Об утверждении Правил отбора инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий и предоставления Правительством Республики Казахстан государственных гарантий по негосударственным займам Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк кепiлдiктер беру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесiн бекiту туралы "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк кепiлдiктер беру және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 3. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қаңтардағы N 91 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттiк кепiлдiктер беру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi
Тармақ 1. 1. Негiзгi ережелер
1. Негiзгi ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кепiлдiктер беру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекет кепiлдiк беретiн мемлекеттiк емес қарыздардың есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаларды (бұдан әрi - инвестициялық жобалар) iрiктеу тәртiбiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер (бұдан әрi - мемлекеттiк кепiлдiктер) беру тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңында, "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысында , "Инвестициялық жобаларды қарау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1219 қаулысында анықталған ұғымдар мен терминдер осы Ережеде қолдануға жатады.
Тармақ 2. 2. Мемлекеттiк кепілдiктер беру процесiне қатысушылардың өкiлеттiктерi және құзыретi
2. Мемлекеттiк кепілдiктер беру процесiне қатысушылардың өкiлеттiктерi және құзыретi
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру процесi мынадай негiзгi сатылардан тұратын iс-шаралар кешенiн қамтиды:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды iрiктеу;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекiту;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк кепiлдiктер беру.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру процесiнiң негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкiлеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Әдiлет, Қоршаған ортаны қорғау, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, республикалық бюджет комиссиясы, "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi) болып табылады.
Тармақ 5
5. Қарыз алушылар:
Тармақша 1
1) техника-экономикалық негiздеме (бұдан әрi - TЭH) және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) осы Ережеге және мемлекеттiк кепiлдiктер беру процесiне қатысушылардың талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшiн талап етiлетiн құжаттаманы берудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 6
6. Салалық уәкiлеттi органдар:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобалардың салалық сараптамасын жүргiзедi;
Тармақша 2
2) салалық сараптама нәтижелерi бойынша тиiстi қорытынды бередi.
Тармақ 7
7. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілеттi оpган:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ықтимал кредит берушiлермен мемлекеттiк кепiлдiктермен мемлекеттiк емес қарыздар беру шарттары жөнiнде келiссөздер жүргiзедi;
Тармақша 3
3) iшкi кредит келiсiмiн жасасады;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк кепiлдiктер бередi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жоспарланған қызметтi iске асыруға байланысты болуы мүмкiн терiс салдардың алдын алу, жоспарланатын қызметтiң оларды iске асыру туралы шешiм қабылдаудың алдындағы сатыда экологиялық талаптарға сәйкестiгiн бағалау және өндiрiстiк күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамдалатын өзгерiстерiн сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаның мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарт жобаларының сараптамасын жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды қарау процесiне ұйымдастырылған басшылық етудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобалардың, экономикалық сараптамасын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту үшiн несие капиталының рыногын (сыртқы немесе iшкi) анықтайды;
Тармақша 4
4) жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi жөнiндегi ұсынысты, инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мемлекет кепiлдiгiмен жасалатын қарыз алу шарттарының (келiсiмдерiнiң) заңды сараптамасын жүргiзедi.
Тармақ 12
12. Қазақстанның Даму Банкi:
Тармақша 1
1) банктiк сараптаманы жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiң функцияларын орындайды.
Тармақ 13
13. Республикалық бюджет комиссиясы:
Тармақша 1
1) жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитiн анықтайды;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобалардың тiзбесiн анықтайды;
Тармақша 3
3) әрбiр инвестициялық жоба үшін жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттiк кепілдiктер беру лимитi шегiнде мемлекеттiк кепілдіктiң мөлшерiн анықтайды.
Тармақ 14
14. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру процесiне заңнамаға сәйкес өз құзыретiнiң бөлiгiнде инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптаманы) жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген басқа мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдар қатысады.
Тармақ 3. 3. Инвестициялық жобаларды iрiктеу
3. Инвестициялық жобаларды iрiктеу
Тармақ 15
15. Мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi жылдың 1 наурызынан кешіктiрмейтiн мерзiмде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтінiм бередi: TЭH; салалық сараптаманың, қаржылық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкiнiң банктiк сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажеттi басқа да сараптамалардың оң қорытындысы.
Тармақ 16
16. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес құжаттары толық құрамда берiлмеген өтiнiмдер қаралмайды. Жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен кейiн ұсынылған өтiнiмдер тиiстi жылы мемлекеттiк кепiлдiк беру мән-жайына қаралмайды.
Тармақ 17
17. Осы Ереженiң 15-тармағына сәйкес өтiнiм бергеннен кейiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және 2 айдың iшiнде экономикалық сараптама қорытындысын дайындайды.
Тармақ 18
18. Инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы: мемлекеттiк инвестициялардың басымдықтарына жоба мақсаттарының сәйкес келуiн бағалауды; экономикалық талдауды бағалауды; инвестициялық жобаны iске асырған жағдайда, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн салық түсiмдерiнiң ағынын талдауды қамтитын жобаның ТЭН әзiрлеу шеңберiнде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылардың негiзiнде жүргiзiлген инвестициялық жобаның экономикалық талдауын кешендi бағалау.
Тармақ 19
19. Осы Ережеде көрсетiлген сараптамаларды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн тиiстi мемлекеттiк органдар және өзге де ұйымдар анықтайды.
Тармақ 20
20. Осы Ережеде көрсетiлген сараптамалардың оң қорытындысының болуы мемлекет кепiлдiк беретiн мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiне инвестициялық жобаны қосу үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
Тармақ 4. 4. Инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекiту
4. Инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекiту
Тармақ 21
21. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланғанның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде жоспарланған үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiн анықтайды.
Тармақ 22
22. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi жылдың 20 шілдесiнен кешіктiрмейтiн мерзiмде экономикалық сараптама қорытындыларының негiзiнде инвестициялық жобаларды қалыптастырады және жобалар бойынша экономикалық сараптама қорытындыларын қоса бере отырып, мемлекет кепiлдiк беретiн мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Тармақ 23
23. Республикалық бюджет комиссиясы экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган ұсынған инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қараған кезде тиiстi жылға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiне кiретiн бiр жылға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн анықтайды.
Тармақ 24
24. Республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру барысында экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және әрбiр инвестициялық жоба бойынша мемлекеттiк кепiлдiктердiң сомасын қайта қарайды.
Тармақ 25
25. Республикалық бюджет комиссиясының қарау нәтижелерi бойынша мемлекет кепiлдiк беретiн мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген шешiмiмен бекiтiледi және жариялануға тиiс.
Тармақ 5. 5. Мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбi
5. Мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбi
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасының Үкiметi инвестициялық жобалар тiзбесiн бекiткеннен кейiн және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілеттi органмен келiсілген қарыз туралы шарттың (келiсiмнiң) жобасы болған кезде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган қарыз алушылармен және Қазақстанның Даму Банкiмен iшкi кредит келiсiмдерiн жасасады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік кепiлдiк қарыз туралы шарт (келiсiм), iшкi кредит келiсiмi жасалғаннан, сондай-ақ қарыз алушы мемлекеттiк кепілдiк бергенi үшiн алдын-ала бiр жолғы төлемақы (алым) төлегеннен кейiн кредит берушiге ұсынылады.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сәйкес келуi тиiс.
Тармақ 29
29. Мемлекеттiк кепілдiктер әрбiр инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының негiзiнде беріледi.
Тармақ 30
30. Кепілдiк мiндеттемелер нысанында берілген мемлекеттiк кепілдiк бiр данада арнайы мемлекеттiк кепілдiк бланкілерiнде ресiмделеді. Мемлекеттiк кепілдік бланкілерi қатаң есептілiк бланкілерi болып табылады.
Тармақ 31
31. Кепілдiк туралы шарт нысанындағы мемлекеттiк кепілдiк екi данада ресiмделедi.
Тармақ 32
32. Банк кепілдiгiн беру мерзiмдерi мен шарттарын мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес қарыз шарттарына байланысты бюджеттің атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тармақ 33
33. Кепiлдiк беретiн Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктi ақшалай нысанда атқаруды көздейтiн банктiк кепiлдiктердi беруге қолданыстағы лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктiң атауы бар қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк орган беретiн тiзбеден бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган анықтайды.
Тармақ 34
34. Кепiлдiк беретiн шетел банкiнiң "Standard & Poor's" және "Fitch" халықаралық рейтингтiк агенттiктердiң жiктемесi бойынша "А" деңгейiнен төмен емес және "Moody's Investors Service" рейтингтiк агенттiгiнiң жiктемесi бойынша "А2" деңгейiнен төмен емес рейтингi болуы тиiс.
Тармақ 35
35. Банк кепілдiгiнiң нысанын және оның мазмұнын бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша банк-кепiлгер анықтайды.
Тармақ 36
36. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган кредит берушiмен келiсiм бойынша мемлекеттiк кепiлдiктiң мазмұнын және нысанын анықтайды.
Тармақ 37
37. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қарыз алушылардың мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мәселелерi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 38
38. Кредит берушiнiң талабы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын қарыз алу шарттарының (келiсiмдерiнiң) заңды қорытындысын (legal opinion) ұсынады.