Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 110-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасы
Басқа 1. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 Бұйрыққа 1-қосымша Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 110-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға арналған ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата, әже, немерелер;
Тармақша 6
6) жұмыссыз – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Тармақша 7
7) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – қатысушыларының ақшаларын шоғырландыру жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке және/немесе заңды тұлғалар құрған заңды тұлға;
Тармақша 8
8) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
Тармақша 9
9) микрокредит беру ұйымы – кредит беруге уәкілетті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы;
Тармақша 10
10) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде жергілікті атқарушы органның атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайтын тұлға;
Тармақша 11
11) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
Тармақша 12
12) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі
1-параграф. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) жұмыссыздар;
Тармақша 2
2) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылатын жұмыскерлер;
Тармақша 3
3) дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;
Тармақша 4
4) отбасылық кәсiпкерлiкте еңбекақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;
Тармақша 5
5) жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз адамдар;
Тармақша 6
6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері;
Тармақша 7
7) ісін жаңадан бастаған және/немесе жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлер болып табылатын адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтеді.
Тармақ 4
4. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келетін адамдар business.enbek.kz порталында (бұдан әрі – Портал) тіркеледі. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келетін адамдардың санаттарға сәйкестігін тексеру Порталда автоматты режимде жүзеге асырылады, одан кейін skills.enbek.kz платформасында (бұдан әрі – платформа) «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсына қолжетімділік беріледі.
Тармақ 5
5. Онлайн оқыту курсының ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн.
Тармақ 6
6. Онлайн оқыту курсы өтеусіз негізде ұсынылады және оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 7
7. Онлайн оқытудың әрбір модулін аяқтау қорытындысы бойынша қатысушының алған білімі мен дағдыларын меңгеруін анықтау үшін аралық тестілеу өткізіледі. Келесі модульді оқуға көшу үшін аралық тестілеудегі сұрақтардың жалпы санының кемінде 70 (жетпіс) пайызына дұрыс жауап беру қажет. Онлайн оқыту курсын өту кезеңінде аралық тестілеуді тапсыру әрекеттерінің саны шектелмеген. Курс қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі. Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан көп дұрыс жауап алған адамға платформада бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат алған адам оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл өткен соң онлайн оқытудың курсына қайта жіберіледі. Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды.
Тармақ 9
9. Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан кем дұрыс жауап алған адамға онлайн оқыту курсы ішінде қорытынды тестілеуден екі реттен артық емес қайта өту мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 10
10. Оқуды тоқтатқан немесе қорытынды тестілеуден өтпеген адамға күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) реттен артық емес онлайн оқытуға қайта қатысу мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар беру және олардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібі
2-параграф. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар беру және олардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 11
11. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттар (бұдан әрі - гранттар) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі, оларға мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
Тармақша 2
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
Тармақша 3
3) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
Тармақша 4
4) қоныс аударушылар;
Тармақша 5
5) қандастар;
Тармақша 6
6) еңбек етуге қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 1 (бір) жылдан аз дара кәсіпкер ретінде гранттар алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Бұл ретте, тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Тармақ 12
12. Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі. Бұл ретте жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге, ұлттық және (немесе) шетелдік валюта, бағалы қағаздар, цифрлық активтер сатып алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған қызметті жүзеге асыруға берілмейді.
Тармақ 13
13. Гранттар алуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштер қабылданғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын еңбек мобильділігі орталығының ресми интернет-ресурсында жарияланады. Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады. Жыл сайын 3 (үш) ай аралығымен кемінде 2 (екі) лек ұйымдастырылады. Порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр лекте 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 14
14. Грант алуға үміткер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш береді. Грант алуға өтініш берген кезде үміткер Порталда осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарының оған сәйкес санаттарының бірін таңдайды.
Тармақ 15
15. Портал автоматты түрде үміткердің осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарының біріне сәйкестігін және мерзімі жүгінген сәтте үш жылдан аспайтын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін аяқтау туралы электрондық сертификаттың немесе бұрын қатысқаны туралы сертификаттың болуына тексеруді жүзеге асырады. Тексеруден кейін үміткер Порталда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бизнес-жоба үлгісін жүктейді, оны толтырады және Порталда жеке кабинетіне тіркейді.
Тармақ 16
16. Портал:
Тармақша 1
1) қатысу мерзімі 12 айдан аспайтын ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын;
Тармақша 2
2) соңғы 12 ай ішінде дәлелді себептерсіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды тоқтатқан;
Тармақша 3
3) бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар немесе мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар және (немесе) микрокредиттер алған;
Тармақша 4
4) дара кәсіпкердің қызметін тоқтата тұрған грант алуға өтінім бергенге дейінгі соңғы 6 айдағы жұмыссыздар;
Тармақша 5
5) бұрын алынған кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
Тармақша 6
6) Кодекстің 207-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған дара кәсіпкерлер;
Тармақша 7
7) өтініш берген сәтте қолданыстағы еңбек шарттары бар дара кәсіпкерлер;
Тармақша 8
8) банкроттық не тарату рәсіміне жататын дара кәсіпкерлер;
Тармақша 9
9) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша бизнес-жобаны іске асыру үшін лицензиясы жоқ;
Тармақша 10
10) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген үміткерлердің грант алуға берген өтініштерін қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 17
17. Грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасын мансап орталығы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссияның отырысына қарауға шығарады (бұдан әрі – комиссия). Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік масс-медиа өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен аудандар, облыстық маңызы бар қала, астана, республикалық маңызы бар қала деңгейінде комиссия құрады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Комиссия хатшысы мансап орталығының өкілі болып табылады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісім бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады. Комиссияның құрамы әрбір лек сайын, сондай-ақ конкурстық комиссияның бір немесе бірнеше мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда жаңартылып отырады.
Тармақ 17-1
17-1. Комиссия өз жұмысын алқалылық, ашықтық, жариялылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады. Комиссия отырыстарына бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың, масс-медианың өкілдері және аудан (қала) мәслихатының депутаттары болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі. Комиссия отырыстарын өткізу кезеңінде комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде ол екі жұмыс күні ішінде комиссияның төрағасын және қалған мүшелерін мүдделер қақтығысы толығымен жойылғанға дейін комиссия қызметіне қатысудан өздігінен бас тарта отырып жазбаша еркін нысанда хабардар етеді. Комиссия төрағасында мүдделер қақтығысы туындаған кезде оның өкілеттіктері оның орынбасарына өтеді. Мүдделер қақтығысы деп комиссия мүшелерінің жеке мүдделілігі олардың өз міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай ұғынылады.
Тармақ 18
18. Комиссия отырысы Порталда аудио және (немесе) бейне тіркеуді қолдану арқылы өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізіледі. Комиссия отырысының өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарлама грант алуға үміткердің жеке кабинетінде көрсетіледі. Комиссия отырысына оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады. Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия төрағасы орнында болмағанда, шешуші дауыс құқығына төрағаның орынбасары ие. Комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде трансляцияланады және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып түсіріледі. Комиссия отырысының жазбасы еңбек мобильділігі орталығында он екі ай бойы электрондық жеткізгіште сақталады. Үміткердің бизнес-жобаны онлайн қорғауына жол беріледі. Комиссия отырысында грант алуға үміткер жаңа бизнес-идеялардың жобасын таныстырады. Комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бағалау парағында грант беру (бермеу) себептері бар шешімді көрсетеді. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес комиссия шешімінде бизнес-идеялардың ендірілуге дайын екені туралы ақпарат көрсетіледі. Комиссияның шешімі бағалау парағына сәйкес грант алушылардың тізімі көрсетіле отырып, комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін мансап орталығының қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссия шешімін отырыс хаттамасына және грант алушылардың қалыптастырылған тізіміне сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізеді. Комиссияның шешімі еңбек мобильділігі орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 19
19. Комиссия отырысының шешімі «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізілгеннен кейін грант алуға үміткер Порталдағы «Жеке кабинет» арқылы грант беру/бермеу туралы тиісті хабарлама алады.
Тармақ 20
20. Комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға үміткер тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркейді және Порталдағы дара кәсіпкердің банк деректемелері бар банк шотын ұсынады, ол «Еңбек нарығы» ААЖ-ға жіберіледі. Көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркемеген және дара кәсіпкердің банк шотын ұсынбаған грант алуға үміткерге Комиссияның грант беру туралы бұрын алған шешіміне қарамастан грант берілмейді. Бұл ретте үміткер келесі лектерде грантқа қайта өтінім бере алады.
Тармақ 21
21. Еңбек мобильділігі орталығы осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес грант алушыға тіркелген дара кәсіпкердің банк деректемелері бар банк шотын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қояды және грант алушының Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Тармақ 22
22. Грант алушы осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес шартты алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол «Еңбек нарығы» ААЖ-ға жіберіледі. Егер грант алушы белгіленген мерзімде Порталдағы жеке кабинетте Шартқа қол қоймаса, онда автоматты түрде грант алмайды, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында грант алуға одан әрі өтініш бере алмайды.
Тармақ 23
23. Еңбек мобильділігі орталығы шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушға тіркелген дара кәсіпкердің ағымдағы банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және грант алушының деректерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың салық органына береді. Грант қаражатын пайдалану тек қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Тармақ 23-1
23-1. Еңбек мобильділігі орталығы жыл сайын 10 сәуірге дейін өзінің ресми интернет-ресурсында грант алушылар, қаржыландырылған бизнес-жобалар, берілген гранттардың сомалары және грант алушылар құрған жұмыс орындары туралы толық ақпаратты жариялайды.
Тармақ 24
24. Грант қаражатын нысаналы пайдалануды грант алушы бизнес-жобаға сәйкес Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайды. Грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсына отырып, бизнес-жоспардың іске асырылу барысы туралы 24 (жиырма төрт) ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады. Грант қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) Шартта көзделген мақсаттарға тауар, жұмыс, қызмет үшін ақы төлеу немесе қаражат жіберу фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалары, фискалдық чектер, кіріс кассалық ордерге түбіртектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (грант берілген күннен бастап грант қаражаты нақты игерілген күнге дейін) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа төлем құжаттары;
Тармақша 2
2) тауарларды алуды, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді және грант беру туралы шартта көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізуді растайтын құжаттар: шарттар, келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, жүк кедендік декларациялар және (немесе) қабылдау-беру актілері;
Тармақша 3
3) бизнес-жобаның іске асырылу барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өткізілуін растайтын құжаттар.
Тармақша 4
4) жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды және мансап орталығының жолдамасы бойынша құрылған жұмыс орындарына ізденушілерді жұмысқа орналастыруды растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) бизнес-жобаның іске асырылу барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өткізілуін растайтын құжаттар болып табылады. Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) грант қаражатын нысаналы пайдалану туралы растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаны іске асыру барысы туралы есеп Порталға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды бизнес-жобаға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады. Грант алушының Шарт талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда еңбек мобильділігі орталығы бір жақты тәртіппен Шартты бұзады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, оның ішінде сот тәртібінде грант қаражатын қайтару бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 25
25. Грант алушы грант алған күннен бастап 12 ай ішінде, бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 25-1
25-1. Грант алушы грант алған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде кемінде 1 (бір) жаңа тұрақты жұмыс орнын құрады және мансап орталығының жолдамасы бойынша құрылған жұмыс орындарына ізденушілерді жұмысқа орналастырады.
Тармақ 26
26. Грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде Портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді.
Тармақ 27
27. Грант алушы Шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде:
Тармақша 1
1) грант қаражаты толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда қаражатты толық қайтаруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ішінара пайдаланған жағдайда Порталдағы жеке кабинетте тиісті өтініш беру арқылы қалған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Бизнес-жобаны іске асыруды нысаналы пайдалануды растау:
Тармақша 1
1) жаза шартты түрде тағайындалған жағдайларды қоспағанда, жұмыссызды бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға соттау;
Тармақша 2
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберу;
Тармақша 3
3) грант алушының қайтыс болуы;
Тармақша 4
4) грант алушыны хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау;
Тармақша 5
5) сот грант алушыны әрекетке қабілетсіз деп тану жағдайларында талап етілмейді. Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде грант алушыға әскери қызмет өткеру мерзіміне кейінге қалдыру беріледі.
Тармақ 29
29. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі
3-тарау. Қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі
Тармақ 30
Тармақ 31
Тармақ 32
Тармақ 33
Тармақ 34
Тармақ 1. 1-параграф. Қайтарымды негізде жастарға микрокредит беру тәртібі
1-параграф. Қайтарымды негізде жастарға микрокредит беру тәртібі
Тармақ 35
35. Жастарға микрокредит беру мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға мынадай шарттармен бюджеттік кредит береді:
Тармақша 1
1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – бизнес жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру;
Тармақша 3
3) 28 (жиырма сегіз) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі ай) айды құрайды және ол бюджеттік кредитті халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударған сәттен бастап есептеледі.
Тармақ 36
36. Микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
Тармақ 37
37. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит қаражатын сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес береді.
Тармақ 38
38. Жастар қатарындағы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда:
Тармақша 1
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 2
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллион теңгеге дейін;
Тармақша 3
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
Тармақша 4
4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
Тармақша 5
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес салық органдарында тіркеу мерзімі үш жылдан астам мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін соңғы 2 (екі) жылда жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер бойынша оң динамикасының болуы;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес салық органдарында тіркелу мерзімі бір жылдан кем емес мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін микрокредит алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде кемінде 1 (бір) жаңа тұрақты жұмыс орнын құру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес салық органдарында тіркеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін кемінде 2 (екі) тұрақты жұмыс орнын құру;
Тармақша 10
10) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінде болмаған кезде;
Тармақша 11
11) банкроттық не тарату рәсімі болмаған кезде микрокредиттер беріледі. Үміткер микрокредит алуға өтініш берілген жылға дейін соңғы 2 (екі) жыл ішінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің көлемін ұлғайтуды қамтамасыз еткен кезінде осы Қағидалардың 38-тармағының 7) тармақшасына сәйкес деп есептеледі. Үміткер микрокредит алуға өтініш берілген жылға дейін соңғы 2 (екі) жыл ішінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің көлемі төмендеген кезде осы Қағидалардың 38-тармағының 7) тармақшасына сәйкес келмейді деп есептеледі.
Тармақ 39
39. Микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі талаптары, тәсілдері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабына сәйкес тапсырма шартында белгіленеді.
Тармақ 40
40. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің микрокредит бойынша шарт міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
Тармақ 41
41. Сенім білдірілген өкіл (агент) ағымдағы бюджеттік кредит бойынша қаражат толық игерілген кезде бұрын берілген микрокредиттер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес талаптарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.
Тармақ 43
43. Микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерді сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
Тармақ 44
44. Сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде барлық қажетті құжаттармен және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен өзінің ішкі құжаттарына сәйкес ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді. Бизнес-жобаны бағалаудан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды және бағалау нәтижелерін жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсыну үшін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді. Бизнес-жобаларды іріктеу критерийлері өзектілік және жобаның негізділігі, аргументтілік, экономикалық тиімділік және орындылық, қоғамдық маңыздылық, бизнестің нақты іс-қимыл жоспары мен дамыту стратегиясының болуы, бизнес-жобаның өміршеңдігі, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, бизнес-жобаны іске асырудан болжамды пайда деңгейі болып табылады. Комиссия құрамында 7 (жеті) адам, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен мәслихат депутаттарынан тұратын астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің шешімімен құрылады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия төрағасы Комиссияның бірінші отырысында оның мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланады. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.
Тармақ 45
45. Жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы кемінде айына бір рет өткізіледі. Микрокредиттер беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. Комиссия отырысына оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады. Комиссия отырысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Үміткер өзінің бизнес-жобасын комиссия отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы таныстырады. Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия төрағасы орнында болмағанда, шешуші дауыс құқығына төрағаның орынбасары ие. Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына масс-медиа, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі. Аудандағы бизнес-жобаның өзектілігін айқындау мақсатында комиссия отырысына аудандардың кәсіпкерлік және (немесе) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылады. Комиссия отырысы барысында байқаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды, бұл ретте олар Комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, үміткерлердің дербес деректеріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермейді. Комиссия осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес бағалау парағында микрокредит беру (бермеу) себептерін көрсете отырып, шешімді көрсетеді. Комиссияның шешімі негіздемелерге сәйкес микрокредит алушылардың тізімі көрсетіле отырып, комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды. Үміткерлер шешімге сот тәртібімен шағымдана алады.
Тармақ 46
46. Микрокредит беру жөніндегі үздік бизнес-жобасы бар іріктелген үміткер халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) микрокредит беру туралы шартқа, кепіл шартына қол қояды, кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) бес жұмыс күні ішінде оның ағымдағы шотына микрокредит сомасын аударады.
Тармақ 47
47. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.
Тармақ 48
48. Микрокредиттік қарыздың және (немесе) түпкілікті қарыз алушылардың төлем тәртібін нысаналы пайдаланылу мониторингісін бақылауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қол қойылған қарыз шартының талаптары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартында көрсетілген мерзімдерде түпкілікті қарыз алушылардың микрокредиттік қарызды нысаналы пайдалануына және олардың төлем тәртібіне мониторингті жүзеге асырады. Мониторингті жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) түпкілікті қарыз алушыдан мониторинг нысанасына қатысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратады. Сенім білдірілген өкіл (агент) мониторинг жүзеге асырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мониторинг есебін жасайды және оны халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді. Мониторинг есебіне сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
Тармақ 48-1
48-1. Төтенше жағдайлар кезінде қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылады. Ағымдағы жылғы кесте бойынша барлық төлемдер шарттың қолданысын тиісті ұзарта отырып, біркелкі төлемдермен қаржыландыру мерзімі аяқталғанға дейін келесі жылдың төлемдеріне бөлінеді.
Тармақ 48-2
48-2. Қарыз алушылардың кредиттері бойынша төтенше жағдайларға байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Микрокредит беру ұйымдары арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі
2-параграф. Микрокредит беру ұйымдары арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі
Тармақ 3. 3-параграф. Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі
3-параграф. Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі
Басқа 1. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар алуға өтініш
Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Аудан (қала) мансап орталығының директорына ____________________________ ____________________________ тұрғылықты жері _____________ ____________________________ (қала (аудан) кодын көрсете отырып байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар алуға өтініш Грант беруді сұраймын: 1. Жобаның атауы_________________________________________. 2. Жобаның болжамды құны _________________________ теңге. 3. Грант алу мақсаты _______________ (анықтамалықтан таңдалады). 4. Үміткердің жұмыспен қамту санаты (автоматты түрде қойылады). 5. Білім деңгейі (анықтамалықтан таңдалады). 6. Жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіш. 7. Үміткердің әлеуметтік санаты (автоматты түрде қойылады). Бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығын растаймын. Әзірленген бизнес-жобаны қоса беремін. Ескертпе: Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Банктік құпияны қамтитын мәліметтерге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына қол жеткізуге келісім беремін. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымша Облыстың/қаланың атауы Елді мекеннің атауы Жобаның бастамашысы: _________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тармақ 1
Бастамашының аты-жөні (бар болса) Бастамашының ЖСН Байланыс телефондары Тұратын мекенжайы Бастамашының ұйымдық-құқықтық мәртебесі немесе жұмыспен қамтылу санаты Дара кәсіпкер не тіркелген жұмыссыз Заңды мекенжайы Дара кәсіпкердің не жұмыссыздың тіркелген мекенжайы Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі Сіздің кәсіпкерлік тәжірибеңіз неше жыл (ресми немесе бейресми) Отбасы жағдайы және еңбекке жарамсыз балалар саны Отбасылық жағдайыңызды және кәмелетке толмаған балалар санын көрсетіңіз
Тармақ 2
Ескерту: Бизнес жобаңыздың мақсатын бір сөйлеммен сипаттаңыз
Тармақ 3
Ескерту: Бизнес идеяңызды қысқаша сипаттаңыз
Тармақ 4
р/с № Атауы Саны Бағасы Барлық сома грант қаражаты (теңге) жеке меншік қаражат (теңге) 1. Жиыны Ескерту: Бизнес-жобаны іске асыру кезінде сатып алуды жоспарлаған тауарлар/қызметтер тізімін көрсетіңіз
Тармақ 5
№ Қызмет / өнім Бағасы (теңге) 1. Ескерту: Сіз өндіруді/көрсетуді жоспарлап отырған тауарлардың/қызметтердің тізімін көрсетіңіз
Тармақ 6
Қызмет/тауар түрлері Бағасы Айына көлемі Айына табыс Жиыны Ескерту: Ұсынылатын қызметтер/сатылатын өнімдердің бағасын ескере отырып, болжалды кірісті есептеңіз
Тармақ 7
Көрсеткіш Күнтізбелік жыл Грант алған жылы Келесі жылға Келесі жылы Кіріс Барлық кіріс Шығыс Барлық шығыс ТАБЫС Ескерту: Пайда «Жалпы кіріс – жалпы шығыс = пайда» формуласы бойынша есептеледі Ескерту: Болған жағдайда, шығыстар мен кірістер баптарына түсініктемелерді сипаттаңыз
Тармақ 8
№ Өнім­нің/қыз­мет­тің ата­уы Өнім/қыз­мет ба­ға­сы тең­ге­мен (бірл. үшін) Өнім­дер­ді/қыз­мет­тер­ді кім­ге са­ту­ды жос­пар­лап отыр­сыз? Өнім­ді/қыз­мет­ті са­ту­ды жос­пар­ла­ған тұл­ға­ның бай­ла­ныс те­ле­фо­ны Сіз өз өнім­де­рі­ң­із­ді/қыз­мет­те­рі­ң­із­ді қай ай­м­ақ­қа, қа­ла­ға неме­се аудан­ға сат­қы­ңыз ке­ле­ді Са­ту үшін қан­дай тех­ни­ка­лық та­лап­тар қа­жет өнім­дер / қыз­мет­тер Қан­дай бә­се­ке­ле­стер ұқсас бар өнім­де­рі­мен/қыз­мет сіз­дің ай­ма­ғы­ңы­зда Ес­кер­ту: мы­са­лы, қо­рап, па­кет, плен­ка Ес­кер­ту: бә­се­ке­ле­стер на­ры­ғын зерт­теп, олар­ды си­патта­ңыз Сіздің аймағыңыздағы 1 әлеуетті клиенттің орташа айлық табысы Сіздің есептеулеріңіз бойынша бір сатып алушы 1 жыл ішінде қанша тауар/қызмет сатып ала алады? Сіздің әлеуетті клиентіңіздің орташа айлық табысы тауарды/қызметті сатып алу көлемінің есебі қандай деректер негізінде жүргізілді? Қандай тауарлар / қызметтер сіздің өнімдеріңізге / қызметтеріңізге бәсекелес?
Тармақ 9
Тауарды / қызметті сату нүктеңіздің орналасқан жері (облыс, аудан, ауыл) Неліктен сіз өз бизнесіңіз үшін дәл осы орынды таңдадыңыз? (бірнеше себептерді көрсетіңіз) Клиенттер сіздің өнімдеріңіз немесе қызметтеріңіз туралы қалай біледі? Олар сізбен қалай байланыса алады?
Тармақ 10
Сіз шикізат пен материалдарды сатып алатын жабдықтаушыларыңыз бар ма? Сіз олармен бұрыннан жұмыс жасағансыз ба? Сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз қандай және сіздің клиенттеріңіз бұл туралы қалай біледі? Сіздің бизнесіңіздің бәсекелестік артықшылығын сипаттаңыз және ол туралы ақпаратты клиенттерге қалай жеткізесіз? Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 3-қосымша Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): ____________ Бизнес-жобаның атауы: _________________ Облыстың, ауданның атауы: ________________ Өтінімді қарау күні: ____________________ № Бағалау критерийінің атауы Бағалау 1. Бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі 1. Бизнес-жоба осы елді мекенде/ауданда/қалада сұранысқа ие ма? 2. Ол елді мекеннің / ауданның/қаланың экономикалық мамандануына сәйкес келе ме? 3. Кәсіпкерлік қызметтің осы түрімен айналысу үшін елді мекен/аудан/қала экономикасында бос орын бар ма? Иә / Жоқ 2. Өткізу нарықтарының пысықталуы: 1. Үміткер өз тауарларының, жұмыстарының немесе қызметтерінің әлеуетті тұтынушыларын біле ме? 2. Үміткер әлеуетті бәсекелестерді біле ме? Иә / Жоқ 3. Бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі: 1. Бизнес-жобада көрсетілген бастапқы материалдардың/өндіріс құралдарының бағалары нарықтық бағаларға сәйкес келе ме? 2. Бизнес-жобада көрсетілген тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бағалары нарықтық бағаларға сәйкес келе ме? 3. Бизнес-жоба (қысқа немесе орта мерзімді кезеңде) тиімді ме? Иә / Жоқ 4. Кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі: 1. Үміткердің бизнес-жобаның мазмұны бар ма? 2. Үміткер бизнес-жобаны таныстыра ала ма? Иә / Жоқ 5. Жаңа жұмыс орындарын құру: осы жоба аясында қосымша жұмыс орындарын құру қарастырылған ба (үміткердің өзін қоспағанда)? Иә / Жоқ Комиссия мүшесінің шешімі (грант беру / грант беруден бас тарту) ____________________ Комиссия мүшесінің қолы: ______________ Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 4-қосымша Грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия): 1. Комиссия төрағасы _____________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 2. Комиссия мүшесі ____________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 3. Комиссия мүшесі ____________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 4. Комиссия мүшесі ____________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 5. Комиссия мүшесі ____________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грантты алуға үміткер _________________________________________________ өтінішін және ұсынған, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) құжаттарын қарап: Комиссия мынадай шешім қабылдады: ______________________________ _____________________________________________________________________ Комиссия негіздемесі (бастапқы бизнестің енгізуге әзірлігі туралы, жаңа жұмыс орындарын құру туралы) _______ парақта. Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы __________________________ _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________ қолы _______________ қолы Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Индекс: 1-МК Жиілігі: ай сайын. Есепті кезең: 20 __ жылғы __________ ай. Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы, облыстардың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы. Қайда ұсынылады: облыстардың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне. Ұсыну мерзімі: облыстардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы облыстардың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 - күніне дейінгі мерзімде; облыстардың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде. Кесте. Берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп. № р/п Об­лы­стар­дың ата­уы Аудан­дар­дың ата­уы Мик­ро­кре­дит алушы­лар қа­та­ры­нан тір­кел­ген жұ­мыс­сыздар са­ны, адам Мик­ро­кре­дит алушы­лар қа­та­ры­нан ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар са­ны, адам Өт­кен жы­л­ға қа­рай мал ша­ру­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша өн­ді­ріс кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы, НКИ % Өт­кен жы­л­ға қа­рай Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша өн­ді­ріс кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы, НКИ % Азық-тү­лік өнім­де­рін өн­ді­ру кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы, НКИ в % 1 2 3 4 5 6 7 8 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген. Атауы ____________________________________________ Мекен-жайы ____________________________________________ Телефон ____________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ______________________________ Орындаушы:_____________________________ _________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға: _______________________________________ ______________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Күні: «____» ___________ 20__ жыл Мөрдің орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп» нысанына қосымша
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысан келесідей толтырылады: нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі; нысанның 2-бағанында облыстардың атауы көрсетіледі; нысанның 3-бағанында аудандардың атауы көрсетіледі; нысанның 4-бағанында микрокредит алушылар қатарынан тіркелген жұмыссыздардың саны көрсетіледі; нысанның 5-бағанында микрокредит алушылар қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны көрсетіледі; нысанның 6-бағанында өткен жылға мал шаруашылығы бойынша өндіріс көлемінің ұлғаюы көрсетіледі, НКИ %; нысанның 7-бағанында өткен жылға өсімдік шаруашылығы бойынша өндіріс көлемінің ұлғаюы көрсетіледі, НКИ %; нысанның 8-бағанында тамақ өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы, НКИ % көрсетіледі.
Басқа 6. Микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі
Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 6-қосымша Микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі № р/с Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат тү­рі/мә­лі­мет­тер Ес­керт­пе 1 Се­нім біл­дір­ген өкіл­дің (агент­тің) іш­кі нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ры­на сәй­кес мик­ро­кре­дит алу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма - өті­ні­ші түп­нұс­қа/ элек­трон­дық құ­жат мик­ро­кре­дит бе­ру­ге өті­нім­дер­ді қа­был­да­удың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де кре­ди­тор­дың қа­ты­суы­мен тол­ты­ры­ла­ды 2 Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат кө­шір­ме­сі/ құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі/ мем­ле­кет­тік де­ректер қо­ры­нан алын­ған элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер мик­ро­кре­дит бе­ру­ге өті­нім­дер­ді қа­был­да­удың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де құ­жат­тың кө­шір­ме­ле­рі түп­нұс­қа­сы­мен са­лы­сты­ры­ла­ды 3 Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің ол ту­ра­лы ақ­па­рат­ты кре­дит­тік бю­ро­ға бе­ру­ге, сон­дай-ақ кре­дит­тік есеп­ті алушы­ға кре­дит­тік есеп­ті бе­ру­ге ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа/ элек­трон­дық құ­жат Кре­ди­тор­дың қа­ты­суы­мен тол­ты­ры­ла­ды 4 Субъ­ек­ті­нің бе­рі­л­ген мик­ро­кре­дит ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді және мем­ле­кет­тік (оның ішін­де құқық қор­ғау)/мем­ле­кет­тік емес ор­ган­дар­ға, масс-ме­диа­ға кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луы /орын­дал­мауы ту­ра­лы бар­лық ақ­па­рат­ты бе­ру­ге және алу­ға ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа/ элек­трон­дық құ­жат мик­ро­кре­дит бе­ру­ге өті­нім­дер­ді қа­был­да­удың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де кре­ди­тор­дың қа­ты­суы­мен тол­ты­ры­ла­ды 5 Биз­нес-жос­пар қарыз алушы қол қой­ған түп­нұс­қа/ элек­трон­дық құ­жат мик­ро­кре­дит бе­ру­ге өті­нім­дер­ді қа­был­да­удың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де 6 Қа­ты­су­шы/үміт­кер­дің уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның мик­ро­кре­дит алу, мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру жө­нін­де­гі мәмі­ле­ні ма­құл­дау ту­ра­лы ше­ші­мі түп­нұс­қа (мик­ро­кре­дит ма­құл­дан­ған­нан кей­ін ұсы­ны­ла­ды) 7 Ке­піл бе­ру­ші­лер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на және се­нім біл­дір­ген өкіл­дің (агент­тің) іш­кі құ­жат­та­ры­на сәй­кес ре­сім­дел­ген мү­лік­ті ке­пі­л­ге бе­ру жө­нін­де­гі ке­лі­сі­мі түп­нұс­қа (мик­ро­кре­дит ма­құл­дан­ған­нан кей­ін ұсы­ны­ла­ды) 8 Шот­тың бо­луы және кре­дит­тік бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы, оның ішін­де қар­жы ұй­ым­да­ры­нан мер­зі­мі өт­кен шот­тың бо­луы ту­ра­лы (кре­дит­тер болған кез­де) қыз­мет көр­се­те­тін банк­тен анық­та­ма­лар түп­нұс­қа (мик­ро­кре­дит ма­құл­дан­ған­нан кей­ін ұсы­ны­ла­ды)/ элек­трон­дық құ­жат түп­нұс­қа (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 күн­ге дей­ін­гі мер­зім­ге уәкі­лет­ті тұл­ға түп­нұс­қа­мен са­лы­сты­рып тек­сер­ген кө­шір­ме­ге жол бе­рі­ле­ді)/ кре­дит­тік бю­ро­лар­дан элек­трон­дық фор­мат­та­ғы мә­лі­мет­тер мик­ро­кре­дит бе­ру­ге өті­нім­дер­ді қа­был­да­удың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де 9 Ба­ға­лау ту­ра­лы есеп түп­нұс­қа/ элек­трон­дық құ­жат мик­ро­кре­дит бе­ру­ге өті­нім­дер­ді қа­был­да­удың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де 10 Ке­піл бе­ру­ші және ке­піл­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі құ­жат­тар кө­шір­ме­сі/ мем­ле­кет­тік де­рекқор­дан алын­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі түп­нұс­қа­сы­мен са­лы­сты­ры­ла­ды Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 7-қосымша Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): ____________ Бизнес-жобаның атауы: _________________ Облыстың, ауданның атауы: ________________ Өтінімді қарау күні: ____________________ № Бағалау критерийінің атауы Бағалау 1. Бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі 1. Бизнес-жоба осы елді мекенде/ауданда/қалада сұранысқа ие ма? 2. Кәсіпкерлік қызметтің осы түрімен айналысу үшін елді мекен/аудан/қала экономикасында бос орын бар ма? 3. Осы бизнес-идея бойынша сұраныс бар ма? Иә / Жоқ 2. Бизнес-жобаның нақтылығы: 1.Осы бизнес-жобаның қандай артықшылықт ары бар? 2.Бұл бизнес жоба қарсыластарынан несімен жақсы? Иә / Жоқ 3. Экономикалық негізділігі: 1. Бизнес-жобада көрсетілген бастапқы материалдардың/өндіріс құралдарының бағалары нарықтық бағаларға сәйкес келе ме? 2. Бизнес-жобада көрсетілген тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бағалары нарықтық бағаларға сәйкес келе ме? 3. Бизнес-жоба (қысқа немесе орта мерзімді кезеңде) тиімді ме? Иә / Жоқ 4. Жалпы маңыздылығы Иә / Жоқ 5. Бұрын атқарылған жұмыстардың болуы Иә / Жоқ 6. Іс-қимыл жоспары: 1.Бизнес-идеяны дамыту бойынша іс-қимыл алгоритмінің болуы? 2.Тұтынушыларды қалай тартуды жоспарлап отырсыз? Иә / Жоқ 7. Бизнес-жобаның өміршеңдігі: 1. Үміткер өз тауарларының, жұмыстарының немесе қызметтерінің әлеуетті тұтынушыларын біле ме? 2. Үміткер әлеуетті бәсекелестерді біле ме? Иә / Жоқ 8. Жаңа жұмыс орындарын құру: осы жоба аясында қосымша жұмыс орындарын құру қарастырылған ба (үміткердің өзін қоспағанда)? Иә / Жоқ Комиссия мүшесінің шешімі (микрокредит беру / беруден бас тарту) ____________________ Комиссия мүшесінің қолы: ______________
Басқа 8. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 8-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz Әкімшілік нысанның атауы: Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-МК Кезеңділік: ай сайын Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін ЖСН/БСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегирленген түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде Кесте № р/с Кре­ди­тор­дың ата­уы Қарыз алушы­ның ата­уы Қарыз алушы­ның ата­уы же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ қарыз алушы­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Жо­ба­ның ата­уы Мик­ро­кре­дит бе­ру кү­ні 1 2 3 4 5 6 Кестенің жалғасы: Мик­ро­кре­дит бе­ру мер­зі­мі, ай­лар Микро­едит со­ма­сы (тең­ге) Мик­ро­кре­дит бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі Қарыз қа­ра­жа­ты­ның ны­са­на­лы мақ­са­ты (қарыз қа­ра­жа­ты­ның әр­бір ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып) Қа­ра­жат­ты нақ­ты ны­са­на­лы пай­да­ла­ну(қарыз қа­ра­жа­ты­ның әр­бір ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып) 7 8 9 10 11 Кестенің жалғасы: Іс­ке асы­ру ор­ны (аудан) ЭҚ­ЖЖ ко­ды көр­се­ті­л­ген эко­но­ми­ка са­ла­сы Ба­стап­қы биз­нес (стар­тап жо­ба­лар), тең­ге Іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған, жұ­мыс іс­теп жүр­ген кә­сіп­кер­лер (тең­ге) Құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны 12 13 14 15 16 Атауы _______________________________________________________ Мекенжайы __________________________________________________ Телефоны ___________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы __________________________________ Орындаушы: _____________________________________ ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам: _____________________________________ ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Күні: 20__ жылғы «___»____________________. Мөрдің орны (бар болса)
Басқа 8.1. «Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсініктеме
«Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша «Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды сенім білдірілген өкіл (агент) толтырады және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Тармақ 3
3. Нысан ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде ұсынылады.
Тармақ 4
4. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тармақ 5
5. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 6
6. Нысан төмендегідей толтырылады: Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі; Нысанның 2-бағанында кредитордың атауы көрсетіледі; Нысанның 3-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі; Нысанның 4-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; Нысанның 5-бағанында қарыз алушының бизнес-жобасының атауы көрсетіледі; Нысанның 6-бағанында қарыз алушыға микрокредит берілген күн көрсетіледі; Нысанның 7-бағанында микрокредиттің мерзімі көрсетіледі; Нысанның 8-бағанында микрокредиттің сомасы көрсетіледі; Нысанның 9-бағанында микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі; Нысанның 10-бағанында қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып, қарыз қаражатының нысаналы мақсаты көрсетіледі; Нысанның 11-бағанында қарыз қаражатының әрбір бағытының атауын және сомасын көрсете отырып, қаражатты мақсатқа сай пайдалану фактісі көрсетіледі; Нысанның 12-бағанында бизнес-жобаның іске асырылатын орны көрсетіледі; Нысанның 13-бағанында ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып, қарыз алушының бизнес-жобасы экономиканың қай саласына жататыны көрсетіледі; Нысанның 14-бағанында бастапқы бизнеске (стартап жобаларға) берілген микрокредиттердің сомасы көрсетіледі (теңге); Нысанның 15-бағанында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге берілген микрокредиттердің сомасы көрсетіледі (теңге); Нысанның 16-бағанында қарыз алушылар құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
Тармақ 1
1. «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26747 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 263 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28818 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31492 болып тіркелген).