiледi. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Кеңестің мүшелерi қаралған мәселелердi талқылауға қатысуға, ұсыныстар түсiруге, ескертулер айтуға құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшесінің өз өкілеттiгiн мәжілiске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 11
11. Кеңестің шешiмi ұсыныстық сипатта болады.
Тармақ 12
12. Кеңестің шешiмi мәжілiске қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешушi болады.
Тармақ 13
13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етудi аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегi бас маманы жүзеге асырады.