Об утверждении Требований к управляющим инвестиционным портфелем, которым могут быть переданы в доверительное управление пенсионные активы, а также Перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов, находящихся в доверительном управлении у управляющего инвестиционным портфелем Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 15-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 62 Қаулыға 1-қосымша Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 15-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін Талаптардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін (бұдан әрі – басқарушылар тізілімі) жүргізеді және өзінің интернет-ресурсына орналастырады. Басқарушылар тізілімінде көрсетілген мәліметтерді уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының Талаптардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігінің фактісін айқындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жаңартып отырады.
Тарау 2. 2-тарау. Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптар
2-тарау. Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Басқарушылар тізіліміне енгізу үшін инвестициялық портфельді басқарушы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
Тармақша 1
1) меншікті капиталдың мөлшері кемінде 440 000 (төрт жүз қырық мың) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
Тармақша 2
2) басқарушылар тізіліміне енгізілген күннің алдындағы соңғы 36 (отыз алты) ай ішінде Талаптардың 4-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген кемінде 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге сомасында инвестициялық портфельді басқару тәжірибесінің болуы;
Тармақша 3
3) инвестициялық портфельді басқарушының басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 2 (екі) аяқталған қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша аудиторлық есеппен расталған, қызметінің зиян шеккен фактілерінің болмауы;
Тармақша 4
4) басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 6 (алты) айдың ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді бұзу фактілерінің болмауы;
Тармақша 5
5) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) оның ірі қатысушысына қатысты қолданған, орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының, санкциялардың, әкімшілік өндіріп алулардың және өзге де ықпал ету шараларының болмауы;
Тармақша 6
6) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі ертерек ден қою шараларын және (немесе) қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын көздейтін орындалмаған іс-шаралар жоспарларының болмауы;
Тармақша 7
7) инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) және Қазақстан Республикасының резиденті немесе Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымы болып табылатын акционерінің болуы;
Тармақша 8
8) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні енгізу күнінің алдындағы соңғы 12 (он екі) ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) оның басшы қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану фактілерінің болмауы;
Тармақ 4
4. Талаптардың 3-тармағы 2) тармақшасының мақсаттары үшін уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушыны басқарушылардың тізіліміне енгізген күннің алдындағы 36 (отыз алты) айдың әрқайсысының соңындағы жағдай бойынша үлестес емес клиенттердің инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы активтері құнының (қаржы құралдарынан басқа өзге мүліктің құнын, акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін және дебиторлық берешек сомаларын қоспағанда) орташа арифметикалық мәні есепке алынады.
Тармақ 5
5. Инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымы болып табылатын акционері болған жағдайда: Талаптардың 3-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келу мақсаттарында осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-ұйымының инвестициялық портфелін басқарудың белгіленген тәжірибесі қабылданады; Талаптардың 3-тармағының 3) тармақшасының талабы көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымына және инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданылмайды.
Басқа 2. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі
Қаулыға 2-қосымша Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі № Қар­жы құ­ра­лы­ның ата­уы* 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (оның ішін­де шет мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес ба­ста­ма жа­сал­ған), сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ке­піл­де­ме бе­ру­і­мен және (неме­се) ке­пі­лі­мен шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 3 Ак­ци­я­ла­ры­ның жүз пай­ы­зы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кіне ти­е­сі­лі заң­ды тұл­ға шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі», «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры», «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі», «Про­бле­ма­лық кре­дит­тер қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 5 Мы­на­дай та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес ке­ле­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар: Standard &Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzА-»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар банк­тер; банк­тер бей­ре­зи­дент бас бан­кi­нің Standard &Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­тi­гiнiң ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «А-»-тен тө­мен емес ұзақ мерзiм­дi кре­дит­тiк рей­тин­гi неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гi рей­тин­гi бар ре­зи­дент ен­шiлес банк­те­рі бо­лып та­бы­ла­ды 6 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «А-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар бей­ре­зи­дент банк­тер­де­гі са­лым­дар 7 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ+»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар мы­на­дай ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар: Азия да­му бан­кі (the Asian Development Bank); Аме­ри­ка­ара­лық да­му бан­кі (the Inter-American Development Bank); Аф­ри­ка да­му бан­кі (the African Development Bank); Еуро­па қай­та құ­ру және да­му бан­кі (the European Bank for Reconstruction and Development); Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі (the European Investment Bank); Еуро­па­лық Ке­ңе­стің Да­му Бан­кі; (the Council of Europe Development Bank); Же­ке Сек­тор­ды Да­мы­ту жө­нін­де­гі Ис­лам Кор­по­ра­ци­я­сы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector); Ис­лам да­му бан­кі (the Islamic Development Bank); Ин­ве­сти­ци­я­лар Ке­піл­ді­гі­нің Кө­п­жақ­ты Агент­ті­гі (the Multilateral Investment Guarantee Agency); Скан­ди­на­ви­я­лық ин­ве­сти­ци­я­лық банк (the Nordic Investment Bank); Ха­лы­қа­ра­лық ва­лю­та қо­ры (the International Monetary Fund); Ха­лы­қа­ра­лық да­му қо­ғам­да­стығы (the International Development Association); Ин­ве­сти­ци­я­лық Да­у­лар­ды Рет­теу жө­нін­де­гі Ха­лы­қа­ра­лық Ор­та­лық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes); Ха­лы­қа­ра­лық қай­та құ­ру және да­му бан­кі (the International Bank for Reconstruction and Development); Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы (the International Finance Corporation); сон­дай-ақ, жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның үле­сі ке­мін­де 25%-ды құ­рай­тын ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ы­мы шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар 8 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ+»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған, мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар 9 Ше­тел­дік ұй­ым­дар шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар: Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гік ба­ға­сы бар ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар; негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар; Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 10 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар: қор бир­жа­сын­да ин­ве­стор­лар­дың ауқым­ды то­бы ара­сын­да жа­рия ұсы­ныс (са­ту) шең­бе­рін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған (ор­на­ла­сты­ры­ла­тын) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­то­ры эми­тент­те­рі­нің ак­ци­я­ла­ры және (неме­се) осы ак­ци­я­лар ба­за­лық ак­ти­ві бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар; қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне «Негіз­гі» ала­ңы­ның «ак­ци­я­лар» сек­то­ры «пре­ми­ум» са­на­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар; негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған Standard &Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «В+»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzBBB»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар; осы эми­тент­тің бұ­рын шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­на не өзге мін­дет­те­ме­ле­ріне ай­ыр­ба­стау мақ­са­тын­да эми­тент мін­дет­те­ме­ле­рін қай­та құ­ры­лым­дау шең­бе­рін­де шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар 11 Со­ма­сы осы мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­дық құ­ны­ның ке­мін­де 50 (елу) пай­ы­зын өтей­тін «Да­му» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның және (неме­се) «Қа­зақ­стан Да­му бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ке­піл­ді­гі бар және қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» не «Ба­ла­ма­лы» алаң­да­ры «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ша­ғын неме­се ор­та кә­сіп­кер­лік­ке жат­қы­зы­л­ған субъ­ек­ті­лер шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 12 Morningstar рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің «3 жұл­ды­здан» тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Ком­мо­ди­тис), Exchange Traded Notes (ETN) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Но­утс) пай­ла­ры 13 Бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі «Ара­лас» ала­ңы­ның «ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры» сек­то­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның пай­ла­ры 14 Ак­тив­те­рі­нің құ­ры­лы­мы негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің бі­рі­нің құ­ры­лы­мын қай­та­лай­тын неме­се пай­ла­ры бой­ын­ша ба­ға бел­гі­леу негіз­гі қор ин­дек­с­те­ріне бай­ла­ны­сты­ры­л­ған Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс) пай­ла­ры 15 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ»-ден тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ше­тел ва­лю­та­сы 16 Лон­дон ба­ға­лы ме­тал­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (London bullion market association) қа­был­да­ған және «Лон­дон­дық са­па­лы өнім бе­ру» («London good delivery») стан­дар­ты ре­т­ін­де осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да бел­гі­лен­ген ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дарт­та­ры­на сай ке­ле­тін та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА»-ден тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-банк­те­рін­де­гі он екі ай­дан ас­пай­тын мер­зім­ге ме­талл де­по­зит­тер 17 Хеджир­леу мақ­са­тын­да жа­сал­ған, ба­за­лық ак­ти­ві осы Тіз­бе­ге сәй­кес зей­не­та­қы ак­тив­те­рі есе­бі­нен са­тып алу­ға рұқ­сат еті­л­ген қар­жы құ­рал­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын мы­на­дай туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры: оп­ци­он­дар; фью­черстер; фор­вард­тар; своптар; жо­ға­ры­да атал­ған туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры­ның жиын­тығы бо­лып та­бы­ла­тын туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры 18 MSCI ACWI Index (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Олл Кан­три Ворлд Ин­декс) ин­дек­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және MSCI ACWI Index (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Олл Кан­три Ворлд Ин­декс) ин­дек­сіне кі­ре­тін ак­ци­я­лар 19 Bloomberg Global-Aggregate Index (Блум­берг Гло­бал-Агри­гейт Ин­декс) ин­дек­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және Bloomberg Global-Aggregate Index (Блум­берг Гло­бал-Агри­гейт Ин­декс) ин­дек­сіне кі­ре­тін, Moody's, S&p және Fitch-тің рей­тинг­тік шка­ла­сы­ның Baa3/BBB-/BBB рей­тин­гі­нен тө­мен емес рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 20 Ак­тив­те­рі­нің құ­ры­лы­мы MSCI ACWI Index (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Олл Кан­три Ворлд Ин­декс) неме­се Bloomberg Global-Aggregate Index (Блум­берг Гло­бал-Агри­гейт Ин­декс) ин­дек­сі­нің құ­ра­уы­шта­ры­ның құ­ры­лы­мын қай­та­лай­тын Exchange Traded Funds-тің (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс) неме­се пай­ла­ры бой­ын­ша ба­ға бел­гі­леу осы ин­дек­с­тер­дің құ­ра­уы­шта­ры­ның де­ректе­ріне бай­ла­ны­сты пай­лар Ескертпе: * оларға салынатын инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнының 3 (үш) пайызынан аспайтын осы Тізбенің 11-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, осы Тізбеде көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттері инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық декларациясында белгіленеді; ** осы Тізбенің мақсаттары үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі: Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс); САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Андэкс); CSI 300 (Shanghai Shenzhen CSI 300 Index) (Шанхай Шенжен Си Эс Ай 300 Индекс); DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс); DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж); FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс); HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс); KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс); KOSPI 200 (Korea Exchange KOSPI 200 Index) (Корея Эксчейндж Кэй Оу Эс Пи Ай 200 Индекс); MSCI ACWI Index Morgan Stanley Capital International All Country World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс); MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс); MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс); NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс); NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс); Russell 1000 (The Russell 1000 Index) (Зэ Рассэл 1000 Индекс); RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индекс); S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс); STOXX Europe Large 200 (The STOXX Europe Large 200 Index) (Зэ Эс Ти Оу Экс Экс Юроп Лардж 200 Индекс); TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс).
Басқа 3. Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қаулығы 3-қосымша Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 29 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22218 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 29 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 103 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25935 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29609 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 2 маусымдағы № 38 қаулысының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32713 болып тіркелген).