О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам лицензирования Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына және 50-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар (бұдан әрі – лицензия) беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру талаптары мен тәртібін айқындайды.»; мынадай редакциядағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі. 1-2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Өтініш беруші уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде береді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған. Өтінішті портал арқылы жіберген кезде өтініш берушінің «Жеке кабинетінде» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Уәкілетті орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия береді және өзі берген лицензиялардың есебін жүргізеді.»; 7-тармақ алып тасталсын; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеуге өтініш түскен күні бөліп шығару немесе бөлу нысанында өтініш беруші қайта ұйымдастырылған кезде оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның не лицензия беруден бас тартудың жобаларын дайындайды, уәкілетті органның басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады. Жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жібереді.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтініш Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен қоса ұсынылады: 1) уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы ерікті түрде өтініш жасау туралы лицензиаттың акционерлері жалпы жиналысының шешімі не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің (егер лицензиат Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылса) шешімі; 2) лицензиаттың барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы кепілдеме-хаты; 3) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде лицензиаттың жеке шотын және жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу туралы хаты немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тан лицензиаттың атына ашылған жеке шотқа «жоғалған клиент» мәртебесін беру туралы ақпарат; 4) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру шартын бұзу туралы хаты (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде); 5) барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың алдында берешектің жоқ екені туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың хаты; 6) өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың туындау негіздерін көрсете отырып, лицензиаттың кредиторлары туралы (олар болса) ақпарат ашып көрсетіледі. Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары трансфер-агент қызметін жүзеге асыратын лицензиатқа қолданылмайды. Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерткен кезде лицензиат Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша береді. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрі алып тасталған не ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрінің атауы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түріне өзгерген жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға осы тармақта көзделген құжаттармен бірге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелін басқарушының (ондай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен уәкілетті органға зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісін ұсынады. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қызметтің шағын түрін алып тастауға немесе өзгертуге өтініш берген күнге дейін атауынан «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді және (немесе) «ЕЖЗҚ» деген аббревиатураларды алып тастау бөлігінде мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Әлеуметтік кодекстің 49 және 51-баптарында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырады. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасау Әлеуметтік кодекстің 51-бабында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылады.»; 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 5- қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 61 Қаулыға 1-қосымша
Басқа 2. «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Қаулыға 2-қосымша Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларына 3-қосымша «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі. 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал). 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі ли­цен­зия бер­ген кез­де – 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей; ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­ген кез­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бө­лу неме­се бө­лі­ну ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да – 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей; ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­ла­рын бер­ген кез­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­ма­тат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру (бұ­дан әрі-ли­цен­зия), қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­ла­рын бе­ру не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны - элек­трон­дық. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын ақы мөл­ше­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі 1) мы­на­лар­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру үшін ли­цен­зи­я­лық алым: бро­кер­лік қыз­мет - 30 (отыз) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі - АЕК); ди­лер­лік қыз­мет - 30 (отыз) АЕК; ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет - 30 (отыз) АЕК; ка­сто­ди­ан­дық қыз­мет - 30 (отыз) АЕК; транс­фер-агент­тік қыз­мет - 10 (он) АЕК; ба­ға­лы қа­ға­з­дар­мен және өзге де қар­жы құ­рал­дар­мен са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет - 10 (он) АЕК; қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг қыз­ме­ті - 40 (қы­рық) АЕК; банк­тер­дің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-банк­те­рі фи­ли­ал­да­ры­ның ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да кә­сі­би қыз­ме­ті – 800 (се­гіз жүз) АЕК; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым осы тар­мақ­тың 1) тар­мақ­ша­сын­да бел­гі­лен­ген ти­іс­ті мөл­шер­ле­ме­нің 10 (он) пай­ы­зын құ­рай­ды; 3) ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін ли­цен­зи­я­лық алым осы тар­мақ­тың 1) тар­мақ­ша­сын­да бел­гі­лен­ген ти­іс­ті мөл­шер­ле­ме­нің 100 (бір жүз) пай­ы­зын құ­рай­ды. Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар, сон­дай-ақ қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) уәкі­лет­ті ор­ган – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден ба­стап 18.30-ға дей­ін бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес; 2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты бо­ла­тын тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін (ли­цен­зия алу үшін) қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі: 1) Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның уәкі­лет­ті ада­мы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лем жа­сау жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­генi ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­ның ең аз мөл­ше­рі­нің тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 4) құ­жат­тар­ды ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да­ғы күн­гі жағ­дай бой­ын­ша Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ак­ци­о­нер (қа­ты­су­шы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (заң­ды тұл­ға үшін) және Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ак­ци­о­нер (қа­ты­су­шы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұл­ға үшін); 5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­ден­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­ты­су­шы­сы (ак­ци­о­не­рі) шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы бой­ын­ша заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­ты­нын ку­әлан­ды­ра­тын және бей­ре­зи­дент заң­ды тұл­ға­ны тір­ке­ген ор­ган, тір­кеу нө­мі­рі, тір­кеу кү­ні мен ор­ны ту­ра­лы ақ­па­рат қам­ты­л­ған, мем­ле­кет­тік тіл­де және орыс ті­лін­де но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­сы бар са­уда ті­зі­лі­мі­нен заң­ды үзін­ді кө­шір­ме неме­се бас­қа да заң­ды құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 6) Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 30383 тір­кел­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2022 жы­л­ғы 28 қа­зан­да­ғы № 79 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Мін­сіз іс­кер­лік бе­де­лі­нің бол­мауы өл­шем­шар­тта­рын қо­са ал­ған­да, өті­ніш бе­ру­ші­нің (ли­цен­зи­ат­тың), бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның, ерік­ті жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның бас­шы қыз­мет­кер­ле­рін та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) ке­лі­сім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на және ке­лі­сім алу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­ға сәй­кес бас­шы қыз­мет­кер­лер­ді ке­лі­су үшін ұсы­ны­ла­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 7) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің те­гі, аты және болған кез­де әке­сі­нің аты, олар­дың ат­қа­ра­тын ла­у­а­зым­да­ры көр­се­ті­л­ген штат­тық кесте; 8) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру функ­ци­я­сы жүк­те­ле­тін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер ту­ра­лы ере­же; 9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға қа­жет­ті бағ­дар­ла­ма­лық-тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың және өзге де жаб­дық­тар­дың бо­луын рас­тай­тын мы­на­дай құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі: жаб­дық­ты жет­кі­зу шар­ты­ның; жаб­дық­ты қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі­нің; ли­цен­зи­я­лар­дың са­нын көр­се­те оты­рып, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді әзір­леу және (неме­се) жет­кі­зу шар­ты­ның; бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі­нің; қор­ғау мен қа­уіп­сіз­дік­ті ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың (ақ­па­рат­ты ре­зерв­теу тәр­ті­бі­нің си­па­ты, де­ректер­ге қол­же­тім­ді­лік­ті бө­лу те­тікте­рі­нің си­па­ты, қал­пы­на кел­ті­ру жос­па­ры, іш­кі ба­қы­лау те­тікте­рі) кө­шір­ме­ле­рі қа­жет­ті. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бағ­дар­ла­ма­лық өнім­ді дер­бес әзір­ле­ген не бас­қа адам көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бағ­дар­ла­ма­лық өнім­ді ақы­сыз бер­ген жағ­дай­да, осы тар­мақ­ша­ның екін­ші, үшін­ші, төр­тін­ші, бе­сін­ші аб­зац­та­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар ұсы­ныл­май­ды; Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­да мы­на­дай ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді: пай­да­ла­ны­ла­тын бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің ата­уы (сер­вер­лік опе­ра­ци­я­лық жүй­е­лер, де­рекқор­ды бас­қа­ру жүй­е­ле­рі), нұс­қа­лар, ли­цен­зи­я­ның бар екен­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 10) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы өті­ніш бе­ру­дің ал­дын­да­ғы соң­ғы тоқ­сан­ның со­ңын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бух­гал­тер­лік ба­лан­сы; 11) ағым­да­ғы жы­лы құ­ры­л­ған ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар­ды қо­с­па­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның бі­рін­ші бас­шы­сы және оның бас бух­гал­те­рі қол қой­ған, ауди­тор­лық есеп­пен рас­тал­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның соң­ғы аяқ­тал­ған жы­л­ғы қар­жы­лық есеп­ті­лі­гі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 12) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі бе­кіт­кен жа­қын ара­да­ғы үш жы­л­ға ар­нал­ған биз­нес-жос­па­ры (ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­нан бас­қа өзге де ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан­да құ­ры­л­ған транс­фер-агент­тің биз­нес-жос­па­рын заң­ды тұл­ға­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны бе­кі­те­ді, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-бан­кі фи­ли­а­лы­ның биз­нес – жос­па­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-бан­кі­нің ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­ле­ді). Биз­нес-жос­пар­да мы­на­дай мә­се­ле­лер: ли­цен­зи­я­ны алу мақ­сат­та­ры; қыз­ме­ті­нің негіз­гі ба­ғыт­та­ры­ның си­патта­ма­сы және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қыз­ме­ті ба­ғыт­тал­ған на­рық сег­мен­тіне шо­лу; қыз­мет ше­гін­де бо­лжам­ды қыз­мет көр­се­ту­лер, олар­ды ба­ға­лау тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат, сон­дай-ақ олар­ды са­ту та­лап­та­ры мен кө­ле­мі бой­ын­ша жос­пар­лар; қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты негіз­гі тәу­е­кел­дер, олар­ды ба­ға­лау және мен­шік­ті ка­пи­та­лы есе­бі­нен өтеу тә­сіл­де­рі, мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның жет­кі­лік­ті­лі­гі мәні, тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау рә­сім­де­рі ту­ра­лы ақ­па­рат; қар­жы жос­па­ры, оның ішін­де ал­ғаш­қы үш қар­жы (опе­ра­ци­я­лық) жы­лын­да­ғы кі­рі­стер мен шы­ғы­стар бо­лжа­мы, көр­се­ті­л­ген ке­зең ішін­де­гі шы­ғын­ды­лық­тың жол бе­рі­ле­тін ко­эф­фи­ци­ент­те­рі; ин­ве­сти­ци­я­лық са­я­сат, ком­па­ния қыз­ме­тін қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі; өті­ніш бе­ру­ші­нің ұй­ым­дық құ­ры­лы­мы, кор­по­ра­тив­тік бас­қа­ру рә­сім­де­рін іс­ке асы­ру тә­сіл­де­рі­нің си­патта­ма­сы, сон­дай-ақ ма­ман­дар­дың бі­лім дең­гей­іне қой­ы­ла­тын та­лап­тар көр­се­ті­луі ти­іс; 13) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның қыз­мет­те­рін пай­да­ла­на­тын субъ­ек­ті­лер­мен са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның өза­ра қа­рым-қа­ты­на­сын ай­қын­дай­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар­мен және өзге қар­жы құ­рал­да­ры­мен са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дың іш­кі қа­ғи­да­ла­ры (ба­ға­лы қа­ға­з­дар­мен және өзге қар­жы құ­рал­да­ры­мен са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін үміт­кер көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­лар үшін); 14) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы кли­ринг­тік ұй­ым­ның қыз­мет­те­рін пай­да­ла­на­тын субъ­ек­ті­лер­мен кли­ринг­тік ұй­ым­ның өза­ра қа­рым-қа­ты­на­сын ай­қын­дай­тын қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг­тік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дың іш­кі қа­ғи­да­ла­ры (қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг­тік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін үміт­кер көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­лар үшін). Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­сы бар заң­ды тұ­лға­лар ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да қыз­мет­тің қо­сым­ша тү­рін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 8) және 12) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тір­кел­ген са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг­тік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 13) және 14) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды. Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да кә­сі­би қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін банк, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-бан­кі­нің фи­ли­а­лы, ис­лам бан­кі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-ис­лам бан­кі­нің фи­ли­а­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ға Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 2), 7), 8), 9), 12) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып ұсы­на­ды. «Өмір­ді сақ­тан­ды­ру» са­ла­сын­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған ли­цен­зия алу үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 8) және 9) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды, сон­дай-ақ ин­ве­сти­ци­я­лық ко­ми­тет­тің құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қо­са ал­ған­да, осы ко­ми­тет ту­ра­лы ере­же­ні және Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17462 бо­лып тір­кел­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2018 жы­л­ғы 27 та­мы­зда­ғы № 198 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры­ның фи­ли­ал­да­ры үшін тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сін қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сі­нің жұ­мысын ай­қын­дай­тын іш­кі қа­ғи­да­лар­ды элек­трон­дық құ­жат­тар ны­са­нын­да ұсы­ну қа­жет. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін (ли­цен­зия тел­нұс­қа­сын алу үшін) қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі (егер бұ­дан бұ­рын бе­рі­л­ген ли­цен­зия қа­ғаз ны­сан­да ре­сім­дел­ген бол­са): 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу; 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лем жа­сау жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін (ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін) қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі: 1) Қа­ғи­да­лар­ға 8-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лем жа­сау жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) ақ­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­у­ге негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­ра­ты бар құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі (құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі тү­рін­де). Уәкі­лет­ті ор­ган ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент - же­ке тұл­ға­сы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент - же­ке тұл­ға­сын­да алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның жоқ еке­нін рас­тай­тын; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент - заң­ды тұл­ға­сын мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы құ­жат­тар­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер: 1) заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да қыз­мет­тің тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­нуы; 2) қыз­мет тү­ріне ли­цен­зия бе­ру­ге өті­ніш бе­рі­л­ген жағ­дай­да қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Ба­ға­лы қа­ға­з­дар ры­но­гы ту­ра­лы» За­ңы­ның 48-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұй­ға­ры­мы негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы-бо­рыш­кер­ге сот­тың ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз бо­лып та­бы­ла­ды. Мы­на жағ­дай­лар: ли­цен­зи­я­лар­ды қай­та ресiм­деу кезiн­де же­ке­ле­ген қыз­мет түр­лерi­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшiн ли­цен­зи­я­лық алым тө­лен­бе­уі; осы Тіз­бе­нің 8-тар­ма­ғы­ның бе­сін­ші бө­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­уі ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­уден бас тар­ту­ға негіз­дер бо­лып та­бы­ла­ды. Ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­ла­рын бе­ру ке­зін­де же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ға ақы тө­ле­меу ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту­ға негіз бо­лып та­бы­ла­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры уәкі­лет­ті ор­ган­ның ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты «же­ке ка­би­нет» пор­та­лы ар­қы­лы қа­шық­тан қол­жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­нан алу мүм­кін­ді­гіне ие. Пор­тал­да ір­кі­лі­стер не тех­ни­ка­лық қа­те­лер анық­тал­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жү­гі­ну қа­жет. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777 неме­се 1414.
Басқа 3. Уәкілетті органға ерікті жүгінуге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға, қызмет түрінің (кіші түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызметтің түрін (кіші түрін) алып тастауға
Қаулыға 3-қосымша Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларына 5-қосымша Нысан Уәкілетті органға ерікті жүгінуге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға, қызмет түрінің (кіші түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызметтің түрін (кіші түрін) алып тастауға акционерлерінің жалпы жиналысының __________________________________________________________________________ (өткізу орны) 20__ жылғы «__» _____________ № ____ шешіміне сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__ жылғы «_»_____ №_____лицензияның қолданылуын тоқтата тұруын, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__жылғы «__» ________ № ______ лицензиядан төмендегі қызметтің түрін (кіші түрін) өзгертуін: ________________________________________________________________________________, (қызмет түрінің (кіші түрінің) атауы) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__жылғы «__»________№_____лицензиядан төмендегі қызметтің түрін (кіші түрін) алып тастауын: _______________________________________________________________________________ (қызмет түрінің (кіші түрінің) атауы) жүзеге асыруды (керегін таңдап алу) сұрайды. Лицензиат өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды. Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек): _______________________________________________________________________________ Лицензиаттың атқарушы органының басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) _____________________________________________________________________________ (күні) (қолы)