Об утверждении Правил разработки натуральных норм Күшін жойған
Басқа 0
Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 726 Бұйрығымен
бекітілген
Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-38) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды әзірлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Заттай нормалар қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді.
Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді.
Тарау 2. 2-тарау. Заттай нормаларды әзірлеу тәртібі
2-тарау. Заттай нормаларды әзірлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету, оларға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалу қажеттілігін ескере отырып, материалдық және материалдық емес игіліктерге қажеттілікті есептеуді:
Тармақша 1
1) материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтыну немесе пайдалану қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелері;
Тармақша 2
2) ғылыми негізделген әдістер мен тәсілдерді ескере отырып, салалық ерекшеліктер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Айқындалған қажеттіліктер негізінде орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды әзірлейді.
Заттай нормалар мынадай талаптарға сәйкес әзірленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделуге;
Тармақша 2
2) нақты және айқын болуға, әртүрлі оқылуды болдырмауға және оларды тәжірибеде еркін қолдану мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі;
Тармақша 3
3) олардың қолданылу саласының айқындалуы;
Тармақша 4
4) пайдаланушылар ортасының айқындалуы тиіс.
Тармақ 5
5. Заттай нормалар кесте түрінде әзірленеді.
Заттай нормалардың ерекшеліктеріне қарай орталық мемлекеттік органдар онда:
Тармақша 1
1) заттай норманың атауын;
Тармақша 2
2) заттай норманың өлшем бірлігін;
Тармақша 3
3) сандық мәндегі нормасын;
Тармақша 4
4) қызмет ету (қолданылу) мерзімін;
Тармақша 5
5) пайдаланылу мерзімін;
Тармақша 6
6) запаста сақталу мерзімін;
Тармақша 7
7) заттай нормалардың қолданылу саласын – заттай нормалар қандай қызмет саласында қолданылады, олар неге арналғаны;
Тармақша 8
8) заттай нормалардың қолданылу саласын – заттай нормалар белгіленетін мемлекеттік органдардың, қажет болған кезде олардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің, лауазымды тұлғалардың атауын;
Тармақша 9
9) заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамасын көрсетеді.
Қажет болған кезде:
Тармақша 1
1) заттай нормаларда пайдаланылған терминдер мен анықтамаларға нақтылау жүргізіледі;
Тармақша 2
2) ескертпелерге сілтемелер жасалады.
Тармақ 6
6. Әзірленген заттай нормалар:
Тармақша 1
1) қаржыландыру көздері (ұсынылып отырған заттай нормаларды енгізуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды жүргізу ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы) және қаржы шығындарының қажеттілігі көрсетілген анықтама;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;
Тармақша 3
3) ұсынылып отырған заттай нормаларды қабылдау қажеттілігінің негіздемесі, олардың орындылығын растау және оларға есептер қоса беріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
Тармақ 7
7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган заттай нормаларды алған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормалар бойынша ескертулері болған кезде орталық мемлекеттік органдар оларды пысықтайды және оған қайта келісуге енгізеді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормаларды қайта келісу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды және олардың осы мемлекеттік органға түскен күнінен бастап есептеледі.
Тармақ 8
8. Заттай нормаларды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеушіге мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынады:
Тармақша 1
1) заттай нормалар ескертулерсіз келісілді (актіде бірінші басшының не ол болмаған жағдайда оның міндетін орындаушының бұрыштамасы);
Тармақша 2
2) заттай нормаларды келісуден бас тартылды (бірінші басшының орынбасары қол қойған уәжделген бас тартуды қоса бере отырып).
Тармақ 9
9. Бекітілген заттай нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тәртіп осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде 1 (бір) реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Басқа 41. Ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат
Заттай нормаларды
әзірлеу қағидаларына
қосымша
Ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат
Р/с №
Заттай норманың атауы
Өлшем бірлігі
Ұсынылатын тиістілік нормасы
Бар-жоғы
ағымдағы қаржы жылының 01.01. нақты болуы
сатып алу жылы
қызмет мерзімі (жыл)
Ағымдағы қаржы жылында есептен шығарылуы тиіс
Ағымдағы қаржы жылында сатып алу жоспарланған
саны
құны (мың теңге)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
...
Болжанатын шығындар:
Кестенің жалғасы
Ұсынылып отырған тиістілік нормалары бойынша жалпы қажеттілік
оның ішінде
Жоспарланып отырған жоспарлы кезеңнің 2-ші жылына сатып алу көзделген
Жоспарланып отырған жоспарлы кезеңнің 3-ші жылына сатып алу көзделген
Келесі жоспарлы кезеңде сатып алу жоспарланады
саны (11-баған = (4-баған - ((5-баған - 8-баған) + 9-баған)
құны (мың теңге) (12-баған = 14-баған + 16-баған + 18-баған)
саны
құны (мың теңге)
саны
құны (мың теңге)
саны (17-баған = 11-баған- 13-баған - 15-баған)
Құны (мың теңге) (18-баған = 12-баған - 14-баған -16-баған)
11
12
13
14
15
16
17
18