Об утверждении Правил и сроков исчисления (начисления) и перечисления обязательных пенсионных взносов работодателя в единый накопительный пенсионный фонд и взыскания по ним Қолданыста
Басқа 0
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақша;
Тармақша 4
4) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенті (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушінің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
Әлеуметтік кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде Әлеуметтік кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы қарастырылады;
Тармақша 5
5) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға төлеуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары агенттің, сондай-ақ өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын қызметкердің бір айға есептелген табысы сомасынан есептейді.
Тармақ 5
5. Заңды тұлға агенттер жұмыс берушінің есептелген (есепке жазылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде сақтайды.
Заңды тұлға агент таратылған кезде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және аудару туралы құжаттар агенттің орналасқан жеріндегі мемлекеттік архив мекемелеріне беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу)
2-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу)
Тармақ 6
6. Агенттер, өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы есептейді, есепке жазады және өз қаражаты есебінен БЖЗҚ-ға төлейді.
Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыс сомасына Әлеуметтік кодекстің 251-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар үшін – жалдамалы жұмыскерлердің, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) тұлғалардың жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;
Тармақша 2
2) жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын дара кәсіпкерлер үшін – жалдамалы жұмыскерлердің және ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) тұлғалардың жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - СІМ) үшін:
дипломатиялық қызмет қызметкерлері – белгіленген ақшалай төлемдермен бөлу негізінде еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес айлықақының 100 пайыздық мөлшері;
дипломатиялық қызмет жұмыскерлері – белгіленген ақшалай төлемдермен СІМ дипломатиялық қызмет персоналының теңестірілген лауазымы бойынша бөлу негізінде еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес айлықақының 100 пайыздық мөлшері;
Тармақша 4
4) жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдасына есептеуі, ол өзі алатын табыстан жүзеге асырылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің алатын табысы Әлеуметтік кодекстің 251-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде өздері айқындайтын сома болып табылады.
Табысы болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне Әлеуметтік кодекстің 251-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
Тармақша 5
5) арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын операторлар үшін – орындаушылар алған кіріс.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 365-бабында көрсетілген;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 382 және 435-баптарында көрсетілген;
Тармақша 3
3) Салық кодексінің 429-бабының 3) және 8) тармақшаларында, 432-бабының 13) тармақшасында, 436-бабының 4) тармақшасында, сондай-ақ 400-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында және 435-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда (жоғалған табыс (кіріс) бөлігінде), Салық кодексінің 400, 429, 430, 431, 432, 433, 434, 435 және 436-баптарына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғаның кірістері азаятын;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдар және Салық кодексінің 404-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған төлемдер мен кіріс түрлері есепке алынбайды.
Тарау 3. 3-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударудың тәртібі мен мерзімдері
3-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударудың тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 8
8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ жеке практикамен айналысатын тұлғалар, дара кәсіпкерлер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен осы Қағидалардың 10-тармағында айқындалған тәртіппен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналары кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірілмей «Мемлекеттік корпорацияға аударылады.
Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілер үшін жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударылады.
Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушыларға операторлар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кіріс төленетін айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударылады.
Тармақ 10
10. Агенттер кейіннен БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107861 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен әрбір ай үшін жеке жиынтық төлем тапсырмасымен, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында, сондай-ақ төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорация деректемелері, пайдасына жарналар аударылатын жеке тұлғалардың деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жарналар сомалары және жарналар төленетін кезең («ААЖЖЖЖ» форматында айы және жылы) көрсетіліп аударылады).
Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда аудару осы Қағидалардың осы тармағының бірінші абзацында белгіленген тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасы қалыптастырылып, әрбір ай үшін бөлек жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары сомаларын өзінің пайдасына және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүргізілетін тұлғалардың пайдасына аударумен қатар осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, жеке тұлғалардың деректемелерін көрсетіп, жиынтық төлем құжаттарын қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомалары БЖЗҚ-ға Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық төлем тапсырмаларымен, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген төлем тапсырмаларына сәйкес пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратты Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде (бұдан әрі – Келісім) белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға жібереді.
Тармақ 13
13. Жиынтық төлем тапсырмасында көрсетілген жұмыскердің ЖСН болмаған және (немесе) агент жеке тұлғаның деректемелерінде қателіктер жіберген жағдайларда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде агенттің шотына қайтарып, қайтару себебін көрсетеді.
Тармақ 14
14. Жеке тұлға зейнетақы төлемдерін немесе шартты зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде жұмыс беруші төлеген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың жекелеген сомалары жоқ екені анықтаған кезде агентті, оның ішінде бухгалтерияны қателердің анықтағаны және оған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуы туралы төлем құжаттарының және кез келген уақыт үшін Мемлекеттік корпорацияға өсімпұл және (немесе) өсімпұлдың аударылғаны туралы төлем құжаттары көшірмелерінің берілгені туралы ауызша хабардар етеді және осы салымшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жарналар сомасы және кезеңі («ААЖЖЖЖ» форматында айы мен жылы) бойынша ақпарат қамтылған төлем құжатын қоса береді.
Тармақ 15
15. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайларда жеке тұлға агенттің орналасқан жеріндегі мемлекеттік архив мекемелеріне, ал тарату ісі барысында тарату комиссиясына жүгінеді, олар оған төлем құжаттарының куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Жеке тұлға алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен бірге Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тармақ 16
16. Агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын есептеу (есепке жазу), аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе жеке тұлғадан қате анықталғаны туралы ауызша хабар алған жағдайларда агент қатені жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу арқылы қате анықталған айдан кейінгі айдан кешіктірмей түзетеді.
Қателерді жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу арқылы түзету мүмкін болмаған кезде агент осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Жұмыс берушінің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның өзінің шартты зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі.
Өтінішке бас бухгалтер қол қояды. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға өтінішке басшы қол қояды.
Тармақ 17
17. Қателер банктің кінәсінен жіберілген жағдайда банк қате аударылған соманы қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға хат жібереді.
Банктің кінәсінен қате аударылған соманы қайтаруға арналған өтініште: атауы, БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері және қайтарудың себебі көрсетіледі. Банктің уәкілетті тұлғалары қол қойған хат пен өтініш осы тұлғалардың қате нұсқауды қайтаруға арналған хаттар мен өтініштерге қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесімен қоса беріледі.
Тармақ 18
18. Агенттер мен банктерден қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға алынған құжаттар негізінде Мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұған дейін қайтару жүзеге асырылмағанын тексергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтаруға электрондық түрде өтінім қалыптастырады.
Электрондық түрдегі өтінімде жеке тұлғаның деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жұмыс беруші қайтаратын міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомалары, қайтару себебі көрсетіледі.
Электрондық түрдегі өтінім келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі.
Тармақ 19
19. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан жазылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді алысымен оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсетіп, қате есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады не Мемлекеттік корпорацияға БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде көрсетілген себептер бойынша қайтарудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 20
20. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есепке жазылған сомаларын БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияның өтінімінде көрсетілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына жеке тұлғалардың деректемелері көрсетілген жиынтық төлем тапсырмасымен электрондық түрде қайтарады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан жұмыс берушінің қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомалары келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде агент өтінішінде көрсетілген жеке тұлғалардың деректемелері көрсетілген жиынтық төлем тапсырмасымен аударады.
Тармақ 22
22. Банк жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомалары Мемлекеттік корпорациядан түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде агентті жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтарылғаны туралы хабардар етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған кезде берешекті өндіріп алу тәртібі
4-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған кезде берешекті өндіріп алу тәртібі
Тармақ 23
23. Нақты төленуі және жұмыскердің кіріс алуы шартымен агент уақтылы ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) аударылмаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен қоса аударуға тиіс.
Тармақ 24
24. Уақтылы есептелмеген және аударылмаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары үшін өсімпұлды агенттер кейіннен Мемлекеттік корпорацияның БЖЗҚ-ға аударуы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелді) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында айқындалатын төлемді тағайындау кодын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлейді.
Тармақ 25
25. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл төлеуді агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын агент уақтылы аудармаған жеке тұлғаларды көрсете отырып, осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізеді.
Жеке тұлғалар көрсетілмей аударылған өсімпұл агентке қайтарылады, кейіннен аударылған кезде өсімпұл сомасы кідірту күндерінің санын ескере отырып ұлғайтылады.
Тармақ 26
26. БЖЗҚ алынған өсімпұлды осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорациядан алынған ақпаратқа сәйкес шартты зейнетақы шоттарына есептейді.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік кіріс органы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агентке кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға аударуға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 28
28. Хабарлама агентке қол қойғызып жеке өзіне немесе жіберу және алу фактісін растайтын төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен тапсырылады. Бұл ретте хабарлама мынадай жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылды деп есептеледі:
Тармақша 1
1) алғаны туралы хабарлама берілетін тапсырыс хатпен пошта арқылы – агент пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап.
Бұл ретте мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымы пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізеді.
Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы осы тармақта көзделген, мемлекеттік кірістер органдары пошта арқылы жеткізілгені туралы хабарлама берілетін тапсырыс хатпен агентке жіберген хабарламаны қайтарған жағдайда мұндай хабарламаны тапсыру күні Салық кодексінде белгіленген тәртіппен айқындалады;
Тармақша 2
2) электрондық тәсілмен:
хабарлама «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап.
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын агентке қолданылады;
хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген агентке қолданылады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік корпорация арқылы – оны өзі келіп алған күннен бастап.
Тармақ 29
29. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы оған хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін банктік шоттар мен касса бойынша агенттің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер:
Салық кодексінің 201-бабында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
Мына:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін ақша алуды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша, қызметтен босарда алатын жәрдемақыларды және еңбекақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу бойынша, клиенттің әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі міндеттемелері бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салық берешегін, кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша ақша алудан басқа агенттердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті.
Мемлекеттік кірістер органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша шығарылады.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:
кейіннен Салық кодексінің 201-бабында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне аудару үшін банктерге ақша тапсыру;
егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылса, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі бойынша операциялардан басқа кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін агент түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы мүлтіксіз орындауға тиіс.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім берешек сомасы туралы хабарлама жіберу және тапсыру үшін осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген тәсілмен агентке жіберіледі және тапсырылады.
Агенттің банк шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кірістер органы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
Тармақ 30
30. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткеннен кейін ұсынады.
Тармақ 31
31. Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдер негізінде мемлекеттік кірістер органы тізімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын агенттердің банк шоттарынан мәжбүрлеп өндіріп алады.
Агенттердің банктік шоттарынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен ресімделген мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
Агенттің банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік кірістер органы инкассалық өкімдерді бенефициарды –Мемлекеттік корпорацияны көрсете отырып, агенттің банк шотына (шоттарына) қояды.
Тармақ 33
33. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын ашпай төлеген кезде банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Агенттердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімпұл төлеуін, БЖЗҚ жүргізетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорация күн сайын (өткен күн үшін) мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен, сондай-ақ қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын ұсынады.
Мемлекеттік корпорация жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қате аударылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей ұсынады.
________________________________
Басқа 1. Агенттің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе)
өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға өтініші
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан
Агенттің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе)
өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға өтініші
_______________________________________________________________________
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
_____________________________
1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды
төлеушінің (агенттің) деректемелері:
Атауы
_______________________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды (БСК)_______ ___________________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) ___________________________________________
2. Қателіктер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері,
№ _______ күні 20__ жылғы «___» ____________
Төлем тапсырмасының жалпы сомасы
_______________________________________________________________________
3. Жеке тұлғаның деректемелері
_______________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
Жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотына жарнаның сомасы
_______________________________________________________________________
Қайтаруға жататын сома
_______________________________________________________________________
4. Келесі төлемдермен түзету мүмкін емес, өйткені
_______________________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себепті көрсету, мысалы, қызметкер жұмыстан шығарылды,
төлем тағайындау коды, кезең, банк деректемелері, жеке тұлғаның деректемелері
және т. б. дұрыс көрсетілмеген, резидент емес)
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(кәсіпорынның толық деректері көрсетіледі – атауы, БСН / ЖСН, барлық банк
деректемелері – БСК/ЖСК)
_________________________
_________________________
(басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы (болған жағдайда)
______________________________
(күні)
______________________________
Басқа 2. Жеке тұлғаның өзінің шартты зейнетақы шотынан қате есептелген соманы алуға келісетіні туралы өтініші
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
Нысан
Жеке тұлғаның өзінің шартты зейнетақы шотынан қате есептелген соманы алуға келісетіні туралы өтініші
Мен, ________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
жеке сәйкестендіру нөмірі______________________________________________,
менің шартты зейнетақы шотыма қате аударылған жұмыс берушінің міндетті
зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың
_____________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
сомасын (сомаларын) қайтаруға келісім беремін.
(Бірнеше төлем тапсырмасы бойынша жұмыс берушінің міндетті
зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген
сомаларын қайтару қажет болған жағдайда қайтаруға жататын сома әрбір
төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
_______________ ________________
(қолы) (күні)
______________________________