Об образовании районного Совета по сотрудничеству и взаимодействию с неправительственными организациями Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысын, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 1 хаттамалық тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес).
Тармақ 2
2. Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Басқа 5. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Қосымша Бөрлі ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 636 қаулысымен Бекітілді Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Бөрлі ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативті-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Аудан әкімі Кеңестің төрағасы болып табылады. Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Тарау ii. II. Кеңестің негізгі міндеттері
II. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөнінде жалпы саясатты қалыптастыру үшін бағыттарды анықтау және ұсыныстар дайындау;
Тармақша 2
2) ауданның үкіметтік емес ұйымдарын консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық қолдаудың жүйесін әзірлеуге ықпал ету;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынасы және ынтымақтастығының жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламалық құжаттарды дайындауға және қарауға қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін толығырақ көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне байланысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау;
Тармақша 8
8) халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасау, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне арналған конференцияларға, мәжілістерге, семинарларға қатысу болып табылады.
Тарау iii. III. Кеңестің өкілеттіліктері
III. Кеңестің өкілеттіліктері
Тармақ 5
5. Кеңес өзіне жүктелген мәселелерді жүзеге асыру үшін заң белгілеген тәртіп бойынша:
Тармақша 1
1) өз отырысында жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдардан үкіметтік емес ұйымдарға қатысты ақпараттар сұратуға;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілістеріне қатысуға, бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде беделді және кәсіби дайындалған жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тартуға;
Тармақша 4
4) үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөнінде статистикалық, талдаулық, әдістемелік және басқа да ақпараттық мәліметтерді мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге жолдауға;
Тармақша 5
5) Кеңеске келіп түскен азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау қорытындысы жөніндегі мәліметтерді тиісті лауазымды тұлғаға байыбына қарай шешім қабылдау үшін жіберуге құқылы.
Тарау iv. IV. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
IV. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес төрағадан, орынбасардан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен тұрады.
Тармақ 7
7. Кеңес төрағасы Кеңес мәжілісін өткізеді, Кеңестің хаттамасы мен басқа да құжаттарына қол қояды, мәжілісте қаралатын сұрақтарды анықтайды, басқа да ұйымдастыру-басқару міндеттерін атқарады. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасары атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысы тоқсан сайын өткізіледі.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар, ескертулер енгізуге құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелері мәжіліске қатысу өкілеттілігін басқа адамға тапсыруға құқығы жоқ.
Тармақ 11
11. Кеңес шешімдері мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.