Об утверждении Правил назначения и осуществления единовременной выплаты на погребение из средств республиканского бюджета Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық бюджет қара жатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасында Әлеуметтік кодексінің 242-бабы 5-тармағына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе ебек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 Бұйрығына 1-қосымша Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 242-бабы 5 тармақшасына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасын сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) АХАЖ АЖ – «Азаматтардың хал актілерін жазу» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 3
3) «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-макет» ААЖ) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды электрондық тағайындау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 4
4) «БХТ» АЖ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;
Тармақша 7
7) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Әлеуметтік кодекспен белгіленген жағдайларда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;
Тармақша 8
8) өтініш беруші – республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген жеке тұлға, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
Тармақша 9
9) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Тармақша 10
10) республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (көрсетілетін қызметті беруші) (бұдан әрі – жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның ведомстволық аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 11
11) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган
Тармақша 12
12) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 13
13) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 14
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 15
15) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Мемлекеттік корпорацияда немесе «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы автоматты режимде қалыптастыратын республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлем (бұдан әрі – жерлеуге арналған біржолғы төлем) алушының электрондық іс макеті.
Тармақ 3
3. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
Тармақ 4
4. Қайтыс болған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды (бұдан әрі – алушы) алушыны жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға өтініш берушінің Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
Тармақша 2
2) портал арқылы;
Тармақша 3
3) проактивті қызмет арқылы жүзеге асырылады (ұялы байланыс абоненттік құрылғысы). Төлем тағайындау бойынша проактивті қызметтер көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.
Тарау 2. 2-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаларға жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындауға өтініш берген жағдайда өтінішке жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болған кезде өтініш берушінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы қол қойылады немесе куәландырылады.
Тармақ 6
6. Құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – АЖ) сұрау салулар қалыптастырады: Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры АЖ. «ОДҚ» АЖ қайтыс болған алушы туралы мәліметтерді растауға, төлемді тағайындау, сондай-ақ алушыны жерлеуге біржолғы төлемді тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы; «АХАЖ» АЖ-да алушының қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша. Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға АЖ мәліметтер болмаған кезде өтінішке қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) немесе дара кәсіпкердің (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін) патенті;
Тармақша 2
2) алушының қайтыс болғаны туралы хабарлама немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат. Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынған кезде нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын куәландырады.
Тармақ 8
8. Жерлеуге арналған біржолғы төлем мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес регламенттелген.
Тармақ 9
9. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ АЖ-дан алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін жаңғырту сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Тармақ 10
10. Өтініш беруші құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды өтініш берушіге тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат дереу беріледі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде жерлеуге біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш, егер жерлеуге біржолғы төлем алуға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей келіп түссе, осы Қағидаланың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтардың төлем тағайындау туралы өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі.
Тармақ 12
12. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат жібереді (өтініш берушінің өзі жеке жүгінген кезде қолхат қағаз форматта беріледі).
Тармақ 2. 2-параграф. Портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі
2-параграф. Портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 13
13. Өтініш беруші бір жолғы жәрдемақыларды тағайындауға портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на сұрау салу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан өтініш беруші өзі жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды портал арқылы жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және оны «Е-макет» автоматтандырылған ААЖ-ға жібереді. Біржолғы төлемдерді тағайындауға портал арқылы келіп түскен төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
Тармақша 1
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
Тармақша 2
2) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау фактісінің болмауы;
Тармақша 3
3) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
Тармақша 4
4) адамның қайтыс болған күніне жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алушы ретінде оның мәртебесі;
Тармақша 5
5) жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен үш жылдан кешіктірілмей жүгіну. Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болған жағдайда өтініш өңдеуге арналған «Е-макет» ААЖ кіріс хабарламалар журналына ауыстырылады. Портал арқылы біржолғы төлемдерді тағайындауға жүгінген өтініш берушіге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Портал арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындауға өтініштерін тіркеудің электрондық журналында автоматты түрде тіркеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызметтер арқылы жүзеге асыру тәртібі
3-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызметтер арқылы жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 14
14. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезінде өтініш беру талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушыны айқындау үшін «Е-макет» ААЖ арқылы қайтыс болу туралы акт жазбасын тіркеуге өтініш білдірген адам туралы мәліметтерді алуға АХАЖ АЖ-ға не қайтыс болған адамның денесін алып кеткен адам туралы мәліметтерді алу үшін БХТ АЖ -ға сұрау салу бастамашылық етіледі. Мемлекеттік органдардың АЖ-дан қажетті мәліметтерді алған кезде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеу кезінде «Е-макет» ААЖ арқылы жерлеуге біржолғы төлем тағайындау және қарым-қатынас тілін таңдау мүмкіндігі туралы sms-хабарға бастамашылық жасалады.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан басқа да қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы банктік шоттың нөмірін растау немесе ұсыну туралы sms-хабар жібереді. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға келісім алған күн проактивті қызмет арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға жүгінген күн болып есептеледі.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті алушының келісімін алған жағдайда «Е-макет» ААЖ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) тіркеудің электрондық журналында өтінішті автоматты түрде тіркеуді жүзеге асырады, содан кейін өтініш берушіге уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілген параметрлер бойынша тексеруден өтпеген жағдайда «Е-макет» ААЖ өтініш берушіге электрондық өтінімнің қабылданбағаны туралы хабарламаны автоматты түрде ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
3-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 17
17. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға ЭІМ және электрондық шешім жобасын қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді. Мемлекеттік корпорацияның филиалы бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, есептеудің және ЭІМ мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешім қабылдау үшін жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган электрондық құжаттармен келіп түскен электрондық шешім жобасын қарайды, олар жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіні көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама арқылы біржолғы төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы sms-хабарламалар осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша sms-хабарламалар журналында тіркеледі. Порталда жерлеуге біржолғы төлем тағайындау туралы ақпарат уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімінің негізінде олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9 немесе 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатына өтінімді, сондай-ақ 11-қосымшаға сәйкес тізім-ведомосін қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тармақ 19-1
19-1. Жерлеуге берілетін біржолғы төлем ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) немесе «Е-макет» ААЖ порталы арқылы автоматты түрде тағайындаған жағдайда: осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ЭІМ және жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау туралы шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады, көрсетілетін қызыметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы шешімнің электрондық жобасын бекітеді; ЭІМ-да тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қалыптастырады; «ОДҚ» ААЖ-да төлем үшін шешімнің электрондық жобасын қоюды автоматты түрде жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемді аударуды жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
Тармақ 22
22. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Тармақ 23
23. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Тармақ 24
24. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 25
25. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаның көрсетілетін қызметті берушісі әкімшілік процедура қатысушысының әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігіне) қарсы болған лауазымды тұлғасына ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдау жүргізеді.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 28
28. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемдердің тағайындалған сомаларын уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылатын төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Уәкілетті мемлекеттік орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде төлеуге қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.
Тармақ 31
31. Уәкілетті мемлекеттік орган төлеуге арналған бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде бюджет қаражатын Мемлекеттік корпорацияға аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Төлем айына қажеттілік қалыптасқаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға енгізілуге тиіс.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлеу графигіне сәйкес жәрдемақыны төлеуге төлем тапсырмаларын, сондай-ақ жәрдемақыдан ұстап қалуларды қалыптастырады.
Тармақ 34
34. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуді Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті органдағы банк шоттарына енгізі арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Алушыларға жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеу бойынша өзара қарым-қатынас, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде регламенттеледі.
Тармақ 36
36. Жәрдемақыны төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. АЖ олардың тағайындалуына сәйкес АЖ үзіліссіз жұмыс істеуі мен өзектілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті мемлекеттік органның АЖ берілетін деректердің толықтығын, дәйектілігін, өзектілігі мен уақтылығын қамтамасыз етеді. Ақпараттық өзара іс-қимыл ЭЦҚ қолдана отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы Бірыңғай көлік ортасы арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған көлік ортасы есебінен де, сол сияқты техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар есебінен де қамтамасыз етіледі.
Тармақ 38
38. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингін АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді автоматтандырылған режимде енгізуді қамтамасыз етеді.
Басқа 1-1
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Жеке сәйкестендіру нөмірі____________________________________________ ___________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________________________________________ (мекенжайы бойынша тұрады, телефоны) Өтініш ____________________________________________________________________ (мекенжайы бойынша тұрған) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні) жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауды сұраймын. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді _______________________ банк филиалының № ______, «Қазпочта» акционерлік қоғамының №______ банк шотына аударуды сұраймын. Шот типі: дербес шот ______________ карта шоты_______________________ Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін Өзін банк шотының иегері және екінші денгейдегі банктердегі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтың бөлімінде банк шотының нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді. Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: Р/с № Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­та­ғы па­рақ­тар­дың са­ны Ес­керт­пе 1 2 Өтініш берушінің байланыс деректері: үй телефоны ____________ ұялы телефон ________________ Е-maіl__________ Өтініш берген күні: 20__ жылғы «_____» ________________________________ Өтініш берушінің қолы _______________________________________________ Азамат_________________________________________________________ өтініші № __ болып тіркелді, құжаттар қабылданған күн 20__жылғы «__»____ __________________________________________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
Басқа 1.2
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша «Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті беруші атауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал); 3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорация арқылы – 3 (үш) жұмыс күні; Портал немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы – 1 (бір) жұмыс күні. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде, проактивті 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (проактивті қызмет) қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы ұсынылады. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі 7 Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Жұмыс кестесі: 1) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, өтініш берушінің жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-портал арқылы брондауға болады. 2) веб-портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы; 3) көрсетілетін қызметті беруші- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін; Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мына интернет ресурстарда орналастырылған: 1) Министрлік https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі; 2) Мемлекеттік корпорация – https://www.gov4c.kz. 8 Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариаты куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) (сәйкестендіру үшін); 2) қайтыс болу туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат (салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады). Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болу туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді. Веб-портал арқылы: жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш; жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу. Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды берген кезде веб-портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-портал арқылы хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы жәрдемақы тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қайтыс болғаны туралы куәлік жайлы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді. 10 Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжат қызметі мобильді қосымшада және пайдаланушының ақпараттық жүйелерінде рұқсаты бар пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістерін пайдалана отырып тіркелуден өту қажет. Одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде ол әрі қарай пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Басқа 1-3. ҚОЛХАТ өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы _____________________________________________________ (төлемнің түрі)
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Нысан ҚОЛХАТ өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы _____________________________________________________ (төлемнің түрі) 20 ___ жылғы «___» ______________ Азамат _____________________________________ _________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні _____ жылғы «___» ____________ Жүгінген күні 20__ жылғы «___»____________________________________ Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі бойынша өтінішті тағайындау, төлеу немесе беру фактісі расталады ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
Басқа 1-4. Электрондық тіркеу журналы азаматтардың тағайындау (қайта есептеу) туралы өтініштер ______________________________________ (төлемнің түрі)
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша Нысан Электрондық тіркеу журналы азаматтардың тағайындау (қайта есептеу) туралы өтініштер ______________________________________ (төлемнің түрі) Өті­ніш­тің № Тір­кеу кү­ні Жү­гі­ну кү­ні Бө­лім­ше ко­ды Іс­тің № Өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағдайда) Ту­ған кү­ні Тө­лем тү­рі Ма­ман Ше­шім­нің /та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту кү­ні Жәр­де­ма­қы­ның мөл­ше­рі Та­ғай­ын­дау кү­ні Та­ғай­ын­дау тү­рі
Басқа 1-5. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш Азамат ______________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні: ______ жылғы «___» ___________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________________ Жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын: ____________________________________________________________________ (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған күні) ____________________________________________________________________ (мекен жайы бойынша тұрған) Мемлекеттік органдарды растау: Қайтыс болған адам туралы мәліметтер: Р/с № Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) ЖСН Ту­ған кү­ні Қай­тыс болған кү­ні Өлім ту­ра­лы акт жа­з­ба­сы­ның № Қай­тыс бо­лу­ды тір­кеу кү­ні (акт жа­з­ба­сы) АХАТ бө­лі­мі­нің ата­уы 1 2 3 4 5 6 7 8 Өтініш берушінің деректері: Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________________ Құжат сериясы: ___________ Құжат нөмірі: __________ кіммен берілді:____________ Берілген күні «____»____________ ______ жыл Банк деректемелері: Банктің атауы __________________________________________________ Банк шоты № ___________________________________________________ Шот түрі: бет ___________ карточкалық шот __________________________ Екінші деңгейдегі банктің деректемелері: БИК ________________________________________________________________ ЖСК________________________________________________________________ БСН________________________________________________________________ Байланыс деректері: Үй телефоны ___________ ұялы ____________ E-mail_____________ Өтініш беруші туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет минитсрлігі (бұдан әрі - ҚР Әділетмині) растайды____________ (ҚР Әділетмині ЭЦҚ) Өтініш берушінің банктік деректемелері екінші деңгейлі банктерімен (бұдан әрі – ЕДБ) расталады ______(ЕДБ ЭЦҚ) Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________________________________________________ Берілген деректердің дұрыстығы үшін құқықтық жауаптылықта боламын Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ мұндай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейтіні туралы хабардар етілді. Өтініш берушінің қолы / ЭЦҚ / sms-хабарламалар _________________________________ Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:____._____________._______ жыл ______ сағат _______ минут ________ секунд _______ Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты: ____._____________._______ жыл _____ сағат ____ минут _______ секунд
Басқа 1-6. ______________________________________ тағайындау (қайта есептеу) (төлемнің түрі) туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналы
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша Нысан ______________________________________ тағайындау (қайта есептеу) (төлемнің түрі) туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналы Өті­ніш­тің № Тір­кеу кү­ні Жү­гі­ну кү­ні Бө­лім­ше ко­ды Іс­тің № Өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағдайда) Ту­ған кү­ні Тө­лем тү­рі Ма­ман Ше­шім­нің /та­ғайн­да­удан бас тар­ту кү­ні Жәр­де­ма­қы­ның мөл­ше­рі Та­ғай­ын­дау кү­ні Та­ғай­ын­дау тү­рі
Басқа 1-7
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша Нысан Коды _________________ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің _________________ облысы бойынша департаментінің 20__ жылғы «___» __________ № _________ шешімі Қайтыс болған алушы ісінің № ___________ 1. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) Азамат (заңды тұлға) ______________________________________________________ (алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы) Өтініш берген күні 20__ жылғы «_______» ___________ №_______________ Азамат _______________________________________________________________ (қайтыс болған алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қайтыс болған күні 20__ жылғы «___» _________ Ұлы Отан соғысына қатысушы болған/болған жоқ (қажетінің асты сызылсын) Жерлеуге арналған бiржолғы төлем _____________________ жылғы «____»___________ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің ____-бабының ________-тармағына сәйкес тағайындалсын. Жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мөлшері _________________________________ теңге _______________________________________________________________ теңге (сомасы жазбаша) 2. Жерлеуге арналған біржолғы төлемін тағайындаудан бас тартылсын ________________________________________________________________________________________________ (негіздеме) М.О. Департамент басшысы ______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Маман _________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Шешімнің жобасын дайындаған: Мемлекеттік корпорация филиалының директоры___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация филиалының маманы________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1-8. Sms-хабарлар журналы _______________________________________ (төлемнің түрі)
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша Нысан Sms-хабарлар журналы _______________________________________ (төлемнің түрі) Мемлекеттік корпорацияның ____________ бөлімшесі бойынша Р/с № Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағдайда) Ту­ған кү­ні Іс­тің № Төлем­нің тү­рі sms-ха­бар­ла­ма жі­бе­ру кү­ні Те­ле­фон нө­мі­рі Ма­ман
Басқа 1-9. Өтінім _____________________________________________________ (төлемнің түрі)
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша Нысан ______________________________________ (Мемлекеттік корпорация филиалы) Өтінім _____________________________________________________ (төлемнің түрі) 20 ___ жылғы «___» ______________ №_____________ Р/с № Қай­тыс болған зей­нет­кер­дің (жәр­де­ма­қы алушы­ның) те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағдайда) Жер­ле­у­ге ар­нал­ған бір­жол­ғы тө­лем­ді алушы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағдайда) Банк­тің ата­уы Банк шо­ты­ның № Тө­леу тә­сі­лі Аудан­дық бө­лім­ше­нің № Тө­ле­не­тін со­ма Жиы­ны: Бар­лы­ғы: _____________________ (қолдары) ______________________ (қолдары) ______________________ (қолдары)
Басқа 1-10. Өтінім ____________________________________________ (төлемнің түрі)
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша Нысан ___________________________________________ (Мемлекеттік корпорация филиалы) Өтінім ____________________________________________ (төлемнің түрі) 20__ жылғы «___» _________ № ______________ (Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер үшін) Р/с № Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция бө­лім­ше­сі­нің ко­ды Аудан, қа­ла Заң­ды тұл­ға­ның де­ректе­ме­ле­рі Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы Қай­тыс болған адам­дар­дың са­ны Ағым­да­ғы ай­ға қа­жет­ті­лік Жер­ле­у­ге ар­нал­ған ақ­ша­лай қа­ра­жат­қа жал­пы қа­жет­ті­лік Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды Жиы­ны Мемлекеттік корпорация филиалының директоры____________________________________________ Бас бухгалтер _______________________________________________________ Бөлім бастығы ____________________________________________________ Орындаушы________________________________________________________
Басқа 1-11
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымша Нысан 20__ жылғы «___» ____________ жерлеуге біржолғы төлемді төлеуге ________ облысы (қалалар) ________ ауданының жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушылардың № _______ тiзiм-ведомосі Р/с № Зей­не­та­қы іс­і­нің нө­мі­рі Қай­тыс болған адам­ның де­ректе­рі Жер­ле­уді жү­зе­ге асыр­ған заң­ды тұл­ға­ның ата­уы Жер­ле­у­ге ар­нал­ған бір­жол­ғы төлем­нің со­ма­сы Салт-жо­ра қыз­мет­те­рін көр­се­ту шар­ты­ның № және кү­ні Те­гі Аты Әке­сі­нің аты (ол болған жағдайда) Ту­ған кү­ні 1 2 Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы __________________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 15106 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 163 бұйрығы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 20605 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 424 Бұйрығы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 25259 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 396 бұйрығы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 29905 болып тіркелген).