Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в Бескарагайском районе области Абай Күшін жойған
Басқа 0
Абай облысының Бесқарағай ауданында
жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48- бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына,
Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 14 шіледегі № 8 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Бесқарағай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.