Об утверждении Правил "О порядке учетной регистрации средств массовой информации" Күшін жойған
Басқа 0
"Бұқаралық ақпарат құралдарын есепті тіркеуге алудың тәртібі туралы" Ережелерді бекіту туралы
"Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңды, республика аумағында басылатын, әуе толқынына шығатын, оның ішінде шетел аудиториясына лайықталған, бұқаралық ақпарат құралдарын есептік тіркеуге алудың және қайта тіркеудің тәртібін реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қазанындағы N 1474 қаулысымен бекітілген ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы Ережені жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосып беріліп отырған "Бұқаралық ақпарат құралдарын есепті тіркеуге алудың тәртібі туралы" ұсынылып отырған Ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұқаралық ақпарат құралдары Департаменті (Гурский А.С.)
белгіленген заң тәртібімен осы Ережелері Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепті
тіркеудің тәртібі туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
3. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау БАҚ Департаментінің
директоры А.С. Гурскийге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
келісім министрінің
1998 жылғы 5 қазандағы N 175
бұйрығымен бекітілді
Бұқаралық ақпарат құралдарын есепті
тіркеудің тәртібі туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының аумағында басылатын, әуе
толқынына шығатын, сондай-ақ шетел аудиториясына лайықталған, бұқаралық
ақпарат құралдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін реттейді.
Ережелер "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы"
(28.06.1991 жыл, N 735) Заңның талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы (Үкіметтің 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474 қаулысы) Ережесінің негізінде жасалды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі БАҚ) тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының аумағында басылатын, әуе толқынына шығатын, сондай-ақ шетел аудиториясына лайықталған, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу мен талдау мақсатында жеке немесе заңды тұлға қызметі түрлерінің бірі ретінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Есептік тіркеуге алуды (қайта тіркеуді) баспасөз және бұқаралық ақпарат саласындағы саясатты жүргізуші мемлекеттік басқару органы болып саналатын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (бұдан әрі "Министрлік") жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлік БАҚ-ты есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің, сондай-ақ күші жойылған немесе қайтарып алынған куәліктердің бірегей тізілімін жүргізеді.
Тармақ 4
4. БАҚ-ты есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке тек қана Ақпарат және қоғамдық келісім министрі немесе министрліктің БАҚ Департаментінің директоры қол қояды.
5. БАҚ-ты есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік қазақ және орыс
тілдерінде беріледі.
Тарау 2. 2. Есептік тіркеу нысандары
2. Есептік тіркеу нысандары
6. Есептік тіркеуге мынадай БАҚ жатады:
1) жалпы таралымы 100 данадан асатын баспа басылымдары (газет,
журнал, бюллетень) және олардың қосымшалары;
Тармақша 2
2) электронды (телерадиокомпания, телекомпания, радиокомпания, радиостудия, эфирлік-кабельдік және кабельдік теледидар);
Тармақша 3
3) ақпараттық агенттіктер, өйткені оларға бірден бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялық, баспалық, таратушылық мәртебесі және құқықтық тәртібі беріледі;
Тармақша 4
4) компьютер көмегімен немесе олардың банктері мен базаларында сақталған деректерді баспасөз хабарламалары, материалдары, бейнелеу түрінде таратуға арналған баспа басылымдары.
Тармақ 7
7. Есепті тіркеудің қажеттігі жоқ:
Тармақша 1
1) өздерінің тек қана ресми хабарламалары мен материалдарын, нормативтік және басқа да актілерін шығару үшін заң, атқарушы және сот билігі органдары құрылтайшы болған бұқаралық ақпарат құралдарын;
Тармақша 2
2) таралымы жүз данадан кем болатын мерзімді баспасөз басылымдарын;
Тармақша 3
3) тұйықталған үйде яки бір мемлекеттік (мемлекеттік емес) мекеменің аумағында, оқу орны немесе өнеркәсіп кәсіпорнында кабельдік жүйе бойынша таратылатын телерадио бағдарламаларын.
Тармақ iii
Тарау 3. 3. Куәлікті беру тәртібі
3. Куәлікті беру тәртібі
Тармақ 8
8. Есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік осы Ережелерде көрсетілген талаптар мен шарттарды орындай отырып, белгілі бір аумақтық шекарада бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылымын іске асыру құқығын растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 9
9. Есептік тіркеуден өткен бұқаралық ақпарат құралы Министрлікте қайталанып есепке қойылмайды. Егер есептік тіркеудің қайталанғаны анықталса, онда мерзімі бойынша бірінші өткізілген тіркеу заңды болып табылады.
Тармақ 10
10. Бұқаралық ақпарат құралы құрылтайшыға тіркеу туралы куәлік берілген күннен бастап есептік тіркеуден өтті деп есептеледі.
Тармақ 11
11. Есептік тіркеу туралы куәлік шектелмеген мерзімге беріледі.
Тармақ 12
12. Құрылтайшының бұқаралық ақпарат құралын шығаруға кірісу құқығы тіркеу туралы куәлік берілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Бұл мерзімді өткізіп алған жағдайда БАҚ-ты есептік тіркеу туралы куәлік
жарамсыз деп танылады.
Тармақ 13
13. Есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік соттың азаматтық сот
жүргізу ретімен немесе Министрлік тарапынан мына жағдайлар жарамсыз деп
танылады:
Тармақша 1
1) егер куәлік алдау жолымен алынған болса;
Тармақша 2
2) егер бұқаралық ақпарат құралы бір жылдан астам уақыт бойы
шығарылмаса немесе эфирге таратылмаса;
Тармақша 3
3) егер бір бұқаралық ақпарат құралы тіркеуден екінші рет өткізілген
болса.
Тармақ 14
14. Есептік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік жоғалған
жағдайда (жоғалғанда, жойылғанда т.б.) Министрлік "Көшірмесі" деген
белгісі бар жаңа куәлік береді.
Тарау 4. 4. БАҚ-ты есептік тіркеуге алу
(қайта тіркеу) тәртібі
4. БАҚ-ты есептік тіркеуге алу
(қайта тіркеу) тәртібі
Тармақ 15
15. Есептік тіркеуді өткізу үшін БАҚ-тың құрылтайшысы (жеке немесе заңды тұлға) Министрлікке мынадай құжаттар тапсырады:
Тармақша 1
1) "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 9
бабына сәйкес Министрлік бекіткен үлгі бойынша арыз;
Тармақша 2
2) БАҚ-тың құрылтайшысын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды
тұлға үшін), кәсіпкерлік қызметке патенттің (жеке тұлға үшін), Жарғының
(Ережелердің) нотариалдық куәландырған көшірмелері;
Тармақша 3
3) электронды БАҚ үшін оның қызметін одан әрі негіздеген түсінік
жазбасы;
Тармақ 16
16. Арыз және оған қосымша құжаттар Министрліктің кеңсесінде
тіркеледі.
Тармақ 17
17. Арыз бен оған қосымша құжаттарды Министрлік түскен күнінен бастап
15 күн ішінде қарайды. Ұсынылған арыздар мен оған қосымша құжаттарды
пысықтап, зерттеу қажет болса, есептік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі
ұзартылуы мүмкін, алайда бұл бір айдан аспайтын болуы тиіс.
Тармақ 18
18. Бұқаралық ақпарат құралдарын қайта тіркеу:
Тармақша 1
1) құрылтайшы;
Тармақша 2
2) құрылтайшының ұйымдық-құқықтық үлгісі;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралының атауы;
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралының түрі;
Тармақша 5
5) тарату аумағы;
Тармақша 6
6) бағдарламалық мақсаттары мен міндеттері;
Тармақша 7
7) тілі өзгерген жағдайда жүргізіледі.
19. Бұқаралық ақпарат құралын қайта тіркеу есептік тіркеу тәртібіне
сәйкес жүргізіледі. Егер қызметі құрылтайшының немесе соттың шешімімен
тоқтатылған болса, БАҚ-ты қайта тіркеуге жол берілмейді.
20. Редакцияның немесе БАҚ құрылтайшысының орналасқан жері, шығару
мерзімділігі, көлемі, таралымы өзгерген жағдайда бұқаралық ақпарат құралы
қайта тіркелуге жатпайды.
Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралының құрылтайшысы бір ай
ішінде жоғарыда аталған өзгерістер туралы Министрлікке хабарлауы тиіс.
Тарау 5. 5. БАҚ-ты есептік тіркеуден
(қайта тіркеуден) бас тарту
5. БАҚ-ты есептік тіркеуден
(қайта тіркеуден) бас тарту
21. Министрлік бұқаралық ақпарат құралын есептік тіркеуден мына
негіздер бойынша бас тартуға құқылы:
Тармақша 1
1) егер өтініш "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) егер бағдарламалық мақсаттары мен міндеттері "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 2-бөлімінің 5-бабындағы ережелерге қарама-қайшы келсе;
Тармақша 3
3) егер құрылтайшы болуға тілек білдірген адам (немесе құрылтайшылардың бірі) қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған болса;
Тармақша 4
4) егер Министрлік осындай атаумен және сол аудиторияға лайықталған бұқаралық ақпарат құралына бұдан бұрын куәлік берген болса;
Тармақша 5
5) егер есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін өтініш сол құрылтайшының бұқаралық ақпарат құралының қызметін тоқтату туралы шешімнің заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл мерзім біткенше берілген болса.
Тармақ 22
22. Министрлік есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішті берушіге қайтарып береді, егер құрылтайшының атынан өтінішті бұған өкілеттігі жоқ адам берген болса.
Тармақ 23
23. Есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту туралы хабарлама осы бөлімнің 1-тармағында көзделген бас тарту негізін келтіре отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде жіберіледі.
Тарау 6. 6. Тіркеу туралы шешімнің күшін жою
6. Тіркеу туралы шешімнің күшін жою
Тармақ 24
24. Бұқаралық ақпарат құралын есепті тіркеу туралы шешімнің күшін Министрлік "Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 14-1 бабына сәйкес мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) егер бұқаралық ақпарат құралын тіркеу туралы шешім қолданыстағы заңдылықты бұза отырып, шығарылса;
Тармақша 2
2) баспасөз туралы Заңның 1-бөлімнің 5-бабындағы, сондай-ақ 18, 19, 26 және 26-1 баптарындағы талаптар бұзылғанда;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралы өзінің тіркеу туралы өтінішіндегі бағдарламалық мақсаты мен міндеттерін бірнеше рет бұзғанда жоя алады.
Тарау 7. 7. Дауларды шешу
7. Дауларды шешу
Тармақ 25
25. Егер Министрлік IV бөлімнің 3-тармағында белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізбесе немесе өтініш берушіге негізсіз бас тартатынын білдірсе, өтініш беруші
белгіленген тәртіп бойынша Министрліктің бұл қадамын сот ретімен шеше
алады.
Тармақ 26
26. Министрлік БАҚ құрылтайшысының іс-қимылын осы Ережелердің
3-бөлімінің 3-тармағында қамтылған себептер бойынша даулауға құқылы.
Тармақ 27
27. Бұқаралық ақпарат құралын тіркеуден (қайта тіркеуден) негізсіз
бас тартқаны, өтініштерді қараудың мерзімін бұзғаны, есептік тіркеу туралы
куәліктің күшін негізсіз тоқтатқаны үшін Министрлік Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заң тәртібімен жауапкершілікке тартылады.