Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 6 ақпандағы N 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 6, 66-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Басқа 4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялаудың Ережесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 99 қаулысымен бекiтілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялаудың Ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын мемлекеттiк субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Субсидиялар осы қызметтердi көрсетудi жүзеге асыратын кәсіпорындарға (бұдан әрi - Су жеткiзушi) суару үшiн су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің құнын (шығынын) iшiнара өтеуге (арзандатуға) арналады.
Тармақ 3
3. Субсидиялар оларға белгiленген су тұтыну лимитi шегiнде және республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің құнын субсидиялауға көзделген қаражат мөлшерiн ескере отырып, арзандатылған құны бойынша Су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Су жеткiзушілерге төленедi.
Тармақ 4
4. Жеткiзiлген судың 1 (бiр) текше метрiне бөлiнетiн субсидия мөлшерiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкілеттi мемлекеттік орган бекiткен су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiне пайыздық ара қатынаспен өңiрлiк жағдайларды ескере отырып, саралап белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Субсидияланған тарифтер бойынша (субсидия мөлшерiне азайтылған) су жеткiзу Су жеткiзушi мен Су пайдаланушы арасындағы шарт негiзінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетін қызметтердiң құнына субсидиялар төлеудің тәртiбi және мемлекеттік субсидиялаудың шарттары
2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетін қызметтердiң құнына субсидиялар төлеудің тәртiбi және мемлекеттік субсидиялаудың шарттары
Тармақ 6
6. Су жеткiзудi Су жеткiзушi қызметi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге арналған суармалы жерлердi пайдаланумен байланысты Су пайдаланушыларға субсидияланған тарифтер бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Субсидияланған тарифтер бойынша су алуға тiлек білдірген Су пайдаланушылар Су жеткiзушіге мынадай құжаттарды ұсынады: су тұтынуға өтінiм; жер пайдалану құқығына актінің, жер пайдалануға шарттың көшiрмесiн, немесе жер учаскесiн бөлу туралы аудан әкiмдігі шешімінің көшірмесiн (нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелер).
Тармақ 8
8. Су жеткiзушi жыл сайын 1 маусымға дейiн осы Ереженiң 3, 4, 5, 7-тармақтарына сәйкес Су пайдаланушылармен алдағы суару маусымына субсидияланған тарифтер бойынша су жеткiзу жөнiнде шарт жасасады. Егер Су пайдаланушылар вегетация аралық (дымқылдату және суғару) суаруларын жүзеге асырса, онда шарт осы жұмыстар басталғанға дейiн жасалуы тиiс.
Тармақ 9
9. Су жеткiзушi су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнына субсидиялар алу үшiн:
Тармақша 1
1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) облыс әкiмi ауыл шаруашылығы департаментімен (басқармасымен) және Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органымен келiсiм бойынша жеткiзiлетiн су көлемiн, көрсетiлетiн қызметтер құны мен су жеткiзу жөніндегi бекiтiлген тарифтi көрсетiп, тиiстi жылға арналған субсидияланатын тарифтер бойынша суару үшiн су алатын Су пайдаланушылардың тiзбесiн ұсынады;
Тармақша 2
2) ай сайын Ауылшарминінің облыстық аумақтық органына Су пайдаланушылар бөлінісінде субсидияланған тарифтер бойынша су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердің Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органымен алдын ала келiсiлген жиынтық тiзiлiмiн мыналарды қоса берiп, ұсынады: төрт данада жасалған (Cу жеткiзуші, Су пайдаланушы, Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органы және Уәкiлеттi орган үшiн) су жеткiзу жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн; Су пайдаланушылармен бiрге салыстырып тексерiлген су жеткiзу жөнiнде көрсетiлген қызметтерге төленген актілер төлем құжаттары мен олардың төлеген күнi белгiленген актiлердi.
Тармақ 10
10. Ауылшарминінің облыстық аумақтық органы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi әрі есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне Уәкiлетті органына ай сайын осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес жасалған бекiтiлген жиынтық тiзiлiмдердi және осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген актiлердiң түпнұсқаларын Уәкiлетті органға ұсынады.
Тармақ 11
11. Уәкiлетті орган: тиiстi жылға арналған субсидияланған тарифтер бойынша суармалы су алатын Су пайдаланушылар тiзбесiн бекiтедi және оны Су жеткiзушi мен Ауылшарминінің облыстық аумақтық органына жолдайды; осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына субсидиялар төлеу үшiн су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзілімiн ұсынады; республикалық бюджеттен қаражаттың түсуiне қарай есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн Су жеткiзушілердiң есеп айырысу шоттарына субсидиялардың тиесілі сомаларын аударады; Су жеткiзушінiң Су пайдаланушымен ұсынылатын екі жақты шартының нысандарын, су тұтынуға өтінiмдердi, Су пайдаланушылар тiзбесiн, ай сайынғы қызметтер көрсету актiсiн және Су пайдаланушылар бөлінісiнде су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн бекiтедi.