О предоставлении бесплатного проезда на городском общественном транспорте отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну туралы
________________________________________
" Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-б "Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы" бұйрығын орындау барысында, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешімін ескеріп, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Азаматтардың мынадай санаттарына қалалық қоғамдық көліктердің, меншіктің барлық түрлерінде, тегін жол жүру құқығы берілсін:
Тармақша 1
1) жасы келген және Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оған теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 3
3) I, II топтағы мүгедектер мен жасы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Тармақша 4
4) күш құрылымдарының (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақы алушыларға;
Тармақша 5
5) кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балаларымен бірге тұратын кәмелетке толмаған (анасы жоқ болған жағдайда, әкесіне немесе оған теңестірілген тұлғаға) көп балалы аналарға (соның ішінде балалары кәмелетке толғаннан кейін, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитындарға - олардың оқу орындарын бітіргендеріне дейін);
Тармақша 6
6) үйді-үйіне әлеуметтік көмек бөлетін әлеуметтік қызметкерге.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну тәртібі туралы Қағида бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" және "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемелері "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша әлеуметтiк көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Астана қаласының Қаржы департаменті қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүрудің жолақылық билеттерін дайындауды және "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесіне одан әрі беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қалалық филиалына осы қаулының 1-тармағының 1)-5)-тармақшасында, "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтардың тізімін дайындасын және жеңілдікпен жол жүру жолақылық билеттерін беру үшін "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесіне ұсынсын.
Тармақ 7
7. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 3-1-86қ "2003 жылға арналған қалалық қоғамдық көліктерде азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдікпен жол жүру жеңілдігін ұсыну туралы" қаулысының (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 239 болып тіркелген; 2003 жылғы 25 қаңтардағы N 11-12 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 10 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 8. Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруді ұсыну тәртібі туралы ҚАҒИДА
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 22 қаңтардағы
N 3-1-157қ қаулысымен
бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруді ұсыну тәртібі туралы ҚАҒИДА
Осы Қағида " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, "Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-б бұйрығын орындау барысында, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешімін ескеріп әзірленді және азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну тәртібін реттейді.
Қалалық қоғамдық көліктерде азаматтардың жекелеген санаттарына тегін жол жүру жеңілдігін ұсыну халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны болып табылады.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде азаматтардың мына санаттарына:
Тармақша 1
1) жасы келген және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оған теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 3
3) І, ІІ топтағы мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Тармақша 4
4) күш құрылымдарынан (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақы алушыларға;
Тармақша 5
5) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларымен бірге тұратын (анасы жоқ болған жағдайда, әкесіне немесе оның орнындағы тұлғаға) көп балалы аналарға (соның ішінде олардың балалары кәмелетке толғаннан кейін, жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитындарға - олардың оқу орындарын бітіргенге дейін);
Тармақша 6
6) үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің әлеуметтік қызметкерлерге тегін жол жүру құқығы беріледі.
Тармақ 2
2. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімші) болып табылады.
Тармақ 3
3. Әкімші мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін тасымалдау жөніндегі жеткізушілерді белгілейді, олармен міндеттемелерді орындау талаптары мен тараптардың міндеттері ескертілген шарттар жасасады.
Тармақ 4
4. Бағдарламаны іске асыру мақсатында "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін тасымалдау жөніндегі жеткізушілердің орындалған жұмыстарының есебін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Әкімші Департамент анықтылығын растаған қызметтер жеткізушілерінің орындалған жұмыстардың актілері негізінде нақты берілген жеңілдікті жол жүру билеттерінің санына қарамастан тиісті қаржы жылына көзделген қаражат көлемінде азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көлікте тегін тасымалдау қызметтерінің төлемін жүргізеді.
Тармақ 2. 2. Қаржыландыру көзі
2. Қаржыландыру көзі
Тармақ 6
6. Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін жол жүруін және жеңілдікпен жол жүру билеттерін дайындаудың қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
Тармақ 3. 3. Тегін жол жүруді ұсынудың тәртібі
3. Тегін жол жүруді ұсынудың тәртібі
Тармақ 7
7. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі белгіленген үлгідегі жеңілдікпен жол жүру билеті және тегін жол жүру құқығын пайдалануды растайтын куәліктің түпнұсқасы негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Жеңілдікпен жол жүрудің билеттерін беруді Әкімші "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қалалық филиалы (бұдан әрі - ЗТМО) және "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері ұсынған тізімдерге сәйкес жеке басының куәлігі мен тегін жол жүруді пайдалану құқығын растайтын куәлігін көрсеткен жағдайда алушылардың өзіне немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бар басқа тұлғаларға зейнетақы, жәрдемақы алатын орындарда жүргізеді.
Тармақ 9
9. Әкімші азаматтардың өтініштері бойынша жарамсыз болған жеңілдікпен жол жүру билеттерін ауыстырады.
Жеңілдікпен жол жүру билеттерін қайта беру ұрланғаны жөнінде құжаттамамен расталған жағдайда (іздеу салу үстелінің анықтамасы, газеттегі хабарландыру) жылына бір рет жүргізіледі.
Тармақ 10
10. ЗТМО мен "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері жеңілдікпен жол жүру билеттерін алушылардың ұсынған тізімдерінің растығын бақылауды жүзеге асырады.
ЗТМО осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына жататын қайта тағайындалғандардың және көшіп келгендердің тізімін ай сайын Әкімшіге ұсынады.
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы