О ставках платы за использование особо охраняемых природных территорий местного значения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлеткеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» № 210-ІІ Кодексінің 477 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» № 162-1 Заңының 28 бабына (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 мамырдағы №381-1; 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 151-ІІ заңдарына сәйкес енгізілген өзгертілермен) сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Н.Е.Усатов) және облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 3. Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы
Қарағанды облыстық Мәслихатының ІІІ сессиясының «Жергілікті мәндегі» ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы туралы» 2003 жылғы 25 желтоқсан № 35 шешіміне 1 қосымша Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы № р.н Жеке және заңды тұлғалардың жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану түрлері Өлшем бірлігі Төлем ақы ставкасы айлық есептік көрсеткіш 1 Ғылыми мақсатта (ғылыми зерттеулер жүргізу), 5 тармақта көрсетілген тұлғалардан басқа Адам-күн 0,1 2 Мәдени-ағарту және оқыту мақсатында, 5 тармақта көрсетілген тұлғалардан басқа 1)Тірі емес табиғатты, өсімдіктерді және жануарларды, тарихи-мәдени мұра объектілерін көрсету 2)Оқушылар мен студенттердің оқу экскурсиялары мен сабақтарын, өндірістік практикаларын жүргізу 3)Ғылыми кадрларды даярлау, қор ісі, қоршаған ортаны қорғау және тиісті табиғат пайдалану саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру Адам-күн Адам-күн Адам-күн 0,1 0,1 0,1 3 Туристік және рекреациялық мақсатта, 5 тармақта көрсетілген тұлғалардан басқа Адам-күн 0,2 4 Шектеулі шаруашылық мақсатта, 5 тармақта көрсетілген тұлғалардан басқа Адам-күн 0,1 5 Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 19 бабымен анықталған мемлекеттік мекеме үлгісіндегі заңды тұлғалардың төлемдер ставкасының 1,2,3,4 тармақтарында көрсетілген мақсатта ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануы Адам-күн 0,0