Құжат мәтініне өту

Об определении случаев ввоза на территорию Республики Казахстан лекарственных средств и медицинских изделий в качестве гуманитарной помощи, не прошедших государственную регистрацию в Республике Казахстан

Бұйрық · № 126 · қабылданған 11.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183832/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении случаев ввоза на территорию Республики Казахстан лекарственных средств и медицинских изделий в качестве гуманитарной помощи, не прошедших государственную регистрацию в Республике Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 126 ·11.07.2023
11.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении случаев ввоза на территорию Республики Казахстан лекарственных средств и медицинских изделий в качестве гуманитарной помощи, не прошедших государственную регистрацию в Республике Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 126 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении случаев ввоза на территорию Республики Казахстан лекарственных средств и медицинских изделий в качестве гуманитарной помощи, не прошедших государственную регистрацию в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
126
Қабылданған күні
11.07.2023
Көрсетілген редакция
11.07.2023 183832_644910.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033063
ЭКБ идентификаторы
183832
Редакция идентификаторы
183832_644910
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:56

0 Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 101-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше ахуалдарды болғызбауға және (немесе) олардың салдарын жою;

2 2) төтенше жағдай енгізу кезеңі;

3 3) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;

4 4) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы