Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №756 қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Айхын Қылышұлы Елеусізов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 19 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.