Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10–1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 2-10-3/166 ұсынысы негізінде, Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тапсырылған Вирусологиялық құтыруға: ми сынамасының ИФА, ДПР, Биосынаманың бактериологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетуіне байланысты және «Қобда аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының 05.07.2023 жылғы эпизоотологиялық зерттеу актісіне сәйкес, Қобда ауданы, Жарық ауылдық округі Жаманкөл ауылының «Ер-Темір» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.