Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қауылысына сәйкес, Атбасар ауданының табиғи және техногендік төтенше жағдайларға қарсы іс-шаралар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық жедел штабтың 2023 жылғы 29 маусымдағы № 7 хаттамасының негізінде ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданы, Сепе ауылдық округінің Есенкелді ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін, өзімді төтенше жағдайды жою басшысы етіп тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 7 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.