Об утверждении Правил проведения правового мониторинга Қолданыста
Басқа 0
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeнің 14-тармағының 264) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Құқықтық мониторинг жүргізу ережелері
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 471 бұйрығымен
бекітілген
Құқықтық мониторинг жүргізу ережелері
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeнің 14-тармағының 264) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау мақсатында жүргізіледі.
Құқықтық мониторинг жалпы қолданыстағы нормативтік базаның тиімділігін бағалауға, сондай ақ нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын және терминологиялық бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 3
3. Құқықтық мониторингтің объектілері:
Тармақша 1
1) белгілі бір саладағы саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары үшін – заңнама салалары (кіші салалар), оның ішінде олар қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не өздерінің құзыретіне жататын белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын (бұдан әрі – заңнама салалары (кіші салалар)) қамтитын;
Тармақша 2
2) белгілі бір салада саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдар мен оның ведомстволары және жергілікті мемлекеттік басқару органдары үшін – олар қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Тармақ 4
4. Құқықтық мониторингке:
Тармақша 1
1) конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
Тармақша 5
5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары жатады.
Құқықтық мониторинг мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген тәртіппен күші жойылған нормативтік құқықтық актілерге;
Тармақша 2
2) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерге;
Тармақша 3
3) нормативтік құқықтық актілерді күшін жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, олардың қарауындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың ішкі ведомстволық қызметін реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын нормативтік құқықтық актілерге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына;
Тармақша 6
6) республикалық бюджетті бекіту, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, астана, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерге;
Тармақша 7
7) халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілерге;
Тармақша 8
8) амнистия туралы нормативтік құқықтық актілерге;
Тармақша 9
9) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге жүргізілмейді.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг мемлекеттік органның ішкі тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторингті олардың әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдар осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу Қағидаларында белгіленген тәртіппен тұруыақты негізде жүргізеді.
Тармақ 6
6. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдарда құқықтық мониторинг жөніндегі бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – заң қызметтері) жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Белгілі бір салада саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары осы Қағидалардың 2, 3 және 4-тарауларына сәйкес құқықтық мониторинг жүргізеді.
Тармақ 10
10. Белгілі бір салада саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары және жергілікті мемлекеттік органдар құқықтық мониторингті осы Қағидалардың 5 және 6-тарауларына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 11
11. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Құрылтайына жыл сайынғы жолдауларында, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілерде қамтылған ақпарат;
Тармақша 2
2) Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларында баяндалған құқықтық ұстанымдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қаулылары, оның ішінде оларда қамтылған құқықтық позициялар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
Тармақша 4
4) сот практикасын талдау, қорыту нәтижелері;
Тармақша 5
5) нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты прокурорлық қадағалау актілері;
Тармақша 6
6) мемлекеттік аудит нәтижелері (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындысы);
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын шолуы;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізген заңнаманың тиімділігін талдау нәтижелері;
Тармақша 9
9) азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау және қорытындылау нәтижелері;
Тармақша 10
10) құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректері;
Тармақша 11
11) нормативтік құқықтық актілерге ғылыми сараптамалардың қорытындылары;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы және ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы жыл сайынғы және арнайы баяндамалардың нәтижелері, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының шоғырландырылған баяндамалары;
Тармақша 14
14) мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша талдау нәтижелері, оның ішінде мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдерін зерделеу;
Тармақша 15
15) мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында процестерді жетілдіру мәселелері бойынша талдау нәтижелері;
Тармақша 16
16) реттеушілік әсерге талдау нәтижелері;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ сараптама кеңестерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңестердің сараптамалық қорытындылары;
Тармақша 19
19) қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар жүргізетін заңнама нормаларын қолдануға қоғамдық мониторинг қорытындылары (ұсынымдар);
Тармақша 20
20) нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг нәтижелері;
Тармақша 21
21) нормативтік құқықтық актілерді құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасында жүргізілетін республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулері, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүргізілген «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің платформасында жарияланатын зерттеулер;
Тармақша 23
23) заңнаманы жетілдіру жөніндегі талдамалық материалдарды;
Тармақша 24
24) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар;
Тармақша 25
25) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді телекоммуникация желілеріндегі, оның ішінде әлеуметтік желілердегі интернет-ресурстарда қамтылған ақпарат пайданылады.
Тарау 2
2-тарау. Белгілі бір салада саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту
Тармақ 12
12. Заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық мониторингін қамтамасыз ету мақсатында орталық мемлекеттік органдар жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға құқықтық мониторинг жүргізу кестесін (бұдан әрі – кесте) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді, онда:
Тармақша 1
1) заңнама саласының (кіші саласының) атауы;
Тармақша 2
2) заңнама саласын (кіші саласын) қамтитын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі;
Тармақша 3
3) құқықтық мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің, орталық мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 4
4) құқықтық мониторинг жүргізу мерзімі (тиісті жылдың есепті тоқсаны).
Бұл ретте заңнама саласын (кіші саласын) таңдауы әлеуметтік мәніне, құқық қолдану практикасындағы мәселелерге, экономикалық факторларға, нормативтік құқықтық актілердің тұрақсыздығына негізделуі тиіс.
Кестені мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін өзге де лауазымды тұлға құқықтық мониторинг жүргізетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін бекітеді және бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 13
13. Кестеде бекітілген заңнама салаларының (кіші салаларының) тізбесі мемлекеттік органның олардың ережелерімен бекітілген функциялары негізінде қалыптастырылады және тоқсанына заңнаманың бір жыл ішінде қайталауға болмайтын, кемінде бір саласына (кіші саласына) құқықтық мониторингін жүргізуді көздеуі тиіс.
Тармақ 14
14. Өткен жылы құқықтық мониторинг жүргізілген заңнама саласы (кіші саласы) кестеге енгізілмейді.
Тармақ 15
15. Бекітілген кесте осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік орган кестеге тиісті өзгерістер енгізеді.
Тарау 3
3-тарау. Белгілі бір салада саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингін жүргізу
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері кестеде белгіленген мерзімдерде заң қызметтеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты ұсынады.
Тармақ 17
17. Кешенді құқықтық мониторингті жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар нысаналы топтарды тартуға құқылы.
📌 Ескерту. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін нысаналы топ деп заңнаманың тиісті саласының (кіші саласының) нормативтік құқықтық актілері қолданылатын, қоғамдық кеңестердің, сараптамашылық кеңестердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың мүдделі тұлғалар тобы түсініледі.
Тармақ 18
18. Құқықтық мониторинг келесі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) заңнама саласын (кіші саласын) ретроспективті талдау;
Тармақша 2
2) заңнама саласы (кіші саласы) шеңберінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын стратегиялық мақсаттарды, оның ішінде нысаналы индикаторларды, міндеттемелердің орындалуын талдау;
Тармақша 3
3) заңнама саласының (кіші саласының) құқық қолдану практикасын талдау;
Тармақша 4
4) заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық реттеудегі тұрақтылығы дәрежесін талдау;
Тармақша 5
5) заңнама саласын (кіші саласын) заңды талдау.
Талдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Ретроспективті талдау деп қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге әсер еткен заңнама саласының (кіші саласының) нормаларына енгізілген тұжырымдамалық сипаттағы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды талдау түсініледі.
Ретроспективті талдаудың мақсаты - заңнама саласын (кіші саласын) реттейтін нормативтік құқықтық актілерді енгізу нәтижесінде туындаған құқықтық салдарларды, оларды енгізуге негіз болған күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында бағалау болып табылады.
Ретроспективтік талдау жүргізілетін кезең соңғы бес жылдан кем болмауға тиіс. Бұл ретте көрсетілген кезең заңнаманың тиісті саласының (кіші саласының) даму ерекшеліктеріне байланысты қысқартылуы мүмкін. Кезеңді қысқарту мемлекеттік орган тарапынан объективті себептер көрсетіле отырып негізделуге тиіс.
Тармақ 20
20. Заңнама саласы (кіші саласы) шеңберінде стратегиялық мақсаттарды, оның ішінде нысаналы индикаторларды және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талдау құқықтық реттеудің олардың жетістіктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар заңнама саласы (кіші саласы) шеңберінде тиісті құқықтық реттеуді енгізу арқылы іске асыруы қамтамасыз етіледі Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында және өзге де жоспарлау құжаттарында (бар болса) көзделген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізуді айқындайды, сондай-ақ заңнама саласын (кіші саласын) халықаралық шарттарың орындалу мәніне талдайды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және өзге де жоспарлау құжаттарының түрлері «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен айқындалады.
Тармақ 21
21. Стратегиялық мақсаттарды, оның ішінде нысаналы индикаторларды және заңнама саласының (кіші саласының) шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерді орындауын талдау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 22
22. Құқық қолдану тәжірибесін талдау құқықтық реттеу мақсаттарына қол жеткізуге кедергі келтіретін мәселелерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Өзекті мәселелер деп құқық қолдану тәжірибесі процесінде анықталған, нормаларды реттеу мен іс жүзінде қолдану сапасына әсер ететін құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар түсініледі.
Тармақ 23
23. Құқық қолдану практикасын талдау кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәліметтер пайдаланылады.
Тармақ 24
24. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары заңнама саласы (кіші саласы) шеңбер орталық мемлекеттік органның сұранысы бойынша құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерi бойынша ақпаратты ұсынады.
Егер орталық мемлекеттік орган өзгеше мерзім белгілемесе, жергілікті мемлекеттік басқару органдары сұрау салу түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ақпаратты ұсынады.
Тармақ 25
25. Құқық қолдану тәжірибесін талдау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 26
26. Тұрақтылық дәрежесін талдау заңнама саласына (кіші саласына) кіретін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды олардың жиілігін, сипатын және орындылығын айқындау арқылы бағалауды білдіреді.
Заңнама саласын (кіші саласын) құқықтық реттеудің тұрақтылық дәрежесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген формула негізінде айқындалады.
Тармақ 27
27. Заңнама саласын (кіші саласын) құқықтық реттеудің тұрақтылығы дәрежесін айқындау объектісі:
Тармақша 1
1) конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық болып табылады.
Тармақ 28
28. Заңнама саласын (кіші саласын) құқықтық реттеудің тұрақтылық дәрежесін анықтау объектісі болып табылмайды:
Тармақша 1
1) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
Тармақша 2
2) халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілер;
Тармақша 3
3) республикалық бюджетті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, астана, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы НҚА толық, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
Тармақша 4
4) амнистия туралы нормативтік құқықтық актілер;
Тармақша 5
5) заңда белгіленген тәртіппен күшін жойған нормативтік құқықтық актілер.
Тармақ 29
29. Құқықтық реттеудің тұрақтылық дәрежесін айқындау кезеңі құқықтық мониторинг жүргізу жылының алдындағы жыл болып табылады.
Тармақ 30
30. Заңнама саласын (кіші саласын) тұрақты құқықтық реттеу дәрежесі 5 баллдан аспайтын құқықтық реттеу деп түсініледі.
Заңнама саласының (кіші саласының) тұрақты құқықтық реттеу дәрежесі 5 ұпайдан асатын, бірақ 10 ұпайдан аспайтын құқықтық реттеу деп түсініледі.
Заңнама саласының (кіші саласының) тұрақсыз құқықтық реттеу дәрежесі 10 баллдан асатын құқықтық реттеу деп түсініледі.
Тармақ 31
31. Заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық талдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын және терминологиялық бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құқықтық мониторингтің мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін талдау қорытындылары, нормативтік реттеуді жетілдіру бойынша ұсынымдар, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою және берілген ұсынымдарды орындау бойынша шаралар қабылдаудың күтілетін мерзімдері қалыптасады.
Тарау 4
4-тарау. Белгілі бір саладағы саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық мониторингінің нәтижелері
Тармақ 33
33. Құқықтық мониторинг нәтижелерін заң қызметі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 34
34. Құқықтық мониторингтің сапасын бақылауды мемлекеттік орган аппаратының басшысы немесе заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін өзге де лауазымды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына құқықтық мониторингтің сапасыз жүргізілу фактілері туралы ақпарат беретін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Әділет министрлігі) жүзеге асырады.
📌 Ескерту. Құқықтық мониторингтің сапасыздығы деп үстірт немесе толық емес талдауына байланысты құқықтық мониторингтің мақсаттары ашылмаған есеп түсініледі.
Тармақ 35
35. Тоқсан сайын жүргізілетін құқықтық мониторинг нәтижелерін орталық мемлекеттік органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде нысаналы топтардың ескертулерімен және (немесе) ұсынымдарымен бірге (бар болса) Әділет министрлігіне қазақ және орыс тілдерінде жібереді.
Тармақ 36
36. Орталық мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг нәтижелерін Әділет министрлігіне жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Тарау 5
5-тарау. Белгілі бір салада саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі
Тармақ 37
37. Саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәліметтер пайдаланылады.
Тармақ 38
38. Орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болған не олардың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге, олардағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылып жатқан, ескірген және сыбайлас жемқорлыққа бейім құқықтық нормаларды анықтау мақсатында құқықтық талдау жүргізеді.
Тармақ 39
39. Құрылымдық бөлімшелер есепті жылдың соңына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты заң қызметтеріне ұсынады.
Тармақ 40
40. Заң қызметтері, құрылымдық бөлімшелер жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Әділет министрлігіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп жібереді.
Тарау 6
6-тарау. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарын құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі
Тармақ 41
41. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары құқықтық мониторингті тұрақты негізде жүргізеді.
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәліметтер пайдаланылады.
Тармақ 42
42. Жергілікті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері есепті жылдың соңына дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты заң қызметіне ұсынады.
Тармақ 43
43. Жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары жыл қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін Әділет министрлігіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептер жібереді.
Тармақ 44
Тарау 7
7-тарау. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат.
Тармақ 45
45. Әділет министрлігі осы Қағидалардың 35, 40 және 44-тармақтарына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытындылайды, және қорытынды ақпаратты жыл сайын 15 ақпанға дейін өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай құқықтық ақпараттық жүйеде орналастырады.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі кезеңінде мемлекеттік органдар ұсынған ақпараттың дұрыстығын тексеру мақсатында әділет органдары құқықтық мониторинг нәтижелеріне қосымша зерделеу жүргізеді.
Тармақ 46
46. Әдiлет министрлiгi жариялайтын жыл сайынғы есеп мемлекеттiк органдар ұсынатын ақпаратты қорытындылаудан басқа, мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын құқықтық мониторинг сапасын арттыру жөнiндегi шараларды қабылдау жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды.
Тарау 8
8-тарау. Құқықтық мониторингке қатысты өзге де мәселелер.
Тармақ 47
47. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары Әділет министрлігіне кадр және шаруашылық мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді қоспағанда, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылдаған актілердің тізбесін жылына екі рет бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындылары бойынша жібереді.
Әділет министрлігі оларды мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу үшін тиісті актілерді сұратады.
Тармақ 48
48. Олар әзірлеуші болып табылмайтын мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормалар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған не оны әзірлеуші болып табылатын, не оның құзыретіне жататын мемлекеттік органға анықталған фактілер туралы хабардар етеді.
Тармақ 49
49. Жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қабылданған шаралар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша – Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу, тиісті заң жобаларын Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу, заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Құрылтайына енгізу не басқа заң жобаларына түзетулер енгізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша – Үкімет қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізу;
Тармақша 3
3) орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша – нормативтік құқықтық актіні әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге енгізу;
Тармақша 4
4) Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілер бойынша – оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жою болып табылады.
Тармақ 50
50. Әдiлет министрлігіне мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жылына кемiнде бiр рет анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Әдiлет министрлiгi жанындағы мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiн үйлестiру кеңесiнде құқықтық мониторинг нәтижелерiн қарайды.
Тармақ 51
51. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша заңнама саласын (кіші саласын) жетілдіру бойынша ұсынымдардың негізсіз болмауы Әділет министрлігі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын әзірлеген кезде мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қабылдамауға негіз бола алады.
Тарау 9
9-тарау. Баламалы құқықтық мониторинг.
Тармақ 52
52. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы» № 149 қаулысымен айқындалған уәкілетті ұйым заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізеді.
Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін пайдаланады.
Заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік орган заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тиісті нәтижелермен келіспеу негіздемелерімен жазбаша дәлелді және негізделген себептерімен уәкілетті ұйымға жібереді.
Тармақ 53
53. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін өзге де мүдделі топтар жүргізуі мүмкін.
Тармақ 54
54. Қоғамдық мониторинг нәтижелері Әділет министрлігіне және тиісті қоғамдық қатынастар салаларында басшылық ететін өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілуі мүмкін.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері тиісті мемлекеттік органның міндетті түрде қарауына жатады, ол отыз жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беруге міндетті.
Тармақ 55
55. Қоғамдық мониторинг нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде пайдаланады.
Басқа 1
Құқықтық мониторинг
жүргізу Қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
20___ жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі
р/с №
Заңнама саласының
(кіші саласының) атауы
Заңнама саласы
(кіші саласы) қамтитын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Мемлекеттік органның жауапты құрылымдық бөлімшесі
Құқықтық мониторинг жүргізу мерзімі
(тоқсан сайын)
________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін
лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
«___» ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Басқа 2
Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Құқықтық мониторинг жүргізу туралы есеп
__________________________________________________
(заңнама саласының (кіші саласының) атауы)
Құқықтық мониторинг нәтижелері заңнаманың секторын (кіші секторын) талдау нәтижелері бойынша құрылымдық және жинақталған ақпаратты қамтитын талдамалық есеп нысанында ұсынылады.
I. Кіріспе.
Заңнама саласының (кіші саласының) атауы:
Заңнама саласын (кіші саласын) реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
Нысаналы топ:
Саласының (кіші саласының) сипаттамасы, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі мақсаттары мен міндеттері, реттеу объектісі мен субъектісі:
II. Заңнама саласын (кіші саласын) ретроспективті талдауы.
Бұл бөлімде тиісті салада (кіші салада) мемлекет құрған саясат, қабылданған шешімдер, іске асырылған новеллалар, заңнаманың тиісті саласының (кіші саласының) эволюциялық дамуын бағалау үшін енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсету қажет.
Ретроспективті талдау тиісті саласын (кіші саласын) реттейтін заңдар немесе бөлімдер, тараулар және басқа да заңдар бойынша, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілген заңдар (немесе олардың бөліктері) бойынша жүргізіледі.
Талдамалық анықтама:: ____________________
№
р/с
Талданатын заңнама саласының (кіші саласының) уақытша кезеңі
Заңның атауы
Тұжырымдамалық сипаттағы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды сипаттау (заңның құрылымдық элементтерін көрсете отырып)
Түзету негіздері және бастапқыда айтылған мақсаттар
Нақты салдары
Қорытынды:_________________________________
III. Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды талдауы.
Талдамалық анықтама: _________________
№
р/с
Мемлекеттік жоспарлау Жүйесі құжатының немесе өзге де жоспарлау құжатының атауы
Мақсаты
(мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатына немесе өзге жоспарлау құжатына сәйкес қол жеткізу қажет нәтиже)
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің не іске асыру үшін қабылданған немесе әзірленетін мақсаттың атауы (нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, нормативтік құқықтық актінің жобасын көрсете отырып)
Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған не ықпал ететін нормалардың мазмұны туралы мәліметтер (құқықтық құралдар)
Мақсаттарға қол жеткізу құқығының нормаларын бағалау (нормативтік реттеу оларға қаншалықты қол жеткізуге мүмкіндік береді).
* Қажетті құқық нормалары/құқықтық құралдар болмаған жағдайда тиісті ұсыныстар әзірленеді
Қорытынды:_________________________________
IV. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талдауы.
Талдамалық анықтама: _________________
№
р/с
Халықаралық шарттың атауы
Қазақстан Республикасының Міндеттемесі (халықаралық шарттың құрылымдық элементін көрсете отырып)
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің не орындалуы үшін қабылданған немесе әзірленетін міндеттеменің атауы (нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, нормативтік құқықтық актінің жобасын көрсете отырып)
Міндеттемелерді орындауға бағытталған не ықпал ететін нормалардың мазмұны туралы мәліметтер (құқықтық құралдар)
* Қажетті құқық нормалары/құқықтық құралдар болмаған жағдайда тиісті ұсыныстар әзірленеді
Қорытынды:_________________________________
V. Құқық қолдану практикасын талдауы.
Талдамалық анықтама: _______________
Бұл бөлімшеде құқықтық мониторинг субъектісі құқық қолдану және сот тәжірибесінің жай-күйі туралы ақпаратты беруге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне, прокурорлық қадағалау актілеріне, ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарына мониторинг жүргізуге міндетті. кестені толтыру арқылы ұсынылған ақпаратты бір мезгілде растаумен, семинарлар және бір мезгілде растаумен басқа ақпарат көздері.
№
р/с
Нормативтік құқықтық актінің атауы
Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі
Проблемалық сұрақтардың сипаттамасы
Ақпарат көздері
Қабылданған немесе қабылданған шаралар
Қорытынды:_________________________________
VI. Заңнама саласының (кіші саласының) тұрақтылығы.
Талдамалық анықтама: __________________
№
р/с
Нормативтік құқықтық актінің атауы
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актінің атауы
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі
Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негіздемесі
Конституциялық Заңдар, Кодекстер, заңдар
1.
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары
3.
4.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары
5.
6.
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілер
7.
8.
Саланың тұрақтылық дәрежесі:
📌 Ескерту. Ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдары өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдары ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары түсініледі.
Заңнама саласының (кіші саланың) тұрақтылық индексі заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық актілер түрлерінің тұрақтылығын мынадай формула бойынша қосу жолымен айқындалады:
Sжалпы.= SZ+SU+SPP+SV,
онда:
Sжалпы. – заңнама саласының (кіші саланың) тұрақтылық индексі;
SZ – конституциялық заңдардың, кодекстердің, заңнама саласын (кіші саны) реттейтін заңдардың тұрақтылық индексі;
SU – Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының тұрақтылық индексі;
SPP – Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық қаулыларының тұрақтылық индексі;
SV – заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің тұрақтылық индексі.
Конституциялық заңдардың, кодекстердің, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдардың тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Sz = 5*Az/Bz
онда:
Az – конституциялық заңдарға, кодекстерге, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген конституциялық заңдардың, заңдардың саны;
Bz – конституциялық заңдардың, кодекстердің, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдардың жалпы саны;
5 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Su= 0.5*AU /BU
онда:
Au – заңнаманың саланы (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының саны;
Bu – Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының жалпы саны;
0,5 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Spp= 1.5*App/BPP
онда:
App – заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының саны;
Bpp – Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық қаулыларының жалпы саны;
1,5 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Sv= 3*Av/Bv
онда:
AV – заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің саны;
BV – заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің жалпы саны;
3 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Қорытынды: _________________________________
VII. Құқықтық талдауы
Талдамалық анықтама: _________________
№
р/с
Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің түрі, қабылданған күні, нөмірі және атауы
Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі (бөлігі, абзацы, тармақшасы, тармағы, бабы)
Анықталған кемшіліктің сипаттамасы
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданатын немесе қабылданған шаралар (оның ішінде нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы)
1
2
3
4
5
Қарама-қайшы нормалар
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейтін нормалар
2.
Ескірген нормалар
3.
Сыбайлас жемқорлық нормалары
4.
Қайталанатын нормалар
5.
Құқық нормаларының олқылықтары
6.
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы
7.
Мәтіннің түпнұсқалығы мен терминалогиялық біркелкілігінің болмауы
8.
Басқаша (болған жағдайда)
9.
Барлығы: (анықталған құқық кемшіліктерінің саны)
Қорытынды:_________________________________
VIII. Қорытынды тұжырымдамалар мен ұсыныстар.
Бұл бөлімде нормативтік реттеуді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдармен, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою және әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдаудың болжамды мерзімдерін көрсете отырып, саланы құқықтық реттеудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін өзге бөлімдерде ұсынылған ақпаратқа негізделген жүргізілген талдау қорытындылары көрсетіледі.
Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды қорытынды мен ұсыныстар мониторингтің әрбір кезеңдерінде жасалған барлық аралық қорытындылардың қорытындыларын қамтиды.
IX. Құқық нормаларының анықталған кемшіліктерін жоюға бағытталған шаралар бойынша ақпарат.
№
р/с
Актінің атауы
Әзірленген ұсыныс
Іске асыру мерзімі
1.
_______________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік
ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
«___» ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Басқа 3
Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
«_____________________________________________»
(мемлекеттік органның атауы)
Жүргізілген нормативтік құқықтық актілермен
құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша есеп
р/с
№
Нормадағы кемшіліктердің түрі
Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі
Нормативтік құқықтық акт сәйкес келмейтін актінің атауы, түрі, бабы, тармағы, бөлігі, абзацы, қабылданған күні, нөмірі/талдамалық анықтамасының жасалған күні
Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қолданылатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы)
1
2
3
4
5
Қайшы келетін нормалар
1.
Ескірген нормалар
2.
Сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормалар
3.
Қайталанатын нормалар
4.
Құқық нормаларының олқылықтары
5.
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы
6.
Өзге (болған жағдайда)
7.
Жиыны (болған жағдайда)
8.
Барлығы: (анықталған құқық кемшіліктерінің саны)
________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне
жетекшілік ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
«___» ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Басқа 4
Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Жергілікті мемлекеттік басқару органдар жүргізген құқықтық мониторинг нәтижелері
_______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Бөлім i
I БӨЛІМ
Тармақ 1
1. Нормативтік құқықтық актінің атауы
Тармақ 2
2. Тиімсіз іске асырылатын нормалар
р/с
№
Нақты тиімсіз іске асырылатын нормалар
Практикада туындайтын проблемалар
Ұсынылатын шешу жолдары
Бөлім ii
II БӨЛІМ
р/с
№
Нормадағы кемшіліктердің түрі
Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі
Нормативтік құқықтық акт сәйкес келмейтін актінің атауы, түрі, бабы, тармағы, бөлігі, абзацы, қабылданған күні, нөмірі/талдамалық анықтамасының жасалған күні
Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қолданылатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы)
1
2
3
4
5
Қайшы келетін нормалар
1.
Ескірген нормалар
2.
Сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормалар
3.
Қайталанатын нормалар
4.
Құқық нормаларының олқылықтары
5.
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы
6.
Өзге (болған жағдайда)
7.
Жиыны (болған жағдайда)
8.
Барлығы: (анықталған құқық кемшіліктерінің саны)
________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне
жетекшілік ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
«___» ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Басқа 5
Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қабылдаған актілерінің тізбесі
_____________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
р/с
№
актінің қабылданған күні (күні, айы, жылы)
актінің нөмірі
актінің толық атауы (негізгі актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, негізгі актінің толық атауы)
мемлекеттік тіркеуге жіберілмеген
кестенің жалғасы
мемлекеттік тіркеуге жіберілген (ілеспе хаттың күні және нөмірі)
тіркелген (мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі)
мемлекеттік тіркеуден бас тартылған (әділет органдары хатының күні және нөмірі)
мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаннан кейінгі қолданылған шаралар (күшін жою туралы актінің нөмірі және күні)
мемлекеттік тіркеудің күшін жою (сот шешімінің күні мен нөмірі)
________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне
жетекшілік ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
«___» ___________ 20__ жылғы _____________ қолы