Об утверждении перечня профессий для осуществления трудовой деятельности сезонных иностранных работников Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 14-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21295 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Басқа 0. Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 235 бұйрығына қосымша Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі Р/с № Кәсіптердің атауы 1. Бағбандар және бақшашылар 2. Егіншілер және көкөнісшілер 3. Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар 4. Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар 5. Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар 6. Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар 7. 31.12.2025 дейін қолданылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.07.2025 № 209 бұйрығымен. 8. Құрылыс саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар – жұмысшылар (құрылыс/жөндеу) 9. Абаттандыру саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар (қар тазалау, аумақты тазалау) 10. Қызмет көрсету саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар (даяшылар, сатушылар)