Қолданыстағы ред. 29.12.2003

Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру туралы от 29.12.2003 г. № 228 (Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру туралы)

0

Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 176 "Облыстық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру туралы" қаулысын (тіркеу N 2274) басшылыққа ала отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу, жұртшылықтың, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп отыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.

2

2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын-алу Кеңесі туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Таңатовқа жүктелсін.

4. Аудандық құқық бұзушылықтық әлеуметтік тұрғыда алдын-алу Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
N 228 қаулысымен бекітілген
Аудандық құқық бұзушылықтық әлеуметтік
тұрғыда алдын-алу Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын-алу Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алу мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган болып саналады.

2

2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын-алу Кеңесі қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілері және осы Ереже болып табылады.

3

3. Кеңес өзінің қызметі бойынша жергілікті атқарушы орган алдында жауап береді.

2. 2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру және құрылымы

2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік
тұрғыда алдын алу Кеңесін құру және құрылымы

4

4. Кеңес аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады. Кеңестің дербес құрамы аудан әкімінің шешімімен белгіленеді және ол аудандық мәслихатта бекітіледі.

5

5. Кеңесті төраға - аудан әкімінің орынбасары басқарады. Төрағаның орынбасары аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып саналады.

6

6. Кеңестің құрамына оның тұрақты мүшесі ретінде білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ақпарат, экономика бөлімі, қаржы бөлімдері бастықтары, қоғамдық бірлестіктердің және діни конфессиялардың өкілдері кіреді.
Кеңестің хатшысы бас маман болады, ол Кеңесті басқаратын аудан әкімінің орынбасарына бағынады.

3. 3. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің міндеттері

3. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік
тұрғыда алдын алу Кеңесінің міндеттері

7

7. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:

1

1) құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыру;

2

2) бас бостандығынан айыру орындарынан, арнаулы емдеу-профилактикалық және оқу-тәрбие мекемелерінен оралған, тұрақты мекенжайы, туысқандары және әлеуметтік байланыстары жоғалған адамдарды әлеуметтік сауықтыру жөніндегі мүдделі органдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру;

3

3) тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алуға бағытталған түсінік жұмыстарын жүргізу;

4

4) қылмыстық, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық тәртібін нығайту мәселелері жөнінде жұртшылықпен және діни бірлестіктермен, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп әрекет ету.

4. 4. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің құзыреті

4. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік
тұрғыда алдын алу Кеңесінің құзыреті

8

8. Кеңестің құзыретіне мыналар жатады:

1

1) құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің және ішімдікке салынушылықтың, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу жөніндегі аймақтық бағдарлама әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;

2

2) құқық тәртібін қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар жайлы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау және құқық бұзушылық пен қоғамға жат әрекеттердің жасалуына мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шешімдер шығару;

3

3) салауатты өмір салтын, азаматтарды қорғауға бағытталған заңнамаларды насихаттау, олардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, халыққа құқықтық тәрбие беру;

4

4) құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің және ішімдікке салынушылықтың, нашақорлық пен уытқұмарлықты алдын алу саласында әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру;

5

5) құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алуға қатысушы полицияның учаскелік пункттері қызметіне мониторинг және бақылау ұйымдастыру;

6

6) құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алумен шұғылданатын органдар мен мекемелердің оңды іс тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік, ұйымдық және практикалық көмектер көрсету;

7

7) қызметі құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алумен байланысты қоғамдық ұйымдарға көмектер көрсету.

5. 5. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

5. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда
алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

9

9. Кеңес өзінің қызметін жыл сайынғы жоспар негізінде мәжіліс нысаны ретінде жүзеге асырып отырады, оған қаралатын мәселеге байланысты прокуратура мен мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін.
Кеңестің мәжілісі тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі. Қажет болған жағдайда аудан әкімінің, Кеңес төрағасының немесе оның көптеген мүшелерінің талап етуі бойынша кезектен тыс мәжіліс өткізілуі мүмкін.

10

10. Кеңестің хатшысы мәжілісті өткізуге әзірлікті қамтамасыз етеді, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есептер әзірлейді.

11

11. Кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша ұсыныстық сипаты бар шешім қабылданады. Қажет болған жағдайда Кеңес жалпыға бірдей маңызы бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдер қабылдауға, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге мүдделілік таныта алады.