Об образовании районной комиссии делам семьи и женщин Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабының 17 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығын, Батыс Қазақстан облысы әкімінің "Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы" 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 13 шешімін (1999 жылғы 19 наурыздағы N 52, 2002 жылғы 1 тамыздағы N 84 өзгерістері мен толықтыруларымен) орындау үшін, сондай-ақ отбасы мүддесін қорғау, әйелдердің ауданның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне араласуына қажетті жағдай туғызуды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің жанынан консультативтік-кеңестік орган ретінде отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия құрылсын. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссияның Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия бекітілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде 2004 жылдың 1 тоқсанына жұмыс жоспарын жасасын.
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдері жергілікті жерлерде осындай комиссиялар құрсын, қолайсыз отбасылар, тәрбиеленуі нашар жасөспірімдер арасында жұмысты жандандырсын.
Тармақ 5
5. Бөрлі ауданы әкімінің осы мәселе бойынша бұрын қабылданған 1999 жылғы 16 ақпандағы N 61 (1999 жылғы 28 желтоқсандағы тіркеу нөмірі 138, 2001 жылғы 27 сәуірдегі N 119 өзгерістерімен және толықтырулармен) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Р. Нығыметовке жүктелсін.
Басқа 7. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қосымша Бөрлі ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 635 қаулысымен Бекітілді Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті пен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау ii. ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері
ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) отбасы, әйел және бала мәселелері бойынша кешенді бағдарлама жасау;
Тармақша 2
2) отбасы, әйел және баланы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және психологиялық қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру және әзірлеуге қатысу;
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайын кешенді сараптауды жүргізу, ана мен баланы, отбасыларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қорғау;
Тармақша 4
4) әйелдерді тарта отырып шаңын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды жүзеге асыруға қатысу және әзірлеу;
Тармақша 5
5) отбасы, әйел және бала жағдайын жақсарту бағытындағы жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің жобасын және ұсыныстарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) көпбалалы және нашар қамтылған отбасыларын әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға, жазғы демалысты ұйымдастыруға, жаппай оқытуды қамтамасыз етуге ықпал ету;
Тармақша 7
7) аудандағы отбасылар, әйел және балалар жайын кеңінен көтеру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста болу.
Тармақша 8
8) өз құзырлығының шеңберінде барлық қызығушылық білдірген ұйым, мекемелермен қызметтес болу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, қоғамдық және басқа да бірлестіктердің қызметкерлерімен бірлесе отырып отбасы, әйел және бала мәселелері бойынша конференция, семинарлар, кеңестер өткізу болып табылады.
Тарау iii. ІІІ. Комиссия өкілеттілігі
ІІІ. Комиссия өкілеттілігі
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзырлығының шегінде құқылы:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында әкімге тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 2
2) өз қызметін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіпте қажетті материалдарды және мәліметтерді сұратуға;
Тармақша 3
3) осы бағыттағы төменгі сатыдағы комиссиялардың жұмысын үйлестіруге және бақылауға;
Тармақша 4
4) әйелдерді басшылық қызметтерге ұсынуға ықпал етуге.
Тарау iv. ІV. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
ІV. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереже негізінде атқарады.
Тармақ 6
6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары болуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Комиссияға жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да өкілдер кіреді.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай болады, тоқсанда бірден кем болмау керек.
Тармақ 9
9. Комиссия өз шешімін қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыс тең түскен жағдайда, төрағаның дауысы шешеді. Комиссия отырысының құқығы комиссия мүшелерінің үштен екісі қатысқан уақытта ғана өкілетті болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін басшылыққа алады және ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Комиссияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) Комиссия отырысын шақырады және онда төрағалық етеді, төрағаның жоғында оның тапсырмасы бойынша орынбасары немесе комиссия мүшелерінің бірі жүргізеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерінің арасынан күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны анықтайды.
Тарау v. V. Комиссия қызметін қамтамасыз ету
V. Комиссия қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 11
11. Комиссияның ақпаратты сараптау және ұйымдастырушылық қызметін аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің бірі, оның секретариаты қамтамасыз етеді.