Об утверждении Правил выдачи или продления справок иностранцу или лицу без гражданства о соответствии его квалификации для самостоятельного трудоустройства, перечня приоритетных отраслей экономики (видов экономической деятельности) и востребованных в них профессий для самостоятельного трудоустройства иностранцев и лиц без гражданства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңын11-бабы 14-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күштері жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Басқа 1. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына 1-қосымша Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 14-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, республикалық қалалары және астана әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);
Тармақша 3
3) халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган);
Тарау 2. 2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібі
2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібі
Тармақ 3
3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (не ол уәкілеттік берген адам) (бұдан әрі – қызмет алушы) «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» көрсетілетін мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алу үшін www.egov.kz, www. elicense.kz, www.migration.enbek.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) жібередi, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі) қөрсетілген құжаттар қоса беріле отыр.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметте келтірілген.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші құжаттарды берген кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында оның «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) жергілікті атқарушы орган құрады, Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, білім беру, ішкі істер, индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық өкілдері, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтардың аумақтық өкілдері, сондай-ақ шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салалардың (экономикалық қызмет түрлері) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде көзделген салаларға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 7
7. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі бойынша ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді.
Тармақ 8
8. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін экономиканың басым салаларында талап етілетін кәсіптерге біліктілігі мен білімін сәйкестігін тексереді. Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Қазақстан Республиикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.
Тармақ 9
9. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 10
10. Комиссия шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілік сипаттамаларының өлшемшарттарына сәйкес мынадай балдар есептейді:
Тармақша 1
1) білімі: экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл; экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл; ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификат – 3 балл.
Тармақша 2
2) жұмыс өтілі: экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі: 1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл; 4 жылдан 10 жылға дейін – 4 балл; 11 жылдан жоғары – 6 балл.
Тармақ 11
11. Комиссия ұсынымының негізінде жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тарту мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі бойынша сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жергілікті атқарушы органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат ретінде жіберіледі.
Тармақ 14
14. Жергілікті атқарушы орган берген анықтама басқа адамға берілмеуі тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Тармақ 15
15. Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Тармақ 16
16. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама мерзімін ұзарту үшін мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі көзделген құжаттарды ұсынған сәйкестік кезінде жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Тармақ 17
17. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы анықтаманы ұзарту үшін мемлекеттік қызмет қөрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі көзделген құжаттарды жолдайды.
Тармақ 18
18. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген кезінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 19
19. Жұмыс беруші ауысқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтаманы қайта рәсімдеу осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама ерікті түрде жібереді.
Тармақ 21
21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады. Тиісті анықтамаға байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жергілікті атқарушы орган қолданыстағы анықтаманы кері қайтарып алуды жүргізеді.
Тармақ 22
22. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген, сондай-ақ жұмыс беруші ауысқан жағдайда жүзеге асырылады. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген, жұмыс беруші ауысқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
Тармақ 22-1
22-1. Анықтама жоғалған немесе бүлінген жағдайда шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтаманың телнұсқасы беріледі. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама жоғалған немесе бүлінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде www.elicense.kz, www.migration.enbek.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды сала отырып, өтініш береді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықтаманың телнұсқасын береді.
Тармақ 23
23. Анықтаманың қолданысы мынадай:
Тармақша 1
1) оның берілген мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Тарау 3. 3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Тармақ 25
25. Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы қаралуға тиіс ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 27
27. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Тармақ 28
28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР АӨК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1.1. Өтініш
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларына 1-қосымша Нысан _________________________ (облыстардың, республикалық қалалары және астананың әкімдіктері жергілікті атқарушы органының атауы) _________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) _________________________ (паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) №, берілген күні және берген орган) Мекенжайы, телефон, факс _________________________ Резидент еліндегі мекенжайы, телефоны _________________________ Өтініш Мамандығы бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді/ұзартуды/қайта рәсімдеуді/телнұсқасын беруді сұраймын __________________________________________ халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбегі сәйкес (кәсіп, экономика саласы (экономикалық қызмет түрі) көрсетіледі. Жұмыс беруші туралы мәлеметтер (аңықтама ұзартылған жағдайда) __________________________________________________________________ (Жұмыс берушінің атауы, жұмыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі) Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Өтінішке: 1) __________________________________________ 2) __________________________________________ 3) __________________________________________ қоса беріледі. Өтініш берілген күн: 20_жылғы «__» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________________
Басқа 1.2. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларына 2-қосымша «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы: «Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­суы үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру неме­се ұзар­ту» Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы 1. Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­суы үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру; 2. Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ны ұзар­ту; 3. Ше­тел­дік­тің неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі мен се­ри­я­сы өзгер­ген жағ­дай­да өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ны қай­та ре­сім­деу; 4. Анық­та­ма жо­ғал­ған неме­се бү­лін­ген жағ­дай­да өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін ше­тел­дік­ке неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ға бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру. 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну жол­да­ры «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz, www. elicense.kz неме­се www.​mig​rati​on.​enbek.​kz. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 3 (үш) ай­ға дей­ін­гі мер­зім­ге анық­та­ма бе­ру - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де (өті­ніш тір­кел­ген күн­нен ба­стап). Анық­та­ма­ны ұзар­ту – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де. Анық­та­ма­ны қай­та ре­сім­деу - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де. Анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық түр­де (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі Өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін бі­лік­ті­лі­гі­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша, неме­се мем­ле­ке­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар тіз­бе­сі 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәж­де­ме­лі жа­у­ап. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7 Жұ­мыс кесте­сі Пор­тал жұ­мыс қыз­мет кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (жұ­мыс кү­ні аяқ­тал­ған­нан кей­ін өті­ніш бер­ген кез­де Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар – Ең­бек ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1. Аңық­та­ма бе­ру үшін: өті­ніш; же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­ды кө­шір­ме­сі; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­да өзге­ше көз­дел­ме­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­лім ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен та­ну неме­се но­стри­фи­ка­ци­я­лау рә­сі­мі­нен өт­кен бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­ла­ры (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де) не ағы­л­шын ті­лін оқы­ту үшін бе­рі­л­ген сер­ти­фи­кат­тар­дың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­ла­ры (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де); ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ оның қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы. 2. Анық­та­ма­ның мер­зі­мін ұзар­ту үшін: осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша анық­та­ма­ны ұзар­ту жө­нін­де өті­ніш; уәкі­лет­ті ор­ган бұ­рын бер­ген анық­та­ма; ең­бек шар­ты­ның кө­шір­ме­сі. 3. Ше­тел­дік­тің неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен се­ри­я­сы өзгер­ген жағ­дай­да анық­та­ма­ны қай­та ре­сім­деу үшін: осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша анық­та­ма­ны қай­та рә­сім­деу ту­ра­лы өті­ніш; же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), нө­мі­рі мен се­ри­я­сы өзгер­ті­л­ген құ­жат­тың кө­шір­ме­сі. 4. Анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын алу үшін: осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша анық­та­ма­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру ту­ра­лы өті­ніш; же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­ды кө­шір­ме­сі; ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ оның қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1. Ба­сым са­ла­лар­дың (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің) тіз­бе­сін­де көз­дел­ген эко­но­ми­ка­ның ба­сым са­ла­ла­рын­да (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рін­де) та­лап еті­ле­тін кә­сіп­тер­ге қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және бі­лім дең­гей­іне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға және ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ды өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру үшін олар­да та­лап еті­ле­тін кә­сіп­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 2. Ал­ты бал­ды құ­рай­тын ше­тел­дік­ті неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ды ба­ға­лау нәти­же­сі­нің қол жет­кіз­беу; 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі­нің анық­та­луы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да уәкі­лет­ті ор­ган неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­та­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре­тін өзге де та­лап­тар 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бі­рің­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы – «1411» ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. 2. «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы - www.​egov.​kz, www. elicense.kz www.​mig​rati​on.​enbek.​kz ар­қы­лы жү­гі­ну үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны (ЭЦҚ) алу үшін же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін (ЖСН) алуы қа­жет.
Басқа 1.3. Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларына 3-қосымша Нысан ________________________________ жергілікті атқарушы органының атауы Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама № _____ 20__ жылғы «__» __________ _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) _________________________________________________ Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді: ____________________________________________________________________ Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалар мен оларды талап етілетін кәсіптер тізбесіне сәйкес экономиканың басым салаларында, сұранысқа талап етілетін кәсіп көрсетіледі. Анықтаманы беру үшін негіздеме _____________________________________ Анықтаманың қолданылу мерзімі ____________ бастап _____________ дейін (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы) М.О. ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Басқа 2. Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы экономиканың басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына 2-қосымша Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы экономиканың басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі № Экономиканың басым салалары Экономикалық қызмет түрі Кәсіптер 1 2 3 4 1. Білім беру Жалпы орта білім 1. Мұғалім – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) биология мұғалімі (шет тілін білетін) 2) информатика мұғалімі (шет тілін білетін) 3) қосымша білім беру педагогі (шет тілін білетін) 4) физика мұғалімі (шет тілін білетін) 5) химия мұғалімі (шет тілін білетін) 6) шет тілінің мұғалімі 7) математика мұғалімі (шет тілін білетін) Техникалық және кәсіптік орта білім 1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы (бейін бойынша) пәндер оқытушысы (шет тілін білетін) 2) шет тілінің оқытушысы Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім 1. Оқытушы, ғылыми қызметкер – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) арнайы пәндер мұғалімі (шет тілін білетін) 2) ғылыми қызметкер (шет тілін білетін) 3) менеджер (ректор, проректор, декан, құрылымдық бөлімшелер басшылары) (шет тілін білетін) 4) шет тілінің оқытушысы 2. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну Денсаулық сақтау саласындағы қызмет 1. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер 2. Балалар хирург дәрігері (неонатальдық) 3. Жалпы пракика дәрігері 4. Неонатолог дәрігер 5. Онкогематолог дәрігер 6. Онколог дәрігер 7. Патологоанатом дәрігер (оның ішінде цитолог дәрігер) 8. Педиатр дәрігер 9. Психиатр-нарколог дәрігер 10. Физик инженер (медицинадағы) 11. Фтизиатр дәрігер 3. Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызметтер ұсыну Есептеуіш техникамен байланысты қызмет 1. Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман (компьютерлік арнайы эффектер жөніндегі маман, электроника және ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман) 2. Бағдарламашы (компьютерлік), (Бағдарламашы-жасаушы) 3. Дерекқор әкімшісі 4. Жаңа техника мен технологиялар енгізу жөніндегі инженер 5. Жүйелік сәулетші 6. Жүйелік талдаушы 4. Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер ұсыну Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет 1. Әртіс 2. Бутафор 3. Жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер (аудио-, бейне-) 4. Дыбысты жазу жөніндегі инженер (Dolby дыбыс жүйелері) 5. Өнертанушы 6. Таспаны сынау және өңдеу жөніндегі инженер (кинотаспаны дайындау жөніндегі инженер) 7. Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері бар заңгер, экономист, инженер (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) орталық директоры (мұражай-көрме, ғылыми-техникалық шығармашылық) 5. Көлік және байланыс Теміржол көлігі қызметі 1. Зауыттағы инспектор- қабылдаушы (теміржол өнімін) Әуе көлігі қызметі 1. Авиациядағы инженер-конструктор 2. Авиациялық тасымалдарды (жолаушылар, пошта-жүк, халықаралық) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер (ұшуды ұйымдастыру жөніндегі маман) 3. Авиациялық техниканы диагностикалау жөніндегі инженер (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және диагностикалау жөніндегі инженер-бақылаушы) 4. Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық жөніндегі инженер 5. Әуе кемесінің жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі маман 6. Ғарыш аппараттарын баллистикалық қамтамасыз ету жөніндегі маман 7. Ғарыш аппараттарының борт жүйелері жөніндегі маман 8. Өндірістік-диспетчерлік қызмет диспетчері (әуе кемелерінің ұшуға дайындығын бақылау, тәуліктік ұшу жоспарын қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі) (авиациялық нормативтер мен жарияланымдарды бақылау жөніндегі маман) 9. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімші (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі маман) Теңіз көлігі қызметі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) порт флотының басшысы 2) порт флоты басшысының орынбасары 2. Капитан-тәлімгер 3. Кеме жасаудағы инженер-конструктор 4. Кеме жасаудағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженер 5. Механик-тәлімгер 6. Суасты-техникалық жұмыстар жөніндегі инженер (теңіз құбырларын салу жөніндегі инженер, теңіз құбырлары жөніндегі маман) 7. Супервайзер (теңіз құрылыстары жөніндегі) 8. Электр жүйелерінің инженері (теңіз жабдығын басқару) 6. Өңдеу өнеркәсібі Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) Кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) Сусындар мен темекіні қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) Химия өнеркәсібі және мұнайгаз-химия 1. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі инженер 2. Жабдықты жинақтау жөнiндегі инженер (газ тасымалдау саласында) 3. Желілік құрылыстар инженері (газ тасымалдау саласындағы) 4. Өндіріс бастығы 5. Сынақтарды ретке келтіру жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы) 6. Инженер-технолог 7. Технологияны ретке келтіру, жетілдіру және пайдалану жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы) 8. Инженер-химик 9. Инженер-электрик (энергиямен және сумен жабдықтау және электр химиялық қорғаныс) Машина мен жабдықтар өндірісі 1. Бас инженер 2. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер 3. Заңгер, инженер, экономист –Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) 4. Инженер-электрик Электр жабдығы, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі 1. Бас инженер 2. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы) 3. Инженер-технолог 4. Электр энергетикалық жабдықты ретке келтіру және жөндеу жөніндегі инженер Басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісі 1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: 1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы) 2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор 3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент) 4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі 1. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 тіркелді). 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17194 болып тіркелді). 3. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 204 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20785 болып тіркелді). 4. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 537 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21931 болып тіркелді).