Об утверждении минимальных ставок вознаграждения исполнителям и производителям фонограмм Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 401 Бұйрыққа қосымша Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері р/с № Пай­да­ла­ну­дың тү­рі, ор­ны, та­лап­та­ры, пай­да­ла­ну­шы­лар Сый­а­қы­ның ең тө­мен мөл­шер­ле­ме­ле­рі ақы­лы кі­ру ке­зін­де те­гін кі­ру ке­зін­де Көп­ші­лік ал­дын­да орын­дау, көр­се­ту, жал­пы жұрт­тың на­за­ры­на ха­бар­лау және жет­кі­зу жо­лы­мен орын­да­у­лар мен фо­но­грам­ма­лар­ды пай­да­ла­ну 1. Дәм­ха­на­лар, бар­лар (ай­ы­на әр­бір оты­ра­тын орын­ға) 0,2 АЕК 0,1 АЕК 2. Мей­рам­ха­на­лар (ай­ы­на әр­бір оты­ра­тын орын­ға) 0,25 АЕК 0,15 АЕК 3. Бас­қа да қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі (ай­ы­на әр­бір оты­ра­тын орын­ға) 0,008 АЕК 0,004 АЕК 4. Түн­гі клуб­тар (ай­ы­на әр­бір оты­ра­тын орын­ға) би­лет­тер­ді са­ту­дан түс­кен кі­рі­стен 1 % 0,2 АЕК 5. Ка­зи­но және бас­қа да ой­ын ме­ке­ме­ле­рі (ай­ы­на әр­бір оты­ра­тын орын­ға) 0,4 АЕК 6. Мә­де­ни ой­ын-са­уық ор­та­лық­та­ры, ке­шен­дер (ай­ы­на ды­быстан­ды­ры­ла­тын алаң­ның әр­бір шар­шы мет­рі үшін) 0,05 АЕК 7. Спорт­тық-са­уық­ты­ру ор­та­лық­та­ры, ке­шен­де­рі (ай­ы­на ды­быстан­ды­ры­ла­тын алаң­ның әр­бір шар­шы мет­рі үшін) 0,01 АЕК 0,001 АЕК 8. Жәр­мең­ке­лер, көр­ме­лер, сән көр­се­ту­лер, сұ­лулық және кә­сі­би ше­бер­лік сай­ы­ста­ры (ай­ы­на ды­быстан­ды­ры­ла­тын алаң­ның әр­бір шар­шы мет­рі үшін) 0,02 АЕК 0,002 АЕК 9. Қо­на­қүй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі және пан­си­о­нат­тар (ай­ы­на көп­ші­лік ал­дын­да орын­дау, көр­се­ту, ха­бар­лау және жал­пы жұрт­тың на­за­ры­на жет­кі­зу үшін қол­да­ны­ла­тын тех­ни­ка­лық құ­рал­дың бір­лі­гі үшін) 0,016 АЕК 10. Жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі құ­рал­да­ры (әр­бір би­лет­ті са­ту нәти­же­сін­де түс­кен кі­рі­стен) 0,001% 11. Спорт­тық жа­ры­стар, спорт­шы­лар­дың көр­се­ті­лім­дік орын­да­у­ла­ры (әр­бір өт­кі­зі­л­ген іс-ша­ра­дан түс­кен кі­рі­стен) 0,05 % 0,001 % 12. Конь­ки­мен, ро­лик­пен жап­пай сыр­ға­нау орын­да­ры (ай­ы­на осы мақ­сат­та пай­да­ла­на­тын орын­дар­дың (аумақ­тың) әр­бір шар­шы мет­рі үшін) 0,05 АЕК 0,01 АЕК 13. Те­атр­лар, ки­но­зал­дар және фильм­дер­ді де­мон­стра­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған өзге де орын­дар (ай­ы­на ды­быстан­ды­ры­ла­тын үй-жай­дың әр­бір шар­шы мет­рі үшін) 0,01 АЕК 0,001 АЕК 14. Мә­де­ни-де­ма­лыс ұй­ым­да­ры (мә­де­ни­ет және де­ма­лыс парк­те­рі, мә­де­ни­ет үй­ле­рі мен са­рай­ла­ры, ак­ва­парк­тер) (ай­ы­на ды­быстан­ды­ры­ла­тын аумақ­тың (үй-жай­дың) әр­бір шар­шы мет­рі үшін) 0,01 АЕК 0,001 АЕК 15. Са­уда үй­ле­рі, дү­кен­дер, са­уда ба­зар­ла­ры және са­уда мақ­са­ты­на ар­нал­ған өзге де орын­дар (ай­ы­на ды­быстан­ды­ры­ла­тын аумақ­тың әр­бір шар­шы мет­рі үшін) 0,002 АЕК 16. Те­атр­лан­ды­ры­л­ған, кон­церт­тік, цирк­тік бағ­дар­ла­ма­лар (іс-ша­ра өт­кі­зу нәти­же­сін­де түс­кен кі­рі­стен) 0,02 % 0,01 % 17. Бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар, қа­ла күн­де­рі, мей­рам­дар, фе­сти­валь­дар (іс-ша­ра өт­кі­зу нәти­же­сін­де түс­кен кі­рі­стен) 0,02 % 0,01 % 18. Му­зы­ка­лық ав­то­мат­тар жүй­е­ле­рі және ка­ра­оке ар­қы­лы (ай­ы­на әр­бір му­зы­ка­лық ав­то­мат және ка­ра­оке үшін) 0,2 АЕК 0,1 АЕК 19. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тір­кел­ген эфир­лік те­ле­ви­зи­я­лық ха­бар та­ра­ту ұй­ым­да­ры (жар­на­ма­дан түс­кен кі­рі­стен) 0,1% 20. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тір­кел­ген эфир­лік ра­дио ха­бар та­ра­ту ұй­ым­да­ры (жар­на­ма­дан түс­кен кі­рі­стен) 0,1% 21. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тір­кел­ген кә­біл­дік (өт­кіз­гіш­ті), жер­се­рік­тік те­ле­ви­зи­я­лық ха­бар та­ра­ту ұй­ым­да­ры (ай­ы­на кә­біл­дік, жер­се­рік­тік те­ле­ди­дар қыз­ме­ті үшін түс­кен або­нент­тік төлем­нен) 0,1% 22. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тір­кел­ген кә­біл­дік (өт­кіз­гіш­ті), жер­се­рік­тік ра­дио ха­бар та­ра­ту ұй­ым­да­ры (ай­ы­на кә­біл­дік, жер­се­рік­тік ра­дио ха­бар та­ра­ту қыз­ме­ті үшін түс­кен або­нент­тік төлем­нен) 0,1% Та­быс алу мақ­са­тын­да қай­та шы­ға­ру (кө­бей­ту) және (неме­се) та­ра­ту ар­қы­лы орын­да­у­лар мен фо­но­грам­ма­лар­ды пай­да­ла­ну 23. Орын­да­у­лар­ды ды­быс және ды­быст­ау-бей­не­леу жа­з­ба­ла­рын­да қай­та шы­ға­ру (кө­бей­ту) және (неме­се) та­ра­ту (орын­да­у­лар­дың са­ны­на қа­ра­ма­стан, әр­бір шы­ға­ры­л­ған да­на­сын өт­кі­зу ба­ға­сы­нан) 0,3% 24. Орын­да­у­лар мен фо­но­грам­ма­лар­ды те­ле­фон­дар (ұя­лы, смарт­фон­дар, дер­бес қал­та ком­пью­тер­ле­рі), му­зы­ка­лық ап­па­рат­тар, ав­то­мат­тар және ка­ра­оке жүй­е­ле­рі үшін му­зы­ка, әу­ен (ринг­тон­дар, ре­ал­тон­дар) және қо­ңы­рау (ринг­б­эк­тон­дар) ре­т­ін­де қай­та шы­ға­ру және (неме­се) та­ра­ту (ай­ы­на әр­бір пай­да­ла­ны­ла­тын туын­ды­ның әр­бір пай­да­лан­ға­ны үшін) 0,03 АЕК 25. Орын­да­у­лар­дың ды­быс жа­з­ба­ла­ры және (неме­се) ды­быст­ау-бей­не­леу тү­рін­де­гі да­на­ла­рын про­кат­қа, жал­ға бе­ру (ай­ы­на әр­бір пай­да­ла­ны­ла­тын да­на үшін) 0,01 АЕК Фо­но­грам­ма­лар­ды орын­да­у­шы­ның және фо­но­грам­ма шы­ға­ру­шы­ның ке­лі­сі­мін­сіз же­ке мақ­сат­та қай­та шы­ға­ру Аббревиатураның толық жазылуы: АЕК - айлық есептік көрсеткіш