Об утверждении правил в сфере семьи и детей Күшін жойған
Басқа 0
Отбасы және балалар саласындағы қағидаларды бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 2-тармағына, 125-бабына, 133-баптың 3-тармағына және 137-баптың 1-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жетім баланы (балаларды) және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшерінің қағидалары;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 188 бұйрығына
1-қосымша
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 2-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тағайындау және төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтарына жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем жетпіс бес айлық есептік көрсеткішті құрайтыны белгіленсін.
Тарау 2. 2-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған кезде біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі
2-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған кезде біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
Тармақ 7
7. Жеке басын растайтын құжаттар, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарт туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Тармақ 8
8. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім (бұдан әрі-шешім) дайындайды.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі-ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР АӨК-нің 74-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Тармақ 9
9. Біржолғы ақшалай төлем жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бала асырап алушының дербес шотына ақша қаражатын аудару жолымен шешім негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде асырап алушылардың біріне әрбір асырап алынған жетім балаға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға біржолғы ақшалай төлем тағайындалады және төленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем түрінде төленген ақша қаражатын қайтару
3-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем түрінде төленген ақша қаражатын қайтару
Тармақ 11
11. Бала асырап алудың күші жойылған немесе бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетіне қайтаруы тиіс.
Тармақ 12
12. Бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші бала асырап алушыны аударылған біржолғы ақшалай төлемді қайтару қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, оны қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 15
15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 1-1. Өтініш
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
Өтініш
Бала ___________________________________________________________
(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні) асырап
алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын.
Тегі ___________________________ Аты _________________________________
Әкесінің аты (бар болғанда) _____________ Мекенжайы ___________________
Соттың атауы ________________________________________________________
Соттың 20___ жылғы «___»_____________ № _______ шешімі
Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі __________
__________ сериясы _________ нөмірі __________ кім берген _______________
Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________
Жеке шотының № ____________________________________________________
Банктің атауы ________________________________________________________
Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауаптылық
туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде сипатталған «Дербес деректер және оларды қорғау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді
қолдануға келісемін.
20 ___ жылғы «___» ______
өтiнiш берушiнiң қолы _______________
Басқа 1-2. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қағидаларына
2-қосымша
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
5 (бес) жұмыс күні
4
Көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері
Тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) өтініш;
2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын растайтын құжаттар, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарт туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алудың күшін жою;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алуды жарамсыз деп тану;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексімен белгіленген талаптарға және осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өтеді, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды
Басқа 1-3. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім
№ ____
20 ___ жылғы «___» _______________
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Азамат(ша) __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
Жүгінген күні ________________________________________________________
Асырап алынған баланың (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)) _____________
_____________________________________________________________________
Асырап алынған баланың туған күні _____________________________________
Асырап алынған баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы)
№ ______________________ берiлген күнi ________________________________
баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы
_______ 20 ___ жылғы «___»________бала асырап алу туралы соттың шешімі.
Бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалған
сомасы __________________________________________ теңгені құрайды
(сомасы жазбаша)
_____________________________________________________________________
себебі бойынша біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тартылды.
Басшы _____________________________ (қолы) (тегі)
Басқа 2. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 188 бұйрығына
2-қосымша
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жәрдемақы тағайындау және төлеу қорғаншыларға немесе қамқоршыларға ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының іздестірілуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жүргiзiледi.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 4
4. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 5
5. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алу құқығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады, ал мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы жеткізуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Тармақ 7
7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттары, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтерді («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді алатынын, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Тармақ 9
9. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешімді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібі
3-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібі
Тармақ 11
11. Егер баланың (балалардың) жалақысы, алименттері, зейнетақылары және өзге де әлеуметтiк төлемдері түріндегі табыстарының, сондай-ақ өзіне тиесілі мүлкінен түсетін табыстарының орташа айлық сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардан аспайтын болса, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы әр балаға (балаларға) тағайындалады.
Баланың орташа айлық табысын анықтау кезінде адам жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген айға дейінгі кезеңде баланың ақшалай нысанда нақты алған табыстары ескеріледі.
Тармақ 12
12. Баланың орташа айлық табысы табыстар сомасын жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген айға дейінгі айлардың санына бөлу арқылы анықталады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес формула бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасы ай сайын анықтайды.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті алушыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы көрсетілетін қызметті беруші барлық құжаттарды қабылдаған айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушы жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының дербес шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы ай сайын, ағымдағы айдың 15-і күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушы жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген оларды төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, оның туған айын қоса алғанда, қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толғанға дейін төленедi.
Тармақ 16
16. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған, көрсетілетін қызметті берушінің кінәсінен уақтылы алмаған жәрдемақы мерзімі шектелместен өткен кезең үшiн бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға төленедi.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы көрсетілетін қызметті берушіге көшкен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етедi. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алатын көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жерін ауыстырған кезде бұрынғы тұрғылықты жеріндегі көрсетілетін қызметті берушіге тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қамқорлыққа алынушының жеке iсін жаңа тұрғылықты жеріндегі көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бұл ретте қамқорлыққа алынушының жеке ісінде жәрдемақы төлемі қай күнге дейін жүргізілгені көрсетіледі.
Жаңа тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төлеуді қайта бастау бұрынғы тұрғылықты жері бойынша төлеу аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Егер Қазақстан Республикасының азаматы шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншы немесе қамқоршы болған жағдайда, жәрдемақының төленуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының мұндай балалармен нақты тұратын жері бойынша олардың өзара есеп айырысуларынсыз жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті алушының жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған жәрдемақыны пайдалануын бақылауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы мынадай:
Тармақша 1
1) баланың (балалардың) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған;
Тармақша 2
2) баланың (балалардың) орташа айлық табысының сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артқан;
Тармақша 3
3) ата-аналарының өз баласын жеке өздері тәрбиелеуді және күтіп-бағуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болған, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапарларда, балалармен бөлек тұратын, бірақ оларды күтіп-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жағдайларда тағайындалмайды.
Тармақ 21
21. көрсетілетін қызметті алушы жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) қамқорлыққа алынушының кәмелеттік жасқа толуы;
Тармақша 2
2) қамқорлыққа алынушының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттiк қамтамасыз етуге орналасуы;
Тармақша 3
3) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) асырап алынуы;
Тармақша 4
4) қорғаншының немесе қамқоршының Кодекске сәйкес өз мiндеттерiн атқарудан босатылуы және шеттетілуі;
Тармақша 5
5) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) некеге тұруы;
Тармақша 6
6) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-1-бабына сәйкес толық әрекетке қабiлеттi (эмансипацияланған) деп жариялануы;
Тармақша 7
7) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) бөлімнің қорытындысы негізінде ата-анасына қайтарылуы;
Тармақша 8
8) баланың (балалардың) қайтыс болуы;
Тармақша 9
9) баланың (балалардың) орташа айлық кірісі сомасының тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, елордадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артып кетуі.
Тармақ 22
22. Жәрдемақы төлеудi тоқтату көрсетілетін қызметті берушінің шешiмi бойынша төлемдi тоқтатуға әкелетін мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап жүргiзiледi.
Тармақ 23
23. Егер көрсетілетін қызметті алушыға іздеу нәтижесінде ата-аналарының табылғаны, олардың емделіп шығуы, бас бостандығынан айыру орындарынан босауы, қамқорлыққа алушының кірісінің өзгергені және көрсетілетін қызметті алушыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының төленуін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге де жағдайлар туралы белгілі болса, ол көрсетілетін қызметті берушіге бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Тармақ 24
24. Жәрдемақы төлеудi тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет беруші бұл туралы көрсетілетін қызмет алушыларды хабардар етеді.
Тармақ 25
25. Егер артық төлем алушы тарапынан терiс пайдаланудың нәтижесiнде болса, заңсыз төленген және алынған жәрдемақы көрсететін қызмет алушыдан өндiрiлiп алынады. Артық төленген жәрдемақыны өндiрiп алу өз еркімен немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Тарау 4. 4-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері және жәрдемақының пайдаланылуын бақылау
4-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері және жәрдемақының пайдаланылуын бақылау
Тармақ 26
26. Көрсетілетін қызмет алушыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері айына он айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Тармақ 27
27. Көрсетілетін қызмет беруші жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының пайдаланылуын бақылауды жарты жылда 1 реттен сиретпей жүргізеді. Бақылауды жүзеге асыру тәртібі «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысында көзделген.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 28
28. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 29
29. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 2-1. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау үшін көрсетілетін қызмет алушының
өтініші
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
1-қосымша
______________________
(көрсетілетін қызмет
берушінің атауы)
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау үшін көрсетілетін қызмет алушының
өтініші
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға
жәрдемақы тағайындауды сұраймын ______________________________________
(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған жылы және
балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)
Көрсетілетін қызмет алушының
Тегі__________________________
Аты _____________________ Әкесінің аты (бар болғанда)____________________
Мекенжайы __________________________________________________________
20__ жылғы «___» __________ қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау
туралы органның бұйрыңғы
Көрсетілетін қызмет алушының жеке басын растайтын құжаттың түрі __________
Сериясы ___________нөмірі _______________ кiм берді _____________________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi ______________________________________________
Дербес шотының № _____________ Банктiң атауы __________________________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) ________________________________________
Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 жұмыс күні iшiнде ол туралы
мәліметті міндетті түрде хабарлаймын.
Дұрыс емес мәлiметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшiн жауапкершiлiкке
тартылу туралы маған ескертiлдi.
Ақпараттық жүйелерде сипатталған «Дербес деректер және оларды қорғау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді
қолдануға келісемін.
20__жылғы«___»_____________ _______________________________
(көрсетілетін қызмет алушының қолы)
Басқа 2-2. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
2-қосымша
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
4
Көрсету нысаны
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім не негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері
Тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі;
5) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім бөлімінің (басқармасының) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы бұйрығының көшірмесі;
6) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы құжаттар.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ - сымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік номері порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде, бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың электрондық көшірмесі;
4) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдер, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы құжаттардың электрондық көшірмелері.
5) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім бөлімінің (басқармасының) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы бұйрығының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға «жалғыз терезе»қағидаты бойынша өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылатын тізбенің 5) тармақшасындағы көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттары, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтерді («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді алатынын, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) баланың (балалардың) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болуы;
2) баланың (балалардың) орташа айлық табысының сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артуы;
3) ата-аналарының өз баласын жеке өздері тәрбиелеуді және күтіп-бағуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болған, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іссапарларда болуы, балалардан бөлек тұру, бірақ оларды күтіп-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жағдайларда;
4) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өтеді, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Басқа 2-3. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
3-қосымша
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы филиалының № ___ бөлімі ____________________________________ (мекенжайды көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты ___________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________________________________;
2) ____________________________________________________;
3) ____________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды.
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)
_________________ (қолы)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _____________________
Қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) ____________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
«___»____________ 20__ жыл
Басқа 2-4. Көрсетілетін қызмет алушыларға жетім баланы (жетім балаларды) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
шешім
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
4-қосымша
Көрсетілетін қызмет алушыларға жетім баланы (жетім балаларды) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
шешім
№________
20 ___ жылғы «___»__________
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет берушінің атауы)
Істің № _______
Азамат (ша) _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Жүгінген күні ________________________________________________________
Баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазылуы)
№ _____________ берген күні ______________________________ баланың туу
туралы куәлігін (туу туралы актінің жазылуы) берген органның атауы
____________________________________________________________________
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) ____________________________
Баланың туған жылы _________________________________________________
Органның қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы шешімі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тағайындаған күні 20 ___ жылғы "___" _______________
Белгіленген жәрдемақы сомасы 20___ жылдың _________ дан 20___ жылдың
_________ ға дейін ____________________________________ теңге сомасында
(жазбаша)
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) ___________________________
жәрдемақы _________________ ден ____________ ға дейін ___________ теңге
сомасында _________________________________________________________
(жазбаша)
Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себебі: ____________________________
Мөрдің орны
Басшы тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _______________________ (қолы)
Басқа 2-5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды есептеу формуласы
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
5-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды есептеу формуласы
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстар мына формула бойынша анықталады:
ОШ=АШББ/БС/12 ай
мұндағы:
ОШ – тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстар;
АШББ – еңбекке ақы төлеу шығыстарын, өтемақы төлемдерін, әлеуметтiк салықты және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, мемлекет ішінде және елден тыс іс-сапарларды және қызметтік жол жүрулерді, орындаушылық құжаттарды орындауды, сот актілерін қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасының «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдағы жоспарлы шығыстарының сомасы,
БС – адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармаларының «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландырылатын ұйымдарда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде күтіп-бағылатын балалардың нақты саны.
Басқа 3. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 188 бұйрығына
3-қосымша
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 133-бабының 3-тармағы және 137-бабының 1-тармағы мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымындағы, медициналық немесе өзге де ұйымдағы балаларға белгіленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің»веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5
5. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Тармақ 6
6. Жеке басын растайтын құжаттар, некеге тұру туралы куәлік туралы мәліметтерді («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығының бар екендігін растайтын құжаттарды, білімі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін), екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ағымдағы шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді (егер некеде тұрса) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
Тармақ 7
7. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.
Тармақ 8
8. Акт жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші он жасқа толған баланың оны патронаттық тәрбиеге беру туралы келісімін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімдейді.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасу туралы хабарлама дайындайды.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР АӨК-нің 74-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында 1 (бір) жұмыс күні ішінде шарт жасасу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы шарт жасасу туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге шартқа қол қою үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде келуі қажет.
Тармақ 11
11. Шартқа қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетін» жолдайды.
Тармақ 12
12. Туысы, өгей әкесі (өгей шешесі) түріндегі көрсетілетін қызметті алушы баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдаған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Кодекстің 91-бабының 4-тармағына сәйкес психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат береді.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерді, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсететін қызмет алушыға берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу тәртiбi
3-тарау. Көрсететін қызмет алушыға берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу тәртiбi
Тармақ 14
14. Білім беру ұйымдарында, медициналық немесе басқа ұйымда мемлекет толық қамтамасыз ететін қамқорлықтағы балаларға ақша қаражаты тағайындалмайды.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызмет алушыға ақша қаражатын тағайындау туралы шешімнің негізінде көрсетілетін қызмет берушіге бес жұмыс күні ішінде патронат тәрбиешілерге ақша қаражатын төлеуді жүргізеді.
Тармақ 16
16. Патронаттық тәрбиедегі балаға (балаларға) бөлінетін ақша қаражатын төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын, осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол қамқорлықтағы бала 18 жасқа толғанға дейiн көрсетілетін қызмет алушыға тағайындалады және төленедi.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызмет алушыға берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді көрсетілетін қызмет алушы мен көрсетілетін қызмет беруші арасында жасалатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың негізінде ақша қаражатын тағайындау туралы шешім шыққан күннен бастап ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей ай сайын жүргізеді.
Тармақ 18
18. Патронат тәрбиешiге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:
Тармақша 1
1) қамқорлықтағы баланың кәмелетке толуы;
Тармақша 2
2)қамқорлықтағы баланың жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, стационар үлгісіндегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналасуы;
Тармақша 3
3) қамқорлықтағы баланы асырап алу;
Тармақша 4
4) патронат тәрбиешiнiң өз мiндеттерiн атқарудан шеттетілуі;
Тармақша 5
5) шарт мерзiмiнiң өтуi немесе оның мерзiмiнен бұрын бұзылуы.
Тармақ 19
19. Патронат тәрбиешіге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді тоқтату көрсетілетін қызмет берушінің шешiмi бойынша, төлеудi тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызмет беруші шешiм қабылданған күнiнен бастап бір ай мерзiмде патронат тәрбиешіні ақша қаражатын төлеудiң тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызмет берушінің кiнәсiнен көрсетілетін қызмет алушы уақтылы алмаған ақша қаражаты, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлықтағы бала он сегіз жасқа толғанға дейiн берiлсе, көрсетілетін қызмет берушіге өтініш түскен күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.
Тармақ 22
22. Патронаттағы балаға (балаларға) ақша қаражатын тағайындау және төлеу бойынша құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің қамқорлықтағы балалардың жеке істерінде сақталады.
Тармақ 23
23. Патронат тәрбиеші шығыстарды есепке алуды ақша қаражатының кірісі және шығысы бойынша жазбалар түрінде жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мөлшері
4-тарау. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мөлшері
Тармақ 24
24. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу ай сайын мынадай мөлшерде жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану – 6 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 2
2) мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану – 7 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 3
3) бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi және жұмсақ мүкәммалы – 3 айлық есептiк көрсеткiш.
Тармақ 25
25. Көрсетілетін қызмет беруші патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатының жұмсалуын бақылауды жарты жылда кемінде 1 рет жүргізеді.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 26
26. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 27
27. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 3-1. Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдіру және ақшалай қаражат тағайындау туралы
өтініш
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау қағидалары
1-қосымша
___________________________
(органның атауы)
Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдіру және ақшалай қаражат тағайындау туралы
өтініш
Балаларды патронаттық тәрбиеге беруді және оларға асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды сұраймын
1. ___________________________________(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)
2. ___________________________________(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)
3. ___________________________________(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)
4. ____________________________________(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және жеке сәйкестендіру нөмірі) (білім ұйымының атау).
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдай зерделеуін өткізуге қарсы емеспін.
Тұрғылықты мекенжайым өзгерген жағдайда күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ол туралы міндетті түрде хабарлаймын.
Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде сипатталған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.
20__ жылғы «___» ______________ _________________
(қолы)
Басқа 3-2. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау қағидалары
2-қосымша
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім беру бөлімдері
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
10 (он) жұмыс күні
4
Көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама және патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері
Тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған кезде бір реттік пароль арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтініш;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) келiсiмiнің электрондық көшірмесі;
3) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде неке қию туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
5) «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
6) білімі туралы мәліметінің электрондық көшірмесі;
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың дайындықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
8) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда дербес шоттың ашылуы туралы шарттың электрондық көшірмесі;
9) туыстарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке басын растайтын құжаттар, некеге тұру туралы куәлік туралы мәліметтерді («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығының бар екендігін растайтын құжаттарды, білімі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін), екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ағымдағы шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді (егер некеде тұрса) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей аналарына) патронаттық тәрбиеге береді.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін орындаудан шеттетілуі;
5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
8) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 13) тармақшасында аталған адамдар;
9) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ер жынысты адамның өтініші;
11) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
12) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;
13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген көрсетілетін қызметті алушылар (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
15) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
16) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
17) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өтеді, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Басқа 3-3. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау қағидалары
3-қосымша
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау үшін Сіз _________________(органның мекенжайы) мекенжайы бойынша орналасқан (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері) хабарласуыңыз қажет.
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ расталған ________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)
Басқа 3-4. Патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға
бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы
шешім
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау қағидалары
4-қосымша
Патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға
бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы
шешім
№ ____
20 ___ жылғы «__»
___________________________________________________________________
(органның атауы)
Істің № _______
Азамат(ша) _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
Жүгінген күні _______________________________________________________
Баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазылуы)
№ _____________ берген күні _____________________________ баланың туу
туралы куәлігін (туу туралы актінің жазылуы) берген органның атауы
___________________________________________________________________
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) ___________________________
Баланың туған жылы ________________________________________________
Патронаттық тәрбиеге баланы беру туралы шарт _________________________
Бекітілген күні 20 ___ жылғы «___» ______________
Белгіленген жәрдемақы сомасы
20____ жылғы «___» ____________ 20____ жылғы "___" ____________ дейін
_____________ теңге сомасында (жазбаша)
Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруімен байланысты тағайындалған ақшалай
қаражат сомасы:
Баланың (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)) ______________ жәрдемақы
__________________ ден _________________ ға дейін ______________ теңге
сомасында ________________________________________________________
(жазбаша)
Ақшалай қаражатты тағайындаудан бас тарту себебі: ____________________
Басшы ___________________________
(қолы) (тегі)
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 188 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 1-тармағының 4), 5) және 7)-тармақшалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2- тармағының тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз он тоғызыншы, жүз жиырмасыншы, жүз жиырма бірінші, жүз жиырма екінші, жүз жиырма үшінші, жүз жиырма төртінші, жүз жиырма бесінші, жүз жиырма алтыншы, жүз жиырма жетінші, жүз жиырма сегізінші, жүз жиырма тоғызыншы, жүз отызыншы, жүз отыз бірінші, жүз отыз екінші, жүз отыз үшінші, жүз отыз төртінші, жүз отыз бесінші, жүз отыз алтыншы, жүз отыз жетінші, жүз отыз сегізінші, жүз отыз тоғызыншы, жүз қырықыншы, жүз қырық бірінші, жүз қырық екінші, жүз қырық үшінші, жүз қырық төртінші, жүз қырық бесінші, жүз қырық алтыншы, жүз қырық жетінші, жүз қырық сегізінші, жүз қырық тоғызыншы, жүз еліуінші, жүз елу бірінші, жүз елу екінші, жүз елу үшінші, жүз елу төртінші абзацтар жүз тоқсан үшінші, жүз тоқсан төртінші, жүз тоқсан бесінші, жүз тоқсан алтыншы, жүз тоқсан жетінші, жүз тоқсан сегізінші, жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші, екі жүз үшінші, екі жүз төртінші, екі жүз бесінші, екі жүз алтыншы, екі жүз жетінші, екі жүз сегізінші, екі жүз тоғызыншы, екі жүз оныншы, екі жүз он бірінші, екі жүз он екінші, екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші, екі жүз он бесінші, екі жүз он алтыншы, екі жүз он жетінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз он тоғызыншы, екі жүз жиырмасыншы, екі жүз жиырма бірінші, екі жүз жиырма екінші абзацтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26885 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 414 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3- тармағының қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші абзацтары, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші абзацтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30011 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 95 бұйрығы 1-тармағының қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші абзацтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32291 болып тіркелген).