О некоторых мерах по активизации организованных рынков ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногын жандандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногын жандандыру мақсатында және Қазақстан қор биржасы мүшелерінің 1998 жылғы 13 шілдеде өткен жалпы жиналысында "Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу нысаны жөніндегі қағидалардың" қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияны иеленген ұйымдар (бұдан әрі "Брокерлік ұйымдар" деп аталады) өз араларында мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тек қана бағалы қағаздармен саудаластықтарды ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында (сауда жүйелерінде) жасасуға міндеттелсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының 1-тармағының күші Брокерлік ұйымдардың өз атынан және өз есебінен жасалған мәмілелерге де және олардың үшінші тұлғалардың (клиенттердің) тапсырмасы бойынша және есебінен жасаған мәмілелерге де қолданылатындығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ын, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының қауымдастығын және осындай қауымдастықтың мүшелері болып табылмайтын Брокерлік ұйымдарды осы Қаулы туралы жазбаша ескертсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.