Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Панфиловскому району Күшін жойған
Басқа 0
Панфилов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1(бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.