Об определении перечня социально значимых сообщений области Жетісу Күшін жойған
Басқа 0
Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар
қатынастардың тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, сондай-ақ «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 4-31 Шешіміне қосымша
Жетісу облысының әлеуметтiк
маңызы бар қатынастардың тізбесі
1. Текелі қаласы:
1) № 6 шеңбер – «Текелийский энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Қонаев көшесі – «Жетісу облысының денешынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) № 3 шеңбер – «Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – орталық базар;
3) № 1 автовокзал – «Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Клубный);
4) № 4 тіс емханасы – Қаратал көшесіндегі «Светлана» дүкені;
5) № 4а тіс емханасы – Күншығыс көшесіндегі «Светлана» дүкені;
6) № 7 шеңбер – «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Қаратал ауданы:
1) № 1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;
2) № 2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.
3. Талдықорған қаласы:
1) № 3 «Самал» шағын ауданы – «Қызыл тас» саяжайлары;
2) № 5 «Самал» шағын ауданы – «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Облыстық аурухана) – Н. Семашко көшесі;
3) № 12 «Көктем» (7) шағын ауданы – Облыстық аурухана – Н. Семашко көшесі;
4) № 226 арбат – Мойнақ ауылы;
5) № 23 «Самал» шағын ауданы – «Үйтас» саяжайлары;
6) № 25 «Самал» шағын ауданы – Еркін ауылы;
7) № 14 «Шаған» базары – «Қаратал» саяжайлары;
8) № 31 «Қалалық әмбебап дүкені» сауда үйі – Ә. Әлімжанов көшесі;
9) № 228 арбат – Еңбек ауылы;
10) № 8 «Самал» шағын ауданы – «Шығыс» шағын ауданы, С. Шанышев көшесі;
11) № 33 «Самал» шағын ауданы – «Болашақ» (6), «Көктем» (7) шағын аудандары – «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
12) № 1, 1а «Самал» шағын ауданы – «Қызыл тас» саяжайлары;
13) № 10 «Самал» шағын ауданы – «Көктал» тұрғын ауданы;
14) № 2 «Қарағаш» базары – «Ащыбұлақ» саяжайлары;
15) № 4, 4а Өтенай ауылы – № 19 лицей;
16) № 7, 7а автовокзал – 1 бөлімше;
17) № 13 «Шығыс» шағын ауданы – 3 бөлімше;
18) № 18 «Қызыл тас» саяжайлары – Орман шаруашылығы;
19) № 20 «Самал» шағын ауданы – «Сарыбұлақ» саяжайлары (маусымдық);
20) № 227 арбат – 3 бөлімше;
21) № 24 «Самал» шағын ауданы – «Оптмаркет» сауда орталығы;
22) № 16 «Рахат» гастрономы – «Үйтас», «Көктем» саяжайлары;
23) № 17 «Қарағаш» базары – «Қайнар» зауыты;
24) № 862 Теректі ауылы (Ескелді ауданы) – Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);
25) № 863 Қайнарлы ауылы (Ескелді ауданы)– Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);
26) № 886 Биғаш ауылы (Ескелді ауданы)– Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);
27) № 865 Қарабұлақ ауылы (Ескелді ауданы) – Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут).
4. Алакөл ауданы:
1) Қабанбай ауылы – Үшбұлақ ауылы;
2) Қабанбай ауылы – Лепсі ауылы;
3) Қабанбай ауылы – Жыланды ауылы – Шынжылы ауылы;
4) Үшарал қаласы – Ақши ауылы – Көктұма ауылы;
5) Үшарал қаласының қалаішілік машруты.
5. Ескелді ауданы:
1) № 1 Қарабұлақ ауылының ауылдық маршруты.
6. Кербұлақ ауданы:
1) № 1 «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күреңбел қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстантеміржолы» Акционерлік қоғамының Сарыөзек теміржол вокзалы;
2) № 2 «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Жигулевка) – «Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.