Об определении национальных операторов космических систем Күшін жойған
Басқа 0
Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау туралы
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі