Об утверждении формы представления сведений цифровым майнинговым пулом о распределенных им цифровых активах между лицами, осуществляющими деятельность по цифровому майнингу Күшін жойған
Басқа 0
Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. 20____ жылдың _____ кезеңіне цифрлық майнингтік пулмен цифрлық майнинг жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлінген цифрлық активтер туралы
мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 709 Бұйрықпен
бекітілді
Нысан
20____ жылдың _____ кезеңіне цифрлық майнингтік пулмен цифрлық майнинг жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлінген цифрлық активтер туралы
мәліметтер
№
Цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі
Цифрлық майнердің аты
Лицензия ның нөмірі берілген күні
Электронды әмиянның деректемелері (адресі)
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін бөлінген күні
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін аты
Цифрлық майнерге берілен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін саны
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестенің жалғасы
майнингтік пул комиссиясы
Цифрлық активтерде
валютада
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін аты
Саны
Валютының аты
Саны
9
10
11
12
Цифрлық майнингтік пулдың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________________
____________________________________ ________________________________________________
Цифрлық майнингтік пулдың аты Басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме
Цифрлық майнингтік пул цифрлық
майнинг жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын тұлғалар арасында өзі
бөлген цифрлық активтер туралы
мәліметтерді ұсыну нысанына
қосымша
Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме
Тармақ 1
1. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер цифрлық майнингтік пул мен цифрлық майнерлердің салық салу мақсатында олардың табысын анықтау үшін ұсынылады.
2. Цифрлық майнингтік пул бекітілген нысанға сәйкес уәкілетті органға цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді, мұндай мәліметтер ұсынылатын айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей жолдайды.
Тармақ 3
3. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;
2-бағанада цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3-бағанада цифрлық майнердің аты көрсетіледі;
4-бағанада цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмірі мен оны берген күні көрсетіледі;
5-бағанада электронды әмиянның деректемелері (адресі) көрсетіледі;
6-бағанада қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің бөлінген күні көрсетіледі;
7-бағанада цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін аты көрсетіледі;
8-бағанада цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін саны көрсетіледі;
9-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің аты көрсетіледі;
10-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны көрсетіледі;
11-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған валютаның аты көрсетіледі;
12-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған валютаның аты көрсетіледі.