Об онлайн-платформах и онлайн-рекламе Қолданыста
Басқа 0
Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккаунт – онлайн-платформаны пайдаланушының онлайн-платформада тіркелгеннен кейін жасалатын дербес парақшасы;
Тармақша 2
2) демеушілік контент – онлайн-платформаны пайдаланушының өзі және (немесе) демеуші жасайтын аккаунтта орналастыру арқылы онлайн-платформаларды пайдаланушылар тарататын онлайн-платформалардағы контенттің бір түрі;
Тармақша 3
3) жалған ақпарат – шындыққа сай келмейтін не қамтылған фактілер едәуір бұрмаланған, адамдар, заттар, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы жалған түсінік қалыптастыратын, кез келген нысанда тіркелген ақпарат;
Тармақша 4
4) жария қоғамдастық – онлайн-платформаны пайдаланушы онлайн-платформада тіркеген, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың беймәлім саны үшін ақпарат орналастырылатын парақша;
Тармақша 5
5) жария қоғамдастық модераторы – онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) оны пайдаланушы болып табылатын, онлайн-платформадағы контентті орналастыру және (немесе) жою, және (немесе) редакциялау құқығы берілген тұлға;
Тармақша 6
6) инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы;
Тармақша 7
7) лездік хабар алмасу сервисі – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде лездік хабар алмасуға не оларды нақты айқындалған тұлғаға (тұлғаларға) беруге арналған және (немесе) онлайн-платформаны пайдаланушылар сол үшін қолданатын бағдарламалық қамтылым;
Тармақша 8
8) онлайн-жарнама – онлайн-платформаларды пайдаланушылар және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері таргеттелген жарнама және (немесе) демеушілік контент, және (немесе) өзге де ақпарат түрінде жасайтын және (немесе) орналастыратын, және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын, тұлғалардың беймәлім тобына арналған онлайн-платформалардағы жарнама;
Тармақша 9
9) онлайн-жарнаманы таратушы – онлайн-жарнаманы жасауды және (немесе) орналастыруды, және (немесе) таратуды жүзеге асыратын онлайн-платформаны пайдаланушы;
Тармақша 10
10) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі;
Тармақша 11
11) онлайн-платформадағы контент (бұдан әрі – контент) – онлайн-платформаны пайдаланушы белгілерді және (немесе) сигналдарды, және (немесе) дауыстық ақпаратты, және (немесе) жазбаша мәтінді, және (немесе) бейнені, және (немесе) дыбыстарды, және (немесе) аудиокөрнекі нысанды қабылдап алу және (немесе) тұлғалардың нақты айқындалған немесе беймәлім тобына беру арқылы алатын және (немесе) жасайтын, және (немесе) орналастыратын және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын онлайн-платформадағы ақпарат;
Тармақша 12
12) онлайн-платформаның меншік иесі – онлайн-платформаға меншік құқығын иеленетін жеке және (немесе) заңды тұлға;
Тармақша 13
13) онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі – онлайн-платформа контентінің өз интерфейсіндегі басымдығын, сондай-ақ іздеу нәтижелерінің басымдығын айқындайтын толық немесе ішінара автоматтандырылған онлайн-платформа жүйесі;
Тармақша 14
14) онлайн-платформаны пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – онлайн-платформада өзінің дербес деректерін тіркеген және (немесе) ұсынған, және (немесе) сәйкестендіруден өткен жеке және (немесе) заңды тұлға;
Тармақша 15
15) профайлинг – пайдаланушылардың қалауын және (немесе) қызығушылықтарын айқындауға бағытталған алгоритмдер жиынтығы;
Тармақша 16
16) таргеттелген онлайн-жарнама – профайлинг негізінде айқындалатын нысаналы топтарға арналған және пайдаланушыларды қамтуды ұлғайтуға және (немесе) оның басымдығын, оның ішінде онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесін пайдалана отырып арттыруға бағытталған онлайн-жарнама;
Тармақша 17
17) уәкілетті орган – онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар
және онлайн-жарнама туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның күші, егер басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылмайтын болса, лездік хабар алмасу сервистерін жеке басының және отбасының мұқтаждары үшін пайдалану кезінде пайдаланушылар арасында туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
Бап 3
3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Осы Заңның мақсаты онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің, сондай-ақ онлайн-жарнаманы жасаудың, орналастырудың, таратудың және сақтаудың, құқыққа қайшы контентті болғызбаудың және оның жолын кесудің құқықтық негіздерін айқындау болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің ашықтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) құқыққа қайшы контентке жол бермеу;
Тармақша 4
4) онлайн-платформаларда балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте адамның және азаматтың дербес деректерін жинау және өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
Бап 4
4-бап. Осы Заңның қағидаттары
Осы Заңның қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың онлайн-платформаларда ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау;
Тармақша 2
2) онлайн-платформаларда сөз және шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын пайдаланушылар туралы ақпаратты жинау, жинақтау және тарату кезінде заңдылықты қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) онлайн-платформалардың меншік иелері және оларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда олардың құқықтарын шектеу.
Бап 5
5-бап. Онлайн-платформалардың тілі
Тармақ 1
1. Онлайн-платформаның меншік иесі қазақ тілінде интерфейсті пайдалануға, сондай-ақ онлайн-платформаның пайдаланушы келісімімен, соның ішінде оның негізгі шарттарының қысқаша баяндалуымен танысуға мүмкіндік жасайды.
Тармақ 2
2. Онлайн-платформаның меншік иесі контенттің қазақ тіліне автоматты түрде аударылуына мүмкіндік жасайды.
Тармақ 3
3. Онлайн-платформаның меншік иесі Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында контентті қазақ тілінде модерациялауды қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 6
6-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама
саласындағы мемлекеттік реттеу
Тармақ 1
1. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Тармақ 4
4. Онлайн-платформалардың жұмыс істеуі, онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.
Жария қоғамдастықтардың модераторлары, онлайн-жарнаманы таратушылар бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ресімделіп, жіберіледі.
Тармақ 6
6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарсылығын жіберуге құқылы.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 7
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің онлайн-платформалар
және онлайн-жарнама саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 8
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы қызметін үйлестіреді;
Тармақша 4
4) онлайн-платформаларға мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамалар береді;
Тармақша 6
6) онлайн-платформаның меншік иесінен және (немесе) заңды өкілінен бір тәулікте пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұратады;
Тармақша 7
7) онлайн-платформада пайдаланушылар санын айқындау функциясы болмаған жағдайда пайдаланушылар санын айқындайды;
Тармақша 8
8) онлайн-платформалардың меншік иелерінен және (немесе) заңды өкілдерінен сот актілері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуы негізінде пайдаланушылар туралы мәліметтерді сұратады;
Тармақша 9
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
3-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
Бап 9
9-бап. Онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасының
аумағында жұмыс істеуінің құқықтық режимі
Тармақ 1
1. Онлайн-платформаларға бір ай ішіндегі орташа тәуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес уәкілетті органмен;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі хабар алмасу жөніндегі корпоративішілік сервистердің, электрондық пошта қызметтерінің функцияларын жүзеге асыратын лездік хабар алмасу сервистеріне қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін өзі айқындаған тәртіппен жүргізеді.
Тармақ 3
3. Онлайн-платформалардың мынадай функциялары болуға тиіс:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылар санын айқындау;
Тармақша 2
2) осы Заңның 11-бабында белгіленген пайдаланушылардың шағым беруі және оның алынғандығын автоматты түрде растау.
Онлайн-платформаның интерфейсі шешім қабылдауда пайдаланушыны жаңылыстырмауға немесе оған өзгедей түрде кедергі келтірмеуге тиіс.
Тармақ 4
4. Онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері:
Тармақша 1
1) құқыққа қайшы контенттің Қазақстан Республикасының аумағында таралуына қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның сұрау салуын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде оны қарауға;
Тармақша 3
3) заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың нұсқамалары, ұсынымдары, хабарламалары, шешімдері бойынша «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабында белгіленген шараларды қабылдай отырып, оларды қабылдап алуды, қарауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) адамның және азаматтың өміріне немесе қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқыққа қайшы контент анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге;
Тармақша 6
6) уәкілетті органға құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпарат беруге;
Тармақша 7
7) онлайн-платформа жұмыс істеген соңғы алты айда Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылардың орташа статистикалық ай сайынғы саны туралы ақпаратты ашық қолжетімді етіп орналастыруға;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға;
Тармақша 9
9) сот актілері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуы негізінде уәкілетті орган сұрататын пайдаланушылар туралы мәліметтерді ұсынуға;
Тармақша 10
10) уәкілетті органның нұсқамасы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында құқыққа қайшы контентті, балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты орналастыратын және тарататын аккаунттар қызметін тоқтата тұруға міндетті.
Бап 10
10-бап. Онлайн-платформалардағы дербес
деректерді қорғау ерекшеліктері
Онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) заңды өкілі онлайн-платформадағы дербес деректерді қорғау мақсатында:
Тармақша 1
1) пайдаланушыларды тіркеу аяқталғанға дейін оларды онлайн-платформаның құпиялылық саясатымен таныстырады;
Тармақша 2
2) дербес деректердің тұтастығын, сақталуын және құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректердің таралуына жол бермейді;
Тармақша 4
4) пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығы бұзылған жағдайда оны дереу хабардар етеді;
Тармақша 5
5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Бап 11
11-бап. Пайдаланушылардың шағым беруі және оны өңдеу
Тармақ 1
1. Пайдаланушы онлайн-платформаның меншік иесіне контентке, интерфейске, басқа пайдаланушыларға, онлайн-платформаның әрекеттеріне шағым беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Пайдаланушының шағым беру тетігі мен қағидаларын онлайн-платформаның меншік иесі айқындайды.
Шағым беру тетігі пайдаланушы үшін қолжетімді болуға және шағымның мазмұнын сипаттау мүмкіндігін көздеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Онлайн-платформаның меншік иесі шағыммен жүгінген пайдаланушыға шағым алынған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде уәжді жауап беруге міндетті.
Бап 12
12-бап. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі
Тармақ 1
1. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесінде пайдаланылатын параметрлер онлайн-платформаның пайдаланушы келісімінде сипатталуға тиіс.
Тармақ 2
2. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі пайдаланушыға профайлингті пайдаланбай контентті алу мүмкіндігін беруге тиіс.
Бап 13
13-бап. Контентті модерациялау
Тармақ 1
1. Онлайн-платформаның меншік иесі:
Тармақша 1
1) контентті модерациялау жүйелерін;
Тармақша 2
2) жасанды интеллект алгоритмдерін;
Тармақша 3
3) онлайн-платформада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) құқыққа қайшы контенттің Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылуына және таралуына қарсы іс-қимылды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 2
2. Онлайн-платформаның меншік иесі мынадай:
Тармақша 1
1) анықталған жүйелік тәуекелдер;
Тармақша 2
2) анықталған жүйелік тәуекелдерді азайту жөнінде қабылданған шаралар;
Тармақша 3
3) автоматтандырылған модерациялау жүйелері жойған құқыққа қайшы контентті, уәкілетті органның келіп түскен нұсқамаларының, пайдаланушылар шағымдарының санын және олар бойынша қабылданған шешімдерді көрсете отырып, контентті модерациялау туралы ақпаратты қамтитын есепті жыл сайын орналастырады.
Бап 14
14-бап. Ақпаратты құқыққа қайшы контентке жатқызу негіздері,
құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды
тоқтата тұру, тоқтату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, өзін-өзі өлтіруді,
дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны,
порнографияны, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпарат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де ақпарат құқыққа қайшы контент болып табылады.
Тармақ 2
2. Құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Бап 15
15-бап. Жалған ақпаратты жою
Тармақ 1
1. Жалған ақпарат өзіне қатысты таратылған тұлға онлайн-платформаның меншік иесіне жалған ақпаратты жою туралы талаппен жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Онлайн-платформаның меншік иесі жалған ақпаратты жоюдан бас тартқан жағдайда тұлға сотқа жүгінуге құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бап 16
16-бап. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы аумағында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен контентті алуға, жасауға, орналастыруға, таратуға;
Тармақша 2
2) онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еркін пікір білдіруге;
Тармақша 3
3) өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауға;
Тармақша 4
4) аккаунт, жария қоғамдастық ашуға;
Тармақша 5
5) онлайн-платформаның меншік иесіне немесе оның заңды өкіліне өздерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы туралы талаппен жүгінуге;
Тармақша 6
6) егер онлайн-платформалар ұсынатын өнімдер өз нанымдарына қайшы келсе, олардан бас тартуға;
Тармақша 7
7) қызықтырмайтын контенттің көрсетілуін шектеуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) орналастырылатын, таратылатын контенттің анықтығын тексеруге;
Тармақша 3
3) жалған ақпаратты орналастырмауға, таратпауға;
Тармақша 4
4) құқыққа қайшы контентті орналастырмауға, таратпауға;
Тармақша 5
5) жалған ақпарат, құқыққа қайшы контент орналастырылған, таратылған жағдайда оларды жоюға;
Тармақша 6
6) ерікті қайырмалдықтарды жинаған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Бап 17
17-бап. Инфлюенсерлердің (блогерлердің) құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Инфлюенсердің (блогердің) осы Заңның 16-бабында белгіленген құқықтары болады және міндеттерді атқарады.
Тармақ 2
2. Инфлюенсер (блогер) өзінің кәсіпкерлік қызметін Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 18
18-бап. Бейнеленетін адамды орналастыру және тарату
Тармақ 1
1. Пайдаланушыларға контентті орналастырған және таратқан кезде мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) егер осы адам ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда және өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
Тармақша 2
2) егер контентте адамның бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысына және (немесе) жария қызметіне байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде орналастырса, таратса;
Тармақша 3
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
Тармақ 2
2. Бейнеленетін адамды пайдалана отырып, контентті орналастыру, тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. ОНЛАЙН-ЖАРНАМАНЫ РЕТТЕУ
5-тарау. ОНЛАЙН-ЖАРНАМАНЫ РЕТТЕУ
Бап 19
19-бап. Онлайн-жарнамаға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Онлайн-жарнама сәйкестендірілетін болуға және таңбалануға тиіс.
Тармақ 2
2. Онлайн-жарнама уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен таңбаланады.
Тармақ 3
3. Онлайн-жарнаманы орналастыру және тарату «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 20
20-бап. Таргеттелген онлайн-жарнама
Тармақ 1
1. Онлайн-платформа пайдаланушыларды мәтіндік және (немесе) графикалық, және (немесе) өзге де белгілемелердің көмегімен таргеттелген онлайн-жарнаманы сәйкестендіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Таргеттелген онлайн-жарнама:
Тармақша 1
1) контент онлайн-жарнама болып табылатынын көрсететін мәтіндік және (немесе) графикалық, және (немесе) өзге де белгілемелерді қамтуға;
Тармақша 2
2) онлайн-жарнаманы орналастырған пайдаланушының аккаунтын белгілеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Пайдаланушының нәсілдік немесе ұлттық тиесілігі, саяси көзқарасы туралы деректер, жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін биометриялық немесе дербес деректері, денсаулық жағдайы туралы ақпарат негізіндегі профайлингке тыйым салынған.
Тармақ 4
4. Таргеттелген онлайн-жарнама онлайн-платформа кәмелетке толмаған пайдаланушы ретінде сәйкестендірген пайдаланушыларға қатысты қолданылмауға тиіс.
Бап 21
21-бап. Демеушілік контент
Тармақ 1
1. Демеушілік контентте демеушіні көрсететін мәтіндік және (немесе) графикалық, және (немесе) өзге де белгілемелер болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Демеушілік контент:
Тармақша 1
1) жеке немесе заңды тұлғалардың беделін түсірмеуге, олардың тауарларын, жұмыстарын, көрсететін қызметтерін кемсітпеуге;
Тармақша 2
2) үшінші тұлғалардың алдын ала келісімінсіз олардың пікірлерін және (немесе) аудиожазбасын, және (немесе) фото- және бейнекескіндерін қамтымауға тиіс.
Тармақ 3
3. Егер демеушілік контентте ұсынымдар, пікірлер және растайтын құжаттар болса, онда олар шынайы және тексеруге келетін болуға тиіс.
Бап 22
22-бап. Онлайн-жарнаманы сәйкестендіру және сақтау
Тармақ 1
1. Онлайн-платформалар пайдаланушыларды мәтіндік және (немесе) графикалық және (немесе), өзге де белгілемелердің көмегімен онлайн-жарнаманы сәйкестендірудің техникалық мүмкіндігімен қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Онлайн-платформаның онлайн-жарнама, оның ішінде таргеттелген онлайн-жарнама туралы ақпаратты қамтитын қауіпсіз сақтау орны болуға тиіс. Бұл ақпарат онлайн-жарнама соңғы рет орналастырылғаннан, таратылғаннан кейін бір жыл бойы сақталуға тиіс.
Сақтау орны өз араларында онлайн-жарнама таратылған немесе таратылуы мүмкін пайдаланушылардың дербес деректерін қамтымауға тиіс.
Тарау 6. 6-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА
САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
6-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА
САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бап 23
23-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама
саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 24
24-бап. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар
және онлайн-жарнама туралы заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері онлайн-платформаның қызметін Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 9-бабында белгіленген талаптарды сақтамай жүзеге асырған жағдайда, уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеуге құқылы.
Бап 25
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.