О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в городе Приозерск Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысының Приозерск қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 696-3 бабының 5-тармағына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 2 %-ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.