Об упразднении Тунгушского сельского округа Бурлинского района Күшін жойған
Басқа 0
Бөрлі ауданындағы Тұнғыш селолық округін тарату туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес және Бөрлі аудандық мәслихаты мен Бөрлі ауданы әкімиятының "Тұңғыш селолық округін тарату туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы № 31-2 біріккен шешімі негізінде облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімияты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тұңғыш ауылы тұрғындарының Қарашығанақ мұнай-газ кен орынның санитарлық-қорғаныс аймағынан тыс жерге көшулеріне байланысты Бөрлі ауданының Тұңғыш селолық округі таратылсын.
Округтің аумағы бекітілген жерлері мен қоса Бестау селосы және
"Тұңғыш" ЖШС-нің, "Достық" ЖШС-нің жерлері Қызылтал селолық округінің қарамағына берілсін.