Сәтбаев қалалық бюджеттік комиссияның құрамы және бюджеттік комиссияның ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Сәтбаев қалалық бюджеттік комиссияның құрамы және бюджеттік комиссияның ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджет жүйесі туралы" заңының 6-4 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 33 баптарына сәйкес әкімият қаулы етті:
Тармақ 1
1. Қала әкімі Қ.С. Балмағамбетовке қалалық бюджеттік комиссиясын құрып, оның құрамына қалалық мәслихат сессиясының келісімін алу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қалалық бюджеттік комиссияның ережесі бекітілсін (N 1 қосымшада).
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары А.А. Тұрлұбекке жүктелсін.
Басқа 4
N 1 қосымша
"Сәтбаев қалалық бюджеттік
комиссиясының құрамы және
бюджеттік комиссияның ережесін
бекіту туралы" қалалық әкімияттың
2004 жылдың 6 қаңтардағы
N 1-2/1 қаулысымен
бекітілген
Сәтбаев қалалық бюджеттік комиссияның
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет атқаратын қалалық бюджеттік комиссиясының қызметін реттейді (әрі қарай Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізі болып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты.
2. Комиссияның мақсаты.
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің басты мақсаты кезекті қаржы жылына және алдағы тұрған үш жылдық кезеңдегі қалалық бюджет пен қала бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін уақытында, сапалы жасауды қамтамасыз ету және қалалық бюджетті нақтылау және орындауға байланысты ұсыныстар жасау.
Тарау 3. 3. Комиссияның функциялары мен міндеттері.
3. Комиссияның функциялары мен міндеттері.
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) алдағы үш жыл кезеңінде қаланың бюджеті мен қалалық бюджеттің болжамдық көрсеткіштерінің негізін анықтау;
Тармақша 2
2) қаржы жылына сәйкес қаланың бюджетінің жобасын қарап, анықтау;
Тармақша 3
3) қаржы жылына сәйкес қалалық бюджетті нақтылауға ұсыныс беру;
Тармақша 4
4) қаланың бюджеттік бағдарламаларын іске асыру барысында мониторингті жүзеге асыру және соған байланысты ұсыныстар жасау.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) комиссияның жұмыс органы дайындаған құжаттарды қарап, мыналарды анықтайды:
қала бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін;
қала бюджетінің шығыстары шегі енгізілген алдағы үш жылдық кезеңдегі қала бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін, оның ішіндегі ағымдағы жылдың жобасында іске асатыны ескерілген инвестициялық жобалар бойынша;
қаржы жылы басында қалыптасқан жағдайға байланысты бюджеттік бағдарламалар бойынша (кіші бағдарламалар) қаржы жылына жоспарланған қалалық бюджеттен қаржыландырылатын кредиторлық қарыздарды өтеудің ауқымын;
алда тұрған қаржы жылындағы қалалық бюджеттің жобасын;
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 18-2 бабында көрсетілген басқа да көрсеткіштерді анықтайды.
Тармақша 2
2) қаланың атқарушы органының ұсынған экономикалық жоспары бойынша алдағы үш жылда және әр ағымдағы жылдың жобасы бойынша іске асырылатын инвестициялық жобаларды қалалық бюджеттен қаржыландыру көлемін және оның тізімдерін тексеріп, анықтайды;
Тармақша 3
3) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшіліктердің бюджеттік өтінімдерін қарап шешім ұсынады;
Тармақша 4
4) мынадай ұсынымдарды қарап, саралап ұсыныс жасайды:
бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелері туралы ақпараттардың негізінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту және бюджеттік бағдарламаларды әрі қарай іске асыруға.
Тармақ 6
6. Қаланың бюджеттік Комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамаларында қарастырылған басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқығы.
4. Комиссияның құқығы.
Тармақ 7
7. Комиссияның өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес мынадай құқығы бар:
Тармақша 1
1) қала әкімі аппаратының бөлімдері, комитеттері, қаланың басқа да мемлекеттік органдары және ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасау, комиссияның жұмысын іске асыру мақсатында қажетті мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өз құзырына қарасты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және шешім қабылдауға;
Тармақша 3
3) Комиссия өз міндеттерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес мемлекеттік және басқа да ұйымдардан қажетті материалдарды талап етуге және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссия өз міндеттерін іске асыруға байланысты туындаған мәселелерді іске асыру мақсатында Комиссия отырысына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларын, олар болмай қалған жағдайда бірінші басшыларының міндетін атқарушы тұлғаларды шақырып, тыңдауға.
Тарау 5. 5. Комиссияның құрылу тәртібі мен қызметі.
5. Комиссияның құрылу тәртібі мен қызметі.
Тармақ 8
8. Бюджеттік Комиссияның құрамын қала әкімі құрып және оның ұсынысы бойынша қалалық мәслихаттың сессиясымен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Комиссия құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
Тармақша 3
3) Комиссия хатшысы;
Тармақша 4
4) Комиссияның жұмыс органы.
Тармақ 10
10. Комиссия отырыстары аралығында оның қызметіндегі ұйымдастырушылық сұрақтарға байланысты мәселелерді Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 11
11. Комиссия жұмысына комиссияның төрағасы басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағаның міндетін атқарады, комиссияның жұмыс жоспарын жасайды, оның шешімдерін іске асыруға жалпы бақылау жасайды және комиссияның атқаратын қызметіне жауап береді. Комиссия төрағасы болмай қалған жағдайда оның міндетін Комиссия төрағасы тағайындаған орынбасар атқарады.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, отырыстың хаттамаларын рәсімдейді.
Тармақ 13
13. Комиссияның жұмысы Комиссия отырысында бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі, қажет болған жағдайда Комиссияның кезектен тыс отырысы шақырылады.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелері өздерінің комиссия отырыстарына қатысу өкілеттіліктерін басқа тұлғаларды беруге құқығы жоқ.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысы оның мүшелерінің 2/3 бөлігі отырысқа қатысқан жағдайда ғана өткізілуге құқылы.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады, сонымен қатар комиссия мүшелерінен сауал алу арқылы да қабылданады, мұндай жағдайда шешім Комиссия мүшелері көпшілік дауыс берсе ғана қабылданады деп есептелінеді. Шешім қабылдауда Комиссия мүшелері тең дауыс алуға құқылы. Тең дауыс берілген жағдайда, Комиссия төрағасы берген дауыс шешуші дауыс болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелердің нәтижесі әр мәселе бойынша берілген дауыстың қортындысымен хаттамаға кіргізіледі. Комиссияның қабылдаған шешімі Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді. Қабылданған шешімен комиссия мүшелері келіспеген жағдайда комиссия мүшелері өздерінің пікірлерін жазбаша түрде мазмұндап, отырыстың хаттамасына қосып тіркеуді талап етуге құқылы.
Тармақ 18
18. Комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылдаған шешімін барлық мемлекеттік органдар көрсетілген мерзімде міндетті түрде қарап, орындауы керек.
Тармақ 19
19. Комиссияның жұмыс органының міндеті қала әкімінің қаржы бөліміне жүктеледі.
Тармақ 20
20. Жұмыс органының міндеттері, комиссия анықтайтын отырыстың мерзіміне күн тәртібіне сәйкес құжаттарды дайындау, оларды комиссия мүшелеріне, қалалық бюджет бағдарламаларының әкімшіліктері мен жергілікті атқарушы органдарына жіберу, комиссия отырысының хаттамаларын дайындау, сондай-ақ, осы ережеден және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттердің жобасын жасау ережелерінен шығатын басқа да міндеттер болып табылады.
Тармақ 21
21. Комиссияның қарауына ұсынылған мәселелер бойынша құжаттар комиссия отырысынан бір күн бұрын, комиссия мүшелеріне беріледі. Ал бюджетті нақтылауға байланысты қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылған жағдайда құжаттар комиссия отырысы өткізілетін күні берілуі мүмкін.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы.
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы.
Тармақ 22
22. Комиссия қызметінің тоқтатылуына негіз - қала әкімінің комиссияның қызметін тоқтату туралы қабылдаған шешімі болып табылады.
Тармақ 23
23. Осы ереженің 22 тармағына сәйкес, комиссияның қызметін тоқтатқан жағдайда, комиссия өзінің атқарған жұмыстары туралы қалалық әкімиятпен қала әкіміне атқарған жұмысы туралы анықтама - есеп жібереді.