Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және ауданда авариялардан, апаттардан және басқа да стихиялардан болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды, бірыңғай тәсілдемелерді әзірлеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже бекітілсін (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман (Теміров) комиссияны ұйымдастыру техникалық қамту жүктелсін.
Комиссия өз жұмысында Қазақстан Үкіметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы ережені басшылыққа алатын болсын.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен атқарушы органдар басшылары және ауыл әкімдері жергілікті жерлерде төтенше жағдайлардан сақтандыру және оны жою жөніндегі сәйкесті салалық және объектілік комиссияларды құрып, оларға басшылық жасауды өздерінің орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі N 20 "Төтенше жағдайлардан сақтандыру және оны жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" шешімі күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Б. Мукатовқа жүктелсін.
Басқа 7. Төтенше жағдайларды алдын алу және
оны жою жөніндегі аудандық комиссия
ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
N 241 қаулысына N 1 қосымша
Төтенше жағдайларды алдын алу және
оны жою жөніндегі аудандық комиссия
ҚҰРАМЫ
1. Мукатов Марат Бақытұлы - аудан әкімінің орынбасары,
комиссияның төрағасы
2. Теміров Суйеу Набиұлы - аудан әкімі аппаратының
төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маман,
төрағасының орынбасары
3. Уразғалиев Асылхан - аудан әкімі аппаратының
Байғалиұлы шағын кәсіпкерлікті дамыту
және экономика бөлімінің
бас маманы
Комиссия мүшелері:
4. Айтмұхамбетов Қалияр - аудандық еңбек жұмыспен
Шадиярұлы қамту және әлеуметтік
қорғау бөлімінің бастығы
5. Аманғалиев Бейбіт Серікұлы - ауыл шаруашылық бөлім
бастығы
6. Мерғалиев Тастайбек - аудандық телекоммуникация
Асемғалиұлы торабының басшысы
(келісім бойынша)
7. Сұлтанов Орынбасар - электр жүйесінің басшысы
Мулдашұлы (келісім бойынша)
8. Досқазиев Саин Төлегенұлы - аудандық аймақтық
басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
9. Көжекенов Нұрболат - ішкі істер бөлімінің
Салімгерейұлы бастығы
10. Хангереев Самат Нағымұлы - аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі
11. Қазиев Төлеген Кихметұлы - аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің бастығы
12. Искаирова Дамеля - Шыңғырлау селолық
Сағидоллақызы округінің әкімі
13. Жұмашев Мақсот Мәлікұлы - Мемлекеттік кәсіпорны
"Шыңғырлаукомтехсервис"
директоры
14. Тарасов Александр - "ВИТА" жауапкершілігі
Григорьевич шектеулі серіктестігінің
бастығы (келісім бойынша)
15. Қалмен Толыбай Қалменұлы - аудандық аумақтық
медициналық
бірлестігінің бас
дәрігері
16. Тасмағамбетов Алқалы - жауапкершілігі шектеулі
Бақтиярұлы серіктестігінің төрағасы
(келісім бойынша)
17. Сабиров Ермек Хатымұлы - санитарлық-эпидемиологиялық
стансасының бас дәрігері
18. Каипов Қуаныш Сатайұлы - аудан әкімі аппаратының
архитектура жөніндегі
бас маманы, комиссияның
хатшысы.
Басқа 8. Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
N 241 қаулысына N 2 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) апат, қирау, стихиялық және басқа апаттар салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ауданда біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің өкілдігін аудан мекемелерімен комитеттермен жергілікті атқару органдары мен меншіктің, барлық түріндегі кәсіпорындарымен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
апат, қирау, стихиялық және басқа апаттар салдарынан болатын төтенше жағдайлардан аудан аумағын, халқын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық экономикалық ұйымдастыру техникалық және басқада шаралар жүйесін қалыптастыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың күштері мен құралдарын құру, дамыту саласында біртұтас техникалық саясатты жүргізу;
төтенше жағдайларды ескерту және әрекет ету аудандық жүйесін жетілдірудің және одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгілеу;
төтенше жағдайларды ескерту, аудан аумағымен халқын төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған аудандық мақсатты және ғылыми техникалық бағдарламалар жобасын әзірлеуді ұйымдастыру;
апаттар, қирау, стихиялық және басқа апаттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды дәрігерлік сауықтыру, әлеуметтік-экономикалық және нарықтық қорғау мәселелері бойынша басқармалардың, комитеттердің, жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы аумақтық аудан аралық ынтымақтастық негізгі бағыттарын белгілеу.
Тармақ 4
4. Комиссияның аудан әкімінің тапсырмасы бойынша мыналарға құқығы бар:
аудандағы мекемелердің, басқармалардың комитеттердің, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің төтенше жағдайлардың алдың-алу мен жоюдағы іс-әрекетін үйлестіру жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
Комиссияның құзыретіне жататын Заң және басқа нормативтік-құқықтық актілер мәселесі жөнінде жобалар әзірлеуге қатысады;
Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер туралы аудандық басқармалар, ұйымдар, жергілікті атқару органдары лауазымды адамдарының есебін тыңдайды;
Комиссияның жұмысы үшін қажетті аудандық басқармалардың комитеттердің ұйымдардың, жергілікті атқару органдарының, меншіктің барлық түріндегі шаруашылық субъектілерінің қызметі туралы ақпараттар сұратып алу;
төтенше жағдайлардың алдың алу және жою мәселелері бойынша аудандық мақсатты бағдарламаны аудандық басқармалардың комитеттердің, ұйымдардың, жергілікті атқару органдарының орындауына талдау, соның ішінде бағдарламалық шараларды іске асыруға бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына талдау жүргізу;
төтенше жағдайлардың алдың-алу және жою мәселелері бойынша талдау сараптау және басқа жұмыстарды орындау үшін аудан кәсіпорындарының, ұйымдар мен мекемелерінің (басшыларының келісімі бойынша) мамандарын тарту;
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасы Шыңғырлау аудан әкімінің орынбасары болады.
Тармақ 6
6. Комиссияның ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Комиссия өзінің қызметі оның төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Комиссия мәжілісі қажетіне қарай бірақ тоқсанға бір реттен жиі емес өткізіледі. Комиссияның шешімдері хаттамамен рәсімделеді.
Аудан әкімдігінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінің талап еткен мәселелері бойынша комиссия белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
Комиссия өзі қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер туралы аудан әкіміне жүйелі түрде хабарлап отырады.