Об утверждении Правил предоставления услуг индивидуального помощника для лиц с инвалидностью первой группы, имеющих затруднение в передвижении, в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының оң сегізінші абзацына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Басқа 0. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 288 Бұйрықпен
бекітілген/
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 12-бабының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің (бұдан әрі – жеке көмекшінің қызметтері) қызметтерін беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 2
2) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
Тармақша 3
3) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – АОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
Тармақша 6
6) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген АОЖБ әлеуметтік бөлігі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жеке көмекшінің қызметтері Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтінішке сәйкес АОЖБ іс-шараларын іске асыру мерзіміне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
Тармақ 5
5. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамнан жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті тұрғылықты жері бойынша:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
Тармақша 3
3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
Тармақша 4
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы).
Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» проактивті қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген.
Тармақ 6
6. Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің мамандары өтініштерді «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «Е-Собес» ААЖ) кезегінің электрондық журналына олардың түсу ретіне қарай тіркейді.
Тармақ 7
7. Жеке көмекші қызметті Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде портал арқылы жүзеге асырады.
Шартта мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы өткізу кезінде құнын өтеуге жатпайтын қызметтерді ұсыну талаптары айтылады.
Мыналар:
Тармақша 1
1) психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған;
Тармақша 2
2) медициналық қорытынды негізінде, денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар: бактерия бөлінетін туберкулез (БК+), тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар;
Тармақша 3
3) он сегіз жасқа толмаған;
Тармақша 4
4) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқытудан өтпеген адам;
Тармақша 5
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
Тармақша 6
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
Тармақша 7
7) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам жеке көмекші бола алмайды.
Тарау 2. 2-тарау. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
2-тарау. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішпен және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;
Тармақша 2
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
Тармақша 3
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері салыстырылғаннан кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 10
10. Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушіге:
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
қалалық басқармада, жұмыспен қамту бөлімінде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон.
Тармақ 11
11. Өтініш беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді (құжаттарды) ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 12
12. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды.
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелерінің, жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама беріледі.
Тармақ 14
14. Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Тармақша 1
1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
Қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне және Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағым «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қаңтарда № 31679 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 4 бұйрық) бекітілген тәртіпте «Электрондық жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесінде (бұдан әрі – «Электрондық жолданымдар» АТЖ) тіркеуге жатады.
Шағымды тіркеу ӘРПК 64-бабының 3-бөлігімен көзделген мерзімде жүргізіледі.
«Электрондық жолданымдар» АТЖ-да тіркегеннен кейін әрбір шығым бойынша арыз иесіне күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, № 4 бұйрықпен бекітілген нысанда талон беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың және жұмыспен қамту бөлімінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар және жұмыспен қамту бөлімі және егер шағым үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметті нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
Тармақ 2. 2-параграф. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
2-параграф. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну жөніндегі іс-шараларды қамтитын АОЖБ «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін АОЖБ-ның деректері автоматты түрде «Е-Собес» ААЖ-ға беріледі және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салумен смс-хабарлама жіберуге бастамашылық жасалады.
Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Проактивті қызмет арқылы протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.
Келісім түскен күннен бастап қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына «Е-Собес» ААЖ-дан жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып смс-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін алған кезде қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы «Е-Собес» ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыны жеке көмекшінің қызметін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу жөнінде қабылданған шешім туралы абоненттік құрылғысына смс-хабарлама арқылы хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген смс-хабарламалар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша смс-хабарламалар электрондық журналында тіркеледі.
Тармақ 21
21. Проактивті қызмет арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салулар «Е-Собес» ААЖ-дан автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Веб-портал арқылы «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3-параграф. Веб-портал арқылы «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жолдайды.
Өтініш «электрондық үкімет» шлюзі арқылы берілген кезде:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;
Тармақша 2
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
Тармақша 3
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Тармақ 23
23. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.
Тармақ 24
24. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Тармақ 25
25. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 26
26. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қалалық басқару, жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
3-тарау. Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
Тармақ 27
27. Жеке көмекшінің қызметін ұсыну портал немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз ету медициналық ұйымда, оңалту орталығында, санаторийлік-курорттық ұйымда стационарлық емдеу, мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болған кезеңіне тоқтатылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Портал арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
1-параграф. Портал арқылы жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
Тармақ 29
29. «Е-Собес» ААЖ-да тіркелгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға арналған өтініштер бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның АОЖБ-сының деректері кезектілік тәртібімен «Е-Собес» ААЖ-дан порталға беріледі.
АОЖБ деректері Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес күніне сегіз сағаттан аспайтын есеппен жеке көмекшінің көрсететін қызметтерінің көлемін қамтиды.
Жеке көмекші көрсететін қызметтерінің көлемін «Іс-шараларды жоспарлау» модулінің деректерін ескере отырып, қалалық басқарманың мамандары, «Е-Собес» ААЖ-дан жұмыспен қамту бөлімдері порталға тоқсан сайын немесе ағымдағы жылдың соңына дейін немесе ағымдағы жылы мүгедектік кезеңі аяқталғанға дейін жібереді.
Тармақ 30
30. Мобильді азаматтар базасында өтініш берушінің абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, оның абоненттік құрылғысына «Е-Собес» ААЖ-мен порталда жеке көмекшінің қызметін жеткізушіні авторизациялау және таңдау қажеттілігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 31
31. Порталда өнім берушіні таңдауды өтініш беруші АОЖБ іс-шараларының порталға жіберілгені туралы хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Өтініш берушінің интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған жағдайда, өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның, халықты жұмыспен қамту орталығының, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Тармақ 33
33. Өтініш беруші өнім берушіні таңдамаған кезде АОЖБ деректері порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушінің абоненттік құрылғысына «Е-Собес» ААЖ-дан келесі ай ішінде порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 34
34. АОЖБ деректерін порталға берген күннен бастап екі ай өткен соң өтініш берушінің өнім берушіні таңдау функциясына қол жеткізуі тоқтатылады. Өтініш берушіге қолжетімділікті тоқтату себебі көрсетілген смс-хабарлама жіберіледі. Өнім берушіні таңдау функциясына қол жеткізуді қалпына келтіруді өтініш беруші «өнім берушіні таңдауды іске қосу» батырмасын басу арқылы порталдағы жеке кабинет арқылы жүзеге асырады.
Өнім берушіні таңдауды іске қосу туралы мәліметтер порталдан «Е-Собес» ААЖ-ға автоматты түрде беріледі, одан кейін өтініш беруші «Е-Собес» ААЖ-дағы кезектілікті ескере отырып, өнім берушіні порталда таңдайды.
Тармақ 35
35. Өнім берушіні таңдауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші http://aleumet.egov.kz порталда авторизацияланады, ЭЦҚ арқылы жария шартқа қол қояды.
Тармақ 36
36. Өтініш беруші порталда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке бір мезгілде қол қоя отырып, жеке көмекшінің қызметіне тапсырысты рәсімдейді және өтініш беруші ЭЦҚ қойып өнім берушіге жібереді.
Тармақ 37
37. Өнім беруші Тапсырыс порталда түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келесі бас тарту себептерін көрсете отырып, өнім берушінің ЭЦҚ қойылған тапсырысты қабылдау немесе жеке көмекшінің қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қарайды және «пайдаланушының жеке кабинетіне» жібереді:
өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) алып тастауға өтініш берілді;
маманның (мамандардың)жүктемесі салдарынан қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
қызмет алушының тұрғылықты жерінде көрсетілмейді;
бұрын алушыға куәлардың жазбаша айғақтарымен расталған маманның (мамандардың) атына негізсіз қорлау және адами қадір-қасиетін қорлайтын айыптар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылды;
форс-мажорлық жағдайларға байланысты қызмет көрсетудің мүмкін еместігі (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).
Тармақ 38
38. Өнім беруші қызмет көрсетілген күннен бастап порталдағы «өнім берушінің жеке кабинеті» модулінде көрсетілген қызметтерді есепке алу журналында жеке көмекшінің көрсетілген қызметтерінің уақытын есепке алу үшін жазбалар жүргізеді.
Жеке көмекшінің қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) кезінде өнім беруші АОЖБ-ны қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) – жабу күніне дейін көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына жазуды жүзеге асырады.
«Е-Собес» ААЖ-да АОЖБ әлеуметтік оңалту іс-шарасының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.
Тармақ 39
39. Жеке көмекшінің қызметтері АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзіміне ұсынылады.
Алушы мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып, өзі таңдаған өнім беруші жеке көмекшінің қызметін мынадай себептер бойынша одан әрі ұсынудан бас тартады:
өнім берші қызмет көрсетуге уақытылы кіріскен жоқ;
өнім беруші тиісінше сападағы қызметтерді көрсетпеген және өнім беруші кемшіліктерді белгілеген мерзімде жоймаған;
өнім берушінің алушыға қатысты дәйексіз мәліметтерді қамтитын немесе қолайсыз нысанда айтылған және алушының ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын, сондай-ақ алушы туралы көрінеу анық емес ақпаратты тарататын бірнеше рет жасаған әрекеттері (сөздері);
өнім беруші тарапынан менің мекен-жайыма адамның қадір-қасиетін қорлайтын бірнеше рет негізсіз қорлау және айыптау;
басқа тұрғылықты жерге көшу.
Өнім беруші мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып, жеке көмекшінің қызметін одан әрі ұсынудан бас тартады:
форс-мажорлық жағдайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебі бойынша қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
куәлардың жазбаша айғақтарымен расталатын, қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан адамның қадір-қасиетін қорлайтын негізсіз қорлаулар мен айыптаулар;
қызметтер көрсетуге негіз болған нормативтік құқықтық актінің күшін жою.
Тармақ 2. 2-параграф. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
2-параграф. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі
Тармақ 40
40. Жеке көмекшінің қызметтерін сатып алу Портал мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде порталда көрсетілетін қызметтерді берушінің болмаған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеу тәртібі
3-параграф. Жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеу тәртібі
Тармақ 41
41. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері қызмет көрсетудің нақты уақыты үшін, бірақ Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес күніне сегіз сағаттан асырмай жүргізеді.
Жеке көмекшінің бір сағатта көрсететін қызметтеріне ақы төлеуді есептеу тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызының есебі негізге алына отырып жүргізіледі.
Тармақ 42
42. Жеке көмекшінің қызметтері үшін кепілдік берілген соманы өтеу өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген сома шегінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізеді. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де заңды тұлғалардың қаражаты есебінен кепілді сомадан тыс міндетті әлеуметтік аударымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей есептеледі және аударылады.
Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару кепілді сома шегінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеу өнім беруші ұсынған «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі негізінде, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын (бұдан әрі – ақы төлеуге арналған құжаттар) қоса бере отырып, ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Өнім берушіге ақы төлеу өтініш беруші тапсырыс қабылданғаны туралы өнім берушінің хабарламасын алған күннен бастап нақты көрсетілген уақыт үшін жүзеге асырылады.
Өнім беруші бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған кезде төлем құжаттарын қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қолын қоймай ұсынады.
Басқа 1. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер
Мүгедектігі бар
адамды абилитациялаудың
және оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші
топтағы мүгедектігі бар адамдар
үшін жеке көмекшінің әлеуметтік
қызметтерін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер
Тармақ 1
1. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:
Тармақша 1
1) толық соқырлық;
Тармақша 2
2) түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;
Тармақша 3
3) елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;
Тармақша 4
4) елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
Тармақша 5
5) паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);
Тармақша 6
6) елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
Тармақша 7
7) гемиплегия, триплегия, параплегия;
Тармақша 8
8) елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (ІІІ кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, ІV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған ІІІ дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);
Тармақша 9
9) елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
Тармақша 10
10) буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
Тармақша 11
11) қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
Тармақша 12
12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
Тармақша 13
13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
Тармақша 14
14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
Тармақша 15
15) жүріп-тұрудың ІІІ дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;
Тармақша 16
16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
Тармақша 17
17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.
Тармақ 2
2. Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар:
Тармақша 1
1) бактерия бөлінетін туберкулез (БК+);
Тармақша 2
2) жұқпалы тері және шаш аурулары;
Тармақша 3
3) жыныс аурулары;
Тармақша 4
4) неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
Басқа 2. Жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға өтініш
Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы
органның басшысына
_________________________
_________________________
Жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға өтініш
Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________
Туған күні: _________________________________________________________
Мүгедектік _________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _______________________________
Құжат нөмірі: _____________________ кім берген: ____________________
Берілген күні: «____» ______________________ ______ жылы
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы
Облыс ______________________________________________________________
қала (аудан) _______________________ ауыл: _____________________________
көше (шағын аудан) ___________________ -үй ______ -пәтер ___________
Телефон _____________________________________________________________
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну үшін:
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
Мемлекеттік сатып алу арқылы құжаттар қабылдауды сұраймын.
(керегінің астын сызу)
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
№
Құжаттың атауы
Құжаттағы парақтар саны
Ескертпе
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20____ жылғы «____» ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
(Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
__________________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
20____ жылғы «____» _______________________________________________________
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - - - -
кесу сызығы
Азаматтың өтініші _____________________________________________ қабылданды.
Өтінішті қабылдау күні 20___жылғы «____»
__________________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
Басқа 3. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету қағидаларына
3-қосымша
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса): жоқ
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
2
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы) – проактивті қызмет;
4) www. egov. kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал).
3
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
1) Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап бес жұмыс күні; веб-портал арқылы жүгінген кезде - өтінішті тапсырған сәттен бастап - бес жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Қағаз түрінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) Мемлекеттік корпорацияның – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда үзіліссіз жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады;
2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және дайын нәтижелерін беру мемлекеттік орпорация арқылы, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету жөніндегі кезекші бөлімдері арқылы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда үзіліссіз жүзеге асырылады;
3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамнан сенімхат.
Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы.
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2. Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz.
Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, «1414» Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
____________________________________________
Басқа 4. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,
___________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)
Сіздің мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарға байланысты «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды, атап айтқанда: жоқ құжаттардың/қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________;
3) ______________________________.
қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
_________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Алдым: ____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол болған жағдайда)
20___ жылғы «______» __________
Басқа 5. Хабарлама
Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Хабарлама
Тегі _____________________________________________________________________
Аты _____________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________
Құжаттың нөмірі: ______________________ кім берген: _________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _________________________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:
Облыс ___________________________________________________________________
Қала (аудан) __________________________________________________________ ауыл:
__________________________________________________________________________
Көше (шағын аудан) ___________________ -үй _____________ -пәтер ______________
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабардар етеміз.
Өтініш қабылданды және «Е-собес» ААЖ кезегінің электрондық журналында 20__ жылғы «__» _____ № __ нөмірімен тіркелді.
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдау мүмкіндігі туралы (aleumet.egov.kz) мобильді азаматтар базасында тіркелген Сіздің абоненттік ұялы байланысының телефон нөміріңізге смс-хабарлама жіберілетін болады.
Мемлекеттік органның басшысы ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің (бар болса)
20___ жылғы «___» ____________
Басқа 6. Смс-хабарлама журналы
Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Смс-хабарлама журналы
№
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Іс №
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу, арнаулы жүріп-тұру құралдары
Хабраламаның сипаты/жауаптың коды
Смс-хабарлама жіберілген кезең
Телефон №
Маман
Басқа 7. Жеке көмекшінің ілесіп жүру парағы
Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Жеке көмекшінің ілесіп жүру парағы
____________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефоны мекенжайы бойынша тұратын __________________________________________ 20___ жылғы _________ай үшін
№
Күні
Мүгедектігі бар адам жеке көмекшінің ілесіп жүруімен келген объектілердің тізбесі
Сағат саны
____________________________________________________________
Жеке көмекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы/ЭЦҚ
____________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы /ЭЦҚ
20___ жылғы «____» ____________