Об утверждении Правил лицензирования деятельности по специальному водопользованию Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы cу пайдалану жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегi Су кодексiнiң 76-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен бiрлесiп, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiм бойынша үш ай мерзiмде Арнайы су пайдалану жөніндегi қызметтің түрлерін лицензиялау жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу мен есепке алу туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.
Тармақ 3
3. "Арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1482 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 49, 557-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Басқа 5. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 84 қаулысымен бекiтiлген Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Су кодексiне және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармаларының (бұдан әрi - Лицензиар) арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiне лицензия беруi тәртiбi мен шарттарын белгілейдi.
Тармақ 2
2. Лицензиялар арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң мынадай түрлерiне беріледi:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы мен көлiк мұқтаждары үшiн жер бетiндегi су объектiлерiнен тәулiгiне көлемi елу текше метрден астам су жинау және оны пайдалануға;
Тармақша 2
2) қайталама су пайдаланушыға жер бетiндегi су объектілерiнен су жинау және су алуға.
Тармақ 2. 2. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия беру тәртiбi
2. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия беру тәртiбi
Тармақ 3
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiне лицензияларды мыналарға бередi:
Тармақша 1
1) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнен арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын кәсiпорындарға;
Тармақша 2
2) шетелдiк заңды тұлғаларға.
Тармақ 4
4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары 3-тармақта аталғандардан басқа барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензиялар бередi.
Тармақ 5
5. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия мыналармен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органдарымен - барлық жағдайда;
Тармақша 2
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдармен - барлық жағдайда;
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдарымен - мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мұқтаждары үшiн жер бетi суларын жинап алу кезiнде;
Тармақша 4
4) балық қорлары мен басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, оларды молайту әрi пайдалану саласындағы арнайы уәкілеттi аумақтық органдармен - балық шаруашылығы маңызы бар су объектiлерi үшiн су пайдалану шарттары келiсілгеннен кейiн жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - лицензиат) берiледi.
Тармақ 3. 3. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
3. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы және көлiктің өз мұқтаждары үшiн жер бетi су объектiлерiнен су жинап алуға және пайдалануға арналған лицензия:
Тармақша 1
1) белгiленген талаптар мен стандарттарға сай олардың көмегiмен су пайдалану жүзеге асырылатын құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар (пайдаланудағы немесе меншiгiндегi) заңды және жеке тұлғаларға;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушіде бiлiктi персонал болған жағдайда беріледi.
Тармақ 7
7. Қайталама су пайдаланушыға жер бетi су объектілерiнен су жинап алуға және пайдалануға арналған лицензия:
Тармақша 1
1) қайталама су пайдаланушыға белгiленген талаптар мен стандарттарға сай олардың көмегімен жер бетi су объектiлерiнен су беру жүзеге асырылатын құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар (пайдаланудағы немесе меншiгiндегi) заңды және жеке тұлғаларға;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушіде бiлiктi персонал болған жағдайда беріледi.
Тармақ 4. 4. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия алу үшін қажетті құжаттар
4. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия алу үшін қажетті құжаттар
Тармақ 8
8. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiне лицензия ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) су объектiсінің атауы, су жинап алу орны мен географиялық координаталары көрсетiлген белгіленген нысандағы өтiнiштi;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктің нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) олардың көмегiмен су жинап алу жүргiзiлетiн құрылыстарға, техникалық құралдарға арналған жер учаскесiн бөлу актiсiн;
Тармақша 4
4) су пайдалануға арналған су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысының паспортын;
Тармақша 5
5) салық органының мөртабанымен жеке тұлғаның есепке алынғаны туралы салық органының анықтамасы немесе кәсіпкер ретiнде мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлік;
Тармақша 6
6) арнайы су пайдалану шарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария (мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мұқтаждары үшiн су жинап алу кезiнде), балық шаруашылығы (балық шаруашылығы мақсатындағы су объектілерiнен су жинап алу кезiнде) саласындағы және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкілеттi органдармен келiсудi;
Тармақша 7
7) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
Тармақша 8
8) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн.
Тармақ 9
9. Су жинап алуға арналған су объектiлерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
Тармақша 1
1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттiлiктерi туралы мәлiметтер;
Тармақша 2
2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
Тармақ 10
10. Гидроэнергетика мақсаттары үшiн су объектілерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
Тармақша 1
1) гидроэлектр станциясының белгiленген қуаты туралы деректер;
Тармақша 2
2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабiлетi туралы мәлiметтер;
Тармақша 3
3) балық қорғау және балық өткiзу құрылыстары туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) жоғарғы және төменгi бьефтердегi су режимi мен сапасының көрсеткiштерiн бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер;
Тармақша 5
5) гидроэлектр энергетикасы мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдаланудың мәлiмделген көрсеткіштерi туралы мәлiметтер.
Тармақ 11
11. Су алусыз жер бетi су объектілерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
Тармақша 1
1) кемелер мен басқа да жүзу құралдары туралы техникалық деректер;
Тармақша 2
2) олардың тіркелген порттарын көрсетiп кемелер мен басқа да жүзу құралдарын пайдалану құралдарын пайдалану мемлекеттік тiркелiмiнiң рұқсаты;
Тармақша 3
3) кемелер мен басқа да жүзу құралдарында құралатын сарқынды сулар, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етiлуi туралы деректер;
Тармақша 6
6) су объектiсінің жай-күйiне терiс әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал объектiлердi пайдалану және жұмыстар жүргiзу кезiнде акватория учаскесiндегi су саласын (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер.
Тармақ 5. 5. Арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту және арнайы су пайдалану жөніндегi қызметтiң түрлерiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
5. Арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту және арнайы су пайдалану жөніндегi қызметтiң түрлерiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
Тармақ 12
12. Кәсіпорындарды, құрылыстар мен объектiлердi қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру процесiнде арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту қажеттілiгi туындаса, лицензиат бұл туралы лицензиарға мәлiмдейдi және бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалану шарттары бойынша құжаттаманы қайтадан келiсуге ұсынады.
Тармақ 13
13. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия берген мемлекеттік органдар су заңнамасы талаптары бұзылған жағдайда оны тоқтата тұрады. Лицензияның қолданылуы тоқтата тұрған жағдайда оны берген орган тоқтата тұруды туындатқан себептердi жою мерзiмiн көрсетіп, осындай тоқтата тұру себептерi туралы жазбаша нысанда лицензиатты хабардар етедi. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептер жойылғаннан кейiн оның қолданылуы жаңартылады, бұл туралы лицензиат жазбаша нысанда хабардар етiледi.
Тармақ 6. 6. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзімдерi
6. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзімдерi
Тармақ 14
14. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган немесе оның тиiстi аумақтық органы лицензияны бір ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне егер заңнамалық кесiмдерде өзге мерзiм белгіленбесе, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктiрмей бередi.
Тармақ 7. 7. Лицензиялық алым
7. Лицензиялық алым
Тармақ 15
15. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың бүкiл кезеңiне лицензия лицензия беру сәтінде бiржолғы лицензиялық алым төленіп, жүзеге асырылады.
Тармақ 8. 8. Лицензияны қолдану шарттары
8. Лицензияны қолдану шарттары
Тармақ 16
16. Лицензияны қолдану шарттары, оның iшiнде лицензия беруден бас тарту, лицензияның қолданылуын тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру тәртiбi "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.