Об утверждении Методики определения социального благополучия семьи (лица) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған:
Тармақ 1
1. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 267 бұйрығына қосымша Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Отбасының цифрлық картасы арқылы отбасыларды (адамдарды) олардың әлеуметтік саламаттылығының деңгейі бойынша қалыптастыру және сегменттеу үшін қолданылады. Отбасының цифрлық картасының мәліметтері Әлеуметтік кодексіне және (немесе) қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау шараларына әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) айқындау, оның ішінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың проактивті мемлекеттік қызметтер көрсетуі үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 3
3) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының жиынтық кірісінің айына отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;
Тармақша 5
5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасның Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер аумағы;
Тармақша 6
6) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Тармақша 7
7) кедейлік шегі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
Тармақша 9
9) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй);
Тарау 2. 2-тарау. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау
2-тарау. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау
Тармақ 3
3. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығының деңгейі барлық бағыттар бойынша көрсеткіштер балдарының сомасынан айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі: Әсд = ∑(Ккк) + ∑(Мк) + ∑(Жк) +∑(Әқк) +∑(Дск) +∑(Бк) +∑(Тк) +∑(Ашк) мұндағы: Әсд – отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығының деңгейі; Ккк – «Кірістер және кредиттік міндеттемелер» көрсеткіші; Мк – «Жылжымалы мүлік» көрсеткіші; Жк – «Адамдарды жұмыспен қамту» көрсеткіші; Әқк – «Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету» көрсеткіші; Дск – «Денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету» көрсеткіші; Бк – «Білім беру саласындағы қамтамасыз ету» көрсеткіші; Тк – «Тұрғын үй жағдайлары және инфрақұрылым» көрсеткіші; Ашк – «Ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз ету» көрсеткіші.
Тарау 3. 3-тарау. Отбасының әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау үшін көрсеткіштерді есептеу
3-тарау. Отбасының әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау үшін көрсеткіштерді есептеу
Тармақ 4
4. Әрбір бағыт бойынша отбасының әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау үшін көрсеткіштерді есептеу көрсеткіштерге сәйкес келетін өлшемшарттардың балдарын жинақтау жолымен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. «Кірістер және кредиттік міндеттемелер» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «Жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: кірістің болмауы – 0 балл; жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 0-ден жоғары, бірақ кедейлік шегінен төмен – 40 балл; жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі кедейлік шегінен жоғары, бірақ 1 (бір) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен – 100 балл; жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 1-ден 2-ге дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 170 ұпай; жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 2-ден 3-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 280 балл; жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 3-тен 4-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 400 балл; жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінен 4 және одан жоғары – 620 балл.
Тармақша 2
2) «Ағымдағы кредиттік міндеттемелердің болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: кредиттік міндеттемелердің болмауы – 0 балл; кредиттік міндеттемелердің болуы – минус 50 балл.
Тармақша 3
3) «Кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: кредиттік міндеттемелер бойынша 90 күннен артық және 1000 теңгеден жоғары берешектің болмауы – 0 балл; кәмелетке толған бір отбасы мүшесінде (адамда) кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам берешектің болуы – минус 250 балл; кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерінде 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы – минус 500 балл.
Тармақ 6
6. «Жылжымалы мүлік» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «Жылжымалы мүліктің болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: отбасының меншігінде жеңіл автомобильдің болмауы – минус 50 балл; бір жеңіл автомобильдің болуы – 0 балл; екі жеңіл автомобильдің болуы – 50 балл; үш немесе одан да көп жеңіл автомобильдердің болуы – 100 балл.
Тармақша 2
2) «Коммерциялық көліктің болуы/болмауы (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, арнайы автокөліктер)» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: коммерциялық автокөліктің болмауы – 0 балл; коммерциялық автокөліктің болуы (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, арнайы автокөліктер) – 80 балл.
Тармақша 3
3) «Ауыл шаруашылығы техникасының болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: ауыл шаруашылығы техникасының болмауы – 0 балл; ауыл шаруашылығы техникасының бір түрінің болуы – 100 балл; ауыл шаруашылығы техникасының екіден астам түрінің болуы – 200 балл.
Тармақ 7
7. «Адамдардың жұмыспен қамтылуы» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «Жұмыссыз адамдардың болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: еңбекке қабілетті адамның болмауы – минус 100 балл; еңбекке қабілетті жұмыс істемейтін адамдардың болуы – 0 балл.
Тармақша 2
2) «Жұмыс істейтін адамдардың болуы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: бір жұмыс істейтін адамның болуы – 150 балл; 2 және одан да көп жұмыс істейтін адамдардың болуы – 300 балл.
Тармақша 3
3) «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның тіркелуі/ тіркелмеуі» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген тұлғаның болмауы – 0 балл; жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның болуы – 50 балл; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы ретінде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 100 балл; жеке кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы, акционерлік қоғам ретінде бір мезгілде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 150 балл.
Тармақ 8
8. «Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың және 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылардың болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: кәмелетке толмаған балалар мен 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылардың болмауы – 0 балл; кәмелетке толмаған баланың немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы бір оқушының болуы – минус 50 балл; кәмелетке толмаған баланың және/немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы екі оқушының болуы – минус 100 балл; кәмелетке толмаған баланың және/немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы үш оқушының болуы – минус 150 балл; кәмелетке толмаған балалардың және/немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы төрт және одан да көп оқушының болуы – минус 200 балл.
Тармақша 2
2) «18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдардың болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: мүгедектігі бар адамның болмауы – 0 балл; 1 және/немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адамдардың болуы – минус 250 балл; 3-топтағы мүгедектігі бар адамның болуы – минус 100 балл.
Тармақша 3
3) «Бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың немесе мүгедектігі бар баланың болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: бала кезінен мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың болмауы – 0 балл; бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың немесе мүгедектігі бар баланың болуы – минус 150 балл.
Тармақ 9
9. «Денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «Медициналық мекемеге тіркелудің болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: медициналық мекемеге тіркелген отбасы мүшелерінің болуы – 0 балл; медициналық мекемеге бекітілмеген отбасы мүшелерінің болуы – минус 20 балл.
Тармақша 2
2) «Отбасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушылардың болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың болуы – 0 балл; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың болмауы – минус 20 балл.
Тармақша 3
3) «Динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болмауы – 0 балл; динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы – минус 80 балл.
Тармақша 4
4) «Диспансерлік есепте тұрған адамның болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: диспансерлік есепте тұрған адамның болмауы – 0 балл; диспансерлік есепте тұрған адамның болуы – минус 50 балл.
Тармақ 10
10. «Білім беру саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «Балалардың болуы/болмауы және оларды мектепке дейінгі мекемеге бекіту» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: мектеп жасына дейінгі балалардың болмауы – 0 балл; мектепке дейінгі мекемеге тіркелген балалардың болуы – 0 балл; мектепке дейінгі мекемеге тіркелмеген балалардың болуы – минус 50 балл.
Тармақша 2
2) «Орта білім беру ұйымына тіркелген балалардың болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: мектеп жасындағы балалардың болмауы – 0 балл; мектеп мекемесіне тіркелген балалардың болуы – 0 балл; мектеп мекемесіне тіркелмеген балалардың болуы – минус 100 балл.
Тармақ 11
11. «Тұрғын үй жағдайлары және инфрақұрылым» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: тұрғын үйдің болмауы – минус 200 балл; отбасының бір мүшесіне кем дегенде 18 шаршы метр бір тұрғын үй бірлігінің болуы – минус 80 балл; отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден астам бір тұрғын үй бірлігінің болуы – 0 балл; екі-үш тұрғын үйдің болуы – 100 балл; үш-алты тұрғын үйдің болуы – 400 балл; алты-он бір тұрғын үйдің болуы – 1000 балл; он бір бірліктен астам тұрғын үйдің болуы – 2 000 балл.
Тармақша 2
2) «Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: коммерциялық жылжымайтын мүліктің болмауы – 0 балл; коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы – 100 балл.
Тармақша 3
3) «Елді мекеннің мәртебесі» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: астана, республикалық маңызы бар қала санатына жататын елді мекенде тіркелу – 70 балл; облыстық маңызы бар қала санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – 0 балл; ауданның, аудандық маңызы бар қаланың санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – минус 30 балл; ауылдық округ санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – минус 50 балл; ауылдық елді мекен санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – минус 70 балл; тіркелмеу – минус 100 балл.
Тармақ 12
12. «Ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз ету» көрсеткіші:
Тармақша 1
1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: жеке қосалқы шаруашылықтың болмауы – 0 балл; жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеге дейін – 50 балл; жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін – 150 балл; жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін – 350 балл; жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 2 миллион теңгеден астам – 600 балл.
Тармақша 2
2) «Жер учаскесінің болуы/болмауы» өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді: жер учаскесінің болмауы – 0 балл; жер учаскесінің болуы – 150 балл.
Тарау 4. 4-тарау. Отбасыларды әлеуметтік саламаттылығының деңгейлері (санатар) бойынша бөлу
4-тарау. Отбасыларды әлеуметтік саламаттылығының деңгейлері (санатар) бойынша бөлу
Тармақ 13
13. A, B, C, D, E әлеуметтік саламаттылық деңгейлерін (санаттарын) саралау: «А» жақсы деңгейіне 1 800 және одан жоғары балл жинаған отбасы (адамдар) жатады; «В» қанағаттанарлық деңгейіне 730-дан 1799 балл жинаған отбасы (адамдар) жатады; «С» төмен деңгейіне минус 30-дан 729 дейін балл жинаған отбасы (адамдар) жатады. «D» дағдарыс деңгейіне минус 460-тан минус 29 дейін балл жинаған отбасы (адамдар) жатады. «E» мүшкіл деңгейге минус 459 дейін балл жинаған отбасы (адамдар) жатады. ___________________________________