Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен (ЖҚТБ) күресу жөніндегі Үйлестіру Қеңесін құру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен (ЖҚТБ) күресу жөніндегі Үйлестіру Қеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi (ЖҚТБ) ауруының алдын алу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. ЖҚТБ-мен күресу жөніндегi Үйлестiру Кеңесi төмендегi құрамда құрылсын: Жакиев Қуандық Мешiтқалиұлы - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы; Дүйсенғалиев Асхат Ғабдылғазезұлы - аумақтық медициналық бiрлестiктің директоры (келiсiм бойынша), Кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Молданиязов Әлiбек Елеусiнұлы - аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегi бас маманы, Кеңес хатшысы. Кеңес мүшелерi: Алдабергенов Абай Қапанұлы - аудандық iшкi iстер бастығының орынбасары (келiсiм бойынша); Бекқожина Сара Дайынқызы - аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлiмінің дәрiгерi; Құтқожаев Жалғасқали Сарыұлы - Жымпиты ауылдық округінің әкімi; Қажиахметов Махмет Мүтиұлы - аудандық "Қайнар" газетінің редакторы (келiсiм бойынша); Нысанғалиев Ерлан Беркiнұлы - аудандық қаржы бөлiмінің меңгерушiсi (келiсiм бойынша); Разиев Қадыр Болатұлы - аудан әкімi аппаратының жастар iсi, туризм және спорт жөніндегi бас маманы мiндетiн уақытша атқарушы; Сарғозиева Гүлзагира - Жымпиты ауылының тұрғыны (келiсiм бойынша); Хамза Рақымжан Орынбайұлы - аудандық бiлiм бөлiмінің меңгерушiсi.
Тармақ 2
2. ЖҚТБ-мен күресу жөніндегi үйлестiру Кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. ЖҚТБ-мен күресу жөніндегi үйлестiру Кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
Басқа 4. Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсiмен (ЖҚТБ) күресу жөніндегi үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімиятының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 21-6 қаулысына N 1 қосымша Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсiмен (ЖҚТБ) күресу жөніндегi үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсiмен (бұдан әрi - ЖҚТБ) күресу жөніндегi Үйлестiру Кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) аудан әкімияты жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес аудан әкімінің орынбасарының төрағалық етуiмен құрылады. Оның дербес құрамын аудандық мәслихаттың сессиясы бекiтедi. Кеңес мiндетi ауданда ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әрекет жөніндегi шаралар жоспарының орындалуы мен iске асырылуын бақылау, осы мәселе жөніндегi жергiлiктi мемлекеттік органдардық қызметiн ұйымдастыру болып табылады. Кеңестiң жұмысы жоспарға сәйкес құрылады. Оның нақты жағдайларға байланысты жедел жоспарлар жасауға және оны жүзеге асыруға құқығы бар. Кеңес мәжiлiсi тоқсанына 1 реттен сирек емес шақырылады. Кеңес отырысының қорытындысы қаулы түрiнде қабылданады. Оның орындалуы бақылауға қойылады. Кеңестің қаулысы ұсыныстық сипатта болады. Кеңестiң ЖҚТБ-мен күресу және оның алдын алу жөніндегi жұмыстарға байланысты мәселелер бойынша аудандағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын тыңдауға құқығы бар. Кеңес төрағасы аудан әкімiне есеп берiп отырады.