О некоторых вопросах акционерных обществ "Инвестиционная компания: Инвестиционный Фонд Казахстана", "Банк Развития Казахстана", "Национальный инновационный фонд" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы Мемлекеттiк даму институттарының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - Қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне беру жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен бiрлесiп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 217-5 жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 268, 268-1 жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 237-15, 237-16, 237-17 жолдармен толықтырылсын: "237-15 "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры" АҚ; 237-16 "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ; 237-17 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ".
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 290-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: 2.1.5-тармақтың "Орындауға жауаптылар" деген бағанындағы "ҚарМ" деген сөз алынып тасталсын.